400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жалқы есім және жалпы есім 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі тиер деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Бөлімше: Ұлттық кейіпкерлерді сипаттаймын.

Мектеп-лицей: №153Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі

Мұғалімі: Калдыбекова Айжан


Сынып: 2 «Ә»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жалқы есім және жалпы есім.

Оқыту

мақсаттары

2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі.., пайдалы/пайдасыз болды, себебі...,т.б) білдіру.

2.4.2.4 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырыптар бойынша әңгіме құрау.

2.4.2.4 зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емілесін сақтау.

Сабақтың

мақсаттары


1.Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі.., пайдалы/пайдасыз болды, себебі...,т.б) айтады. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап, жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.

2.Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрап, жалқы және жалпы есім ерекшеліктерін айтады.

3.Жалқы және жалпы есімдерді пайдаланып, өз бетімен берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Терминология: ұлттық кейіпкерлер Тазша бала, Алдаркөсе, Қожанасыр, жалқы есім және жалпы есім.

Диалогқа арналған сұрақтар:

Жалқы есімдер қандай әріптермен жазылады?

Жалпы есімдер қандай әріптермен жазылады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық (топтық жұмыс кезінде)

Азаматтық жауапкершілік (ҚБ тапсырмасы)

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу (кейіпкерлер әлемі әдісі)

Музыка (видео, сергіту сәті)

Бастапқы білім

Адам, жер-су аттарының бас әріппен жазылатынын біледі.

Жоспар

Жоспарлан-

ған

уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут



















3 минут







2мин

Психологиялық тренинг«Ертеңгілік шеңбер»

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!

Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!

Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!

Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)

Топқа бөлу:Мозаика құрастыру

-Олар кімдер ?

-Ұлттық кейіпкер

1-топ: Алдаркөсе

2-топ: Қожанасыр

3-топ: Тазша бала

Өткен сабақты еске түсіру «Постер» қорғау.

Оқушылар кезекпен өткен тақырыпқа байланысты постерлерін қорғайды.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажыратамыз, жалқы есімнің жазылу емілесін сақтаймыз.

Тақырыптық түйінді сөздер:

«Келтірілген сөздердің қайсысы жатады?» әдісі

Сөздер шелегі Біздің тақырып

Shape1

Сөздер шелегіндегі сөздердің тиістісін алып Біздің тақырып шелегіне салады да ол сөздердің қандай сөздер екенін дәлелдейді.

Қ.Б. «Басбармақ» әдісі арқылы бірден жауап қайтарған оқушыларды топ мүшелерін бағалап отырады.

Ұлттық кейіпкерлердің суреттері
















Сөздер шелегі мен Біздің тақырып сызбалары


А3 форматы

Сабақтың ортасы

10 минут



























3 минут















2мин















3 минут







1 минут

6 минут

















































5 минут














Оқулықпен жұмыс. 39-жаттығу

«Алдаркөсе мен ұры» мультфильмін тамашалаймыз.

Тыңдалым және айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру

«Кейіпкерлер әлемі» әдісі арқылы ертегіні талдау.(Белсенді әдіс. Айтылым мен тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.)

1. Ертегі кім туралы?

-Алдаркөсе мен ұры туралы.

- Осы ертегіде Алдаркөсе қандай адам?

Алдаркөсе намысқой,тапқыр .

2.Алдаркөсе кімді кездестірді?

-Алдаркөсе ұрыға кездесті.

-Ұры қандай адам?

-Арам,ұры,өтірікші

-Қандай қорытындыға келдің?

-Ұрлық түбі қорлық.

Қорытынды арқылы саралау

Дескриптор: Білім алушы

-суреттерге қатысты сұрақтарға жауап береді;

-тақырып бойынша сұхбатқа қатысады;

-жағдаятқа байланысты сұхбаттасына сұрақ қояды;

- сұхбаттасының сұрағына сәйкес жауап береді;

- сөйлеу барысында қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтайды;

ҚБ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Дәптермен жұмыс.

40-жаттығу.

Жұптық жұмыс.Тапсырма арқылы саралау

Жазылым дағдыларын қалыптастыру.

«Еркін жазу» әдісі арқылы жаттығуды орындау.

Кедей, тақыр, ақылды, қу сөздерін пайдаланып, Алдаркөсені сипаттап жазады.

Дескриптор: Білім алушы

-тірек сөздерді пайдалана отырып берілген сөздер бойынша Алдарды сипаттайды;

-жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтай отырып жазады;

ҚБ. (Мұғалімнің бағалауы)

Тамаша!

Керемет!

Жарайсың!

«Паровоз» дидактикалық ойынын ұйымдастыру.

Шарты: тепловоз төрт оқушы «жалпы», «жалқы» деген қалпақты киеді. Оқушыларға осы сөздерге байланысты жазылған сөздер таратылады. Белгілі уақыт беріліп әр оқушы өз сөзін анықтап, тепловозына тіркелу керек. Сөздер: оқушы, Айдын, күшік, Ақтөс, Құлагер, өзен, тау, Алакөл, Балқаш, Баянауыл, Қарағанды, қала, ешкі, төлдер, тепловоз, ұшақ, Астана, Дана.

Сөзді алған оқушы мәнін түсіндіріп, сұрақ қою арқылы, қандай зат есімге жататынын дәлелдеу.

Дескриптор:

- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

-жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.

Қ.Б. От шашу арқылы өзін-өзі бағалайды.

Жеке жұмыс. «Қатені тап» әдісі.

41-жаттығу. Сөздердің қатесін түзетіп, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Қожанасыр мен алдаркөсе кездесті. Олар ыстықкөлге келді.

Дескриптор: Білім алушы

-сөздерді оқиды;

-сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады;

- Қ.Б. Оқушылар бір-бірін "Смайликтер арқылы"бағалайды.

Сергіту сәті:

Топтық жұмыс.Дереккөздер арқылы саралау.Айтылым мен тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.)

І-топ «Қалаған затыңды таңда» әдісі Берілген заттар арқылы, адам аттарын айту. Ай, алма, айна, гүл, сырға заттары беріледі. Мысалы: Ай+гүл. Берілген заттар жалпы есім екенін түсінеді. Ал, өздері құраған адам аттарын жалқы есімге жататынын түсінеді.

Дескриптор

- берілген заттарға байланысты адам аттарын атайды;

- сөздің қандай есім екені айтады;

- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

-жалқы және жалпы есімдерді ажыратады

ІІ-топ

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. Сөздің қандай есім екені айту.
1. ......тышқан көрсе, бас салады. (мысық – жалпы есім)
2. ......кісінейді.(жылқы – жалпы есім)
3. ....... – біздің елбасы. (Н.Ә.Назарбаев-жалқы есім)
4. ....... еліміздің астанасы. (Астана – жалқы есім)

Дескриптор

- Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қояды;

- Сөздің қандай есім екені айтады;

- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

-жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.


ІІІ-топ «Қос ромб» әдісі бойынша екі есімді салыстырайық. Жалпы мен жалқы есімдердің бір-бірінен қандай айырмашылық бар, қандай ұқсастық бар соны кестеге жазайық

Жалқы есім Жалпы есім







Ж алпы есім деген не?

Жалқы есім деген не?

Дескриптор:

- топпен жұмыс жасайды, қос ромбыға жалпы есім ,

жалқы есімді толтырады;

Топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

Семантикалық картаны толтыр


Жалқы есім

Жалпы есім

Ақтау

+


өзен


+

Қобланды

+


қала


+

Ақтөс

+


ақын


+

Дескриптор:

- жеке жұмыс жасайды,

- семантикалық картаны толтырады;

ҚБ. Өзін-өзі бағалау (+,-) қою арқылы.



Видео





























Би











































Сабақтың соңы

3 минут



Қорытынды.

-Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе?

Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызға қорытынды жасайық.

“Кезбе тілші” әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау. ((Белсенді әдіс. Сұрақ қою және талқылау. Айтылым мен тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.)

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Зат есім дегеніміз не?

3.Кім? Кімдер? Не? Нелер?қандай жағдайда пайдаланамыз?

4.Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

5.Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қойылады?

6.Жануарларға қандай сұрақ қойылады?

Рефлексия

-Балалар енді ұлттық кейіпкерлердің қоржындары бар, ұлттық кейіпкерлерімізге сәттілік тілеп, қоржындарына «Орамал тон болмайды, жол болады» деп орамал сыйлайық.

-Егер сабақ ұнаған болса «жасыл», сабақ жартылай ұнаса «сары», сабақ мүлдем ұнамады десеңіздер «қызыл» түсті орамал таңдайсыңдар.

Микрафон

Қоржын, орамал суреттері

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Жеке жұмыс аясында.



Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

- ҚБ.«Басбармақ» әдісі

- ҚБ..(смайлик ручка)

- ҚБ. Өзін-өзі бағалау (+,) қою арқылы.

-ҚБ.«Жапондық әдіс» арқылы бағалау.

-ҚБ"Смайликтер" арқылы бағалау.

-Қ.Б. «От шашу»

-Қ.Б. «Бағдаршам» арқылы бағалау

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

-Видео

- Сергіту сәті

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?
















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
2100
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі