15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Жанашырлық - жанға қуат"
Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізілгені туралы рефлексиялық есеп
Қазіргі заманның дамуы мұғалiмдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми зepттеу жұмыстарын жүргiзуді талап етуде. Жас ұрпаққа замaн талабына сай білім беріп, жан — жақты дамып білім алуына ықпал ететін мұғалімдер заман ағымына қарай Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы бойынша білімдерін жетілдіруде. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылған. Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. (Выготский 1978, Вуд 1998). «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Мерсер 1995, Александер 2008), немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Флейвел 1976, Выготский 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік- сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік –сындарлы көзқараспен тығыз байланысты.
Оқыту мен оқудағы өзгеріс енгізу туралы ойлану және одан әрі дамыту ол мұғалім шеберлігінде. Қазіргі таңдағы «Тиімді оқыту мен оқу» барысындағы тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау осы жұмысты жеңілдетеді.
Қазіргі «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы бойынша алған білімім барысында тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлаудың тиімді екенін түсіндім.
Әдетте оқу бағдарламасын білім саласындағы саясатты қалыптастыратын ұстаздар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Орта мерзімді жоспарлау дегеніміз- ұстаздардың оқу бағдарламасын тізбектелген сабақтар топтамасына айналдыруы. Өз кезегінде әрбір ұстаз орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарын жасау үшін пайдаланады. Бұл ретте жоспарда бағдарламаның барлық жеті модульін толық қамтуға тырысады. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел- уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Осы орайда бірінші бетпе- бет кезеңіндегі алған теориялық білімді пайдалана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын яғни «орта мерзімді жоспар» құрдым. Бұл жоспарлаудың басты мақсаты:
1.Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы.
2.Сыныптағы сабақты жоспарлауда жеті модульді ықпалдастыру.
3.Оқытудың әрбір кезеңінде ілгерілеудің болуын қамтамассыз ету.
4. Оқушыларды түгел қамту үшін асқан ептілік қажет.
Тізбектелген сабақтар топтамасын яғни орта мерзімді жоспарды жасағанда әрбір сабақ мақсаты мен күтілетін нәтиже арасындағы байланыс болуын ескердім. Мен үшін бұл жоспарды құру барысындағы қиыншылықтар, күтілетін нәтижелерді қою мен қолданылатын әдіс –тәсілдер барысы болатын.Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, сабағымның мақсатын дұрыс қойып,оған жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдандым.Әр сабақты жоспарлағанда мақсат нақты, айқын,қолжетімді, белгілі уақыт ішінде орындалатын болуы керектігіне баса назар аудардым (SMART мақсат).
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау, нәтижесінде алған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады. Және де бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін көздеуде, жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызды, тиімді әдіс.
Сонымен қатар Бағдарламадағы СТО модулін өзімнің жоспарлаған тізбектелген сабақтар топтамасында ықпалдастырылуын назарға алдым. Неге? Өз сабақтарымды «миға шабуыл» әдісімен бастаймын. Неге? Себебі, бұл әдіс арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысы қалыптасып, мәселені тереңінен ойлауға мүмкіндік алады.
Осы әдістен бөлек «Өкіл», «Галереяға саяхат», «Ыстық орындық», «Автор орындығы» «Қарлы кесек», «Қаламсап ортада», «Бес жолды өлең» , «Ішіне-Сыртына», «Венн диаграммасы» әдістерін де өз сабақтарыма қолданамын.«Өкіл» әдісі мәтіннің мазмұнын жан –жақты талдауға, оқушылардың сол тақырып бойынша өз ойларын айтуына, өзгенің идеясын тыңдап, пікірімен санасуға жол ашады. Осы әдіс арқылы оқушылар мәтінді өз бетінше меңгеруі, өзгелерге түсінікті етіп жеткізе білуі, бір- бірімен қарым- қатынас барысы артып, өзгенің пікірін тыңдауы, естуі артып, дамыды.
Сонымен қатар мен барлық сабақтарыма Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету модулін енгіздім. Неге?
Әр сабағымда қолданған әдіс-тәсілдерді таңдағанда, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік берері бар ма, соған көңіл аудардым. Атап айтар болсам, әр сабағымның басында миға шабуыл әдісін қолданамын. Яғни, жаңа тақырыпты оқушылардың өздері анықтауына мүмкіндік жасаймын. Бұны шындығында бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда жиі қолданған жоқпын. Жаңа тақырыпты үнемі өзім хабарлап отыратынмын. Жаңа тақырыпты бірден хабарлай салмай, оқушылардың ойланып, өздері табуына мүмкіндік беру – оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына жол ашу деп түсіндім. Өйткені, миға шабуыл әдісінде оқушылар тарапынан бірнеше нұсқадағы жауаптар айтылады.Осы іс-әрекеттер оқушыларға еркін сыни ойлауға мүмкіндік берді, ақыл-ойын дамытты, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеледі, тіл байлығы жетілді, жан-жақты ізденді, өз ойын жеткізді, өзіндік ой- пікірін қалыптастырды, оны дәлелдеуге үйренді.
Бала дамуындағы қажеттіліктердің бірі сыныптағы бағалау. Осы модуль менің әр сабағымнан көрініс тапты. Неге? Себебі, бұл- баланың алған білімін одан әрі дамыту болып табылды. Мен Оүб жиі қолданамын. Мен өз сабағыма осы бағалауды басбармақпен, топпен, өзгенің жұмысын бағалау, өзін- өзі бағалау және критерий бойынша бағалауын алдым. Мұндағы мақсатым бағалау оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, бағалауға мұғалім ғана емес,өздерінің де қатысатынын түсіндіру болатын.Және мұны оқушыларым түсінді, бір-бірін әділ,нақты бағалап үйренді.Сыныптасын бағалай отырып өзіне деген жауапкершілігі артты. Сындарлы оқуын және түсінуін дамытты. Оқушы өзін –өзі бағалау арқылы оқуын қалай жақсартуға болатынын көре алды. Қызығушылығы артып, белсенді жұмыс жасай бастады. Сабақтарымда бағалау парақтарын қолдандым.Оқушылар сол бағалау парағындағы тапсырмалардың орындалуына қарай тиісінше балл жинады.Осылайша сабақ соңында жинаған балдарын бағаға өздері айналдырды. Оқушыларым алған бағаларына ренжімеді.Себебі,өздерін сыныптастарымен салыстырып отырып, жетістікке жеткендігін, қай деңгейде тұрғандығын түсінді. Егер «5» деген бағаға балы жетпей тұрса, «маған қосымша сұрақтар қойыңызшы»,-деп қасыма келіп тұратын болды.Келесі сабаққа дайындалып келіп, керекті балды жинап, жақсы баға алуға тырысатын болды.Қалыптастырушы бағалау бойынша оқушыларым бірін-бірінің жауап бергеніне өз ой-пікірлерін айтып, комментарий беріп үйренді. Және де олар бірінің айтқан сынын көтеретін болды.
Драхмэн мен Суэтстің (1988) айтуынша кері байланыс пен құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда тиімді болуы ықтимал. Тиімді кері байланыс оқушыларға өзінің күшті және осал жақтарын, осылардың өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінді. Бұл жағдайдағы кері байланыс мен үшін қалыптасатын заңдылық. Мен өз сабақтарымда кері байланысты қолданып отырамын, себебі,ойларымен, пікірлерімен санасып келесі сабағымды жоспарлауда көп көмегі тиетін болды.
Заман ағымына қарай ұстаздардың өз білімдерін жетілдіріп отыруы секілді оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесі де жетіліп отырады. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Осы мақсатта мен өз сабақтарымда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдануды жөн санадым. Сабақтарымда мүмкіндігінше, ғаламтор желісін пайдаланып, керекті ақпаратты, немесе сабаққа қатысты музыка,күйді,әндерді оқушыларыма естіртемін.Мысалы Абай Құнанбаевтың әндерін, Қорқыттың күйлерін, құстардың дауыстарын т.б тыңдатып, сабағымның қызықты ,тартымды өтуіне көп мән беремін. Сабақ барысында мәтінді, мәтін бөліктерін, сөздікпен жұмысты, бейне роликтер көру (интернеттен) интербелсенді тақта арқылы жүзеге асыруды жоспарладым. Себебі, бұл оқушыны бүкіл өміріне жеткілікті біліммен жабдықтайды, бұрынғы алған білімі мен казіргі білімін салыстыра алады, сыныптан тыс оқу жұмыстарын да жүзеге асыра біледі. Қорыта келе бұл жаңа әдіс- тәсілдердің менің тәжірибеме және оқушыларымның дамуына ықпалы зор екенін түсіндім.
Дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рeфлeксияны, жоспар құруды, кeңeс бeруді, сабақтың табыс критeрийлeрін жасауды біртіндeп жүзeгe асырдым. Оқыту мeн оқудағы жаңа тәсілдeрді сабақта тиімді пайдалана білсeм, сабақ нәтижeлі болатынына көзім жетті.
Елбасымыздың өзі айтқандай, «Еліміздің болашағы ұстаздардың қолында» дегендей, осы бізге ұстаздар қауымына жасалып отырған жағдайды, біз ұстаздар тиімді пайдалана отырып, модульдерді толық меңгеріп, тамырын тереңге жайған егеменді еліміздің, өскелең болашақ ұрпағын тәрбиелеп, елімізді дамыған 50 елдің қатарында көру, бұл әрбір Қазақстандық азаматтың алдындағы ең үлкен борышы деп есептеймін. Болашақта осы мақсаттарды ойға ала отырып, әрбір модульдерді тиімді пайдаланып, осы жолда аянбай еңбек етіп, оқушыларыма адал білім беріп, олардың ертең Қазақстан үшін тер төгіп, адал қызмет ету жолында оларға бағыт-бағдар беріп көшбасшылық қызмет атқарам деп алдыма үлкен нық мақсат қойдым, сол мақсатқа жету үшін, ерінбей еңбек етем деген үміттемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген