400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жанашырлық жанға қуат" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні : Өзін-өзі тану .

Мерзімі :12.12.2017 ж . Сыныбы: 6 «Б»

Мұғалімі: Бимурзаева Динара

Тақырыбы: Жанашырлық жанға қуат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық

Сабақтың мақсаты: -Оқушаларға жанашырлық туралы түсінік беріп, олардың бойында жанашырлық сезімдерін дамыту. 
Міндеттері: *оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік беру; 
* оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;. 
*оқушыларды мейірімділіке, адамгершілікке, жанашырлыққа тәрбиелеу; .

Ресурстар : оқулық,дәптер ,

Интерактивті тақта,слайд,

плакат,

маркер,смайлк,

бейне материалдар


Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi.(2мин)

Оқушылармен амандасып,қатысымын алу.Оқушыларды

стикер арқылы топқа бөлу. (Жанашырлық, жомарттық, қамқорлық)

Тілек айту. Оқушылар Тәуелсіздік күніне байланысты бір-біріне жылы тілектерін білдіре отырып, сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Тыныштық сәті.(2мин)«Су асты патшалығына ойша саяхат.»

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз: Денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: Ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді.Ол өте әдепті жануар, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан – жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді әрлі – берлі жарқырай қалқыған әсембалықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз....бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір көз нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз..Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз.

Қандай сезімде болдыңыздар ?

Ескерту:

5. Т-ережесін сақтау

Тәртіп.Талап,

Тыныштық,

Тазалық,Татулық


Үй тапсырмасын сұрау(5мин)

Ш.Айтматовтың әңгімесін оқып келу


«Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.

*Шығармада не туралы айтылған?

*Шығармада кімге жанашыр танытар едің?

*Әңгімедегі кейіпкердің қандай әрекеті нағыз жанашырлық болып табылады?

*Әңгімедегі кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?

«Мозайка» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын құрастырып шығару.


4.Дәйексөз:(4мин)

«Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле.....»

А.Йүгінеки

*Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

*Жақсылық жасау жасқа қарайма?

*Жақсылық жасаған кезің есіңдеме?

*А.Йүгінеки туралы не біліеміз?


5.Оқиға айту :(8 мин)

«Жақсылық жасай жүріңдер бауырлар» бейнетүсірілім көрсету.

*Сіздерге фильм ұнадыма?

*Не түсіндік?

*Көмектескен адамның бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?

*Жанашырлық таныту парыз ба,әлде міндетпе?


6.Шығармашылық жұмыс :(12 мин)

Әр топ өз топтарының атын қорғау.
1-топ Жанашырлык


2-топ Жомарттық


3-топ Қамқорлық


7 .Топпен ән айту :(4мин)

Елім менің

Сөзі: Н.Назарбаевтікі

Әні: Б.Тілеухановтікі


Арайлап таңым асқақтап тауым

Ән ойнап көгім күй тартты елім

Қол жетті міне аңсаған күнге

Жасай бер жаса Қазағым менің

Қазақстаным жасыл орманым

Қуанышымды жасыра алмадым

Аңсаған бабам аңсаған елім

Бостандық еді-ау асыл арманым

Елім менің аңсаған

Тас бұғаудан босаған

Құтты болсың отауың

Берік болсын оу босағаң


Бабамның қаны анамның жасы

Сіңген бұл далам қымбатсың маған

Береке бірлік - қамалдың басы

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам


Күйінсін жауың сүйінсін досың

Жиылсын қауым құйылсын көшің

Ертеңің үшін аянба елім

Ояншы елім жиылсын есің


Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен жер үшін

Берекең мен бірлігің,

Таси берсін ырысың.


8.Үй тапсырмасы :(1 мин)

Дәптердегі №14 сабақтағы берілген тапсырмаларды орындап келу.


9.Тыныштық сәті :(2 мин)

Кері байланыс:


Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?




Оқушыларды смайлик арқылы бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
906
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі