400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ашық сабақ "Жаңа жылдық көңіл күй!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды компьютерді еркін пайдалануды үйрету. Компьютерде сурет салдыру арқылы, балалардың информатика оқу іс – әрекетәне сүйіспеншілікті ояту. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, логикалық ойлауды, түстерді үш тілде атап білуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

«№8 «Алтын сақа» балабақшасы МКҚК

_____________директоры А. Қ. Абилова





Ашық оқу іс – әрекет

Тақырыбы: «Жаңа жылдық көңіл – күй!»



















Дайындаған:

Информатика маманы: Раку А.М.

Қатысқан топ: Ересек «Аққу» тобы

Күні: 26.12.2016 жыл



2016 – 2017 оқу жылы

Мақсаты: Балаларды компьютерді еркін пайдалануды үйрету. Компьютерде сурет салдыру арқылы, балалардың информатика оқу іс – әрекетәне сүйіспеншілікті ояту. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, логикалық ойлауды, түстерді үш тілде атап білуі, шығармашылық қабілетін дамыту.



Пайдаланған құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, проектор, әр түрлі суреттер бейнеленген тастар, екі тустегі дөңгелектер.



Оқу іс – әрекетінің барысы:

Балалар кабинетке кіреді шеңбер бойына тұрады.



Педагог: Балалар қараңдаршы біздерге қонақтар келді амандасайықшы.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?



Балалар: Қыс мезгілі.



Педагог: Дұрыс айтасыңдар балалар, ал біздерге жақында қандай мереке жақындап кележатыр?



Балалар: Жаңа жыл.



Педагог: Балалар бір – бірімізге жаңа жыл қарсы алдында тілерктерді айтайықшы.

Балалар бір – біріне жылы лебіздерін айтады.



Педагог: Балалар кандай керемет тілектер!

Балалар айналаңызға қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?



Балалар: компьютерлерді.



Педагог: Дұрыс айтасыңдар. Балалар Жаңа жыл жақындап қалды, ал біздің компьютерлерлеріміз Жаңа жыл мерекесіне дайын емес. Балалар менде бір ой бар, біз Жаңа жыл мерекесіне орай бір керемет сурет салайық, сонда біздің компьютерлеріміз көңілді әрі әдемі көрінереді.

(Балалар стөл үстінде тұрған карточкаларды таңдап екі топқа бөлінеді).



Педагог: Балалар сендер таңдаған түстеріңіз қандай?

Үш тілде атап шығайықшы.



Балалар: Жасыл – green – зеленый, красный – red – қызыл.



Педагог: Балалар жарайсыңдар! Түстерді жақсы біледі екенсіңдер. Бірінші топ жасылдар тобы. Мен сендерге жұмбақ жасырайын:



Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің.



Педагог: Балалар бұл не?



Балалар: Шырша.



Педагог: Жарайсыңдар балалар! Демек бірінші топ шыршаны салады.



Қызылдар тобы, ал біздің Жасылдар тобы шыршаны салып болғанша мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймызба?



Балалар: Ия.



Педагог: Олай болса тыңдаңдар.



Қар жауғанда

Пайда боламын,

Мен тұрамын далада

Менің атым .... (Аққала).



Балалар: Аққала.



Педагог: Жарайсыңдар тапқып екенсіңдер! Балалар біз аққаланы құрастыр ойынын ойнаймыз.



Педагог: Балалар седерге ойын ұнадыма?



Балалар: Ия



Педагог: Міне біздің Жасылдар тобы да шыршасын салып болған.



Педагог: Балалар қараңдаршы бізге көңілді сергіту сәтін орындауға жаңағы аққала келіп тұр. Сонымен қосылып серігіп қалайық.

(Балалар экранға қарап сергіту сәтін орындайды).



Педагог: Аққалалар өте көңілді екен. Балалар біздің жасылдар тобы шыршаны салды мұқият қараңдаршы бірдеңе жетіспей тұрған сияқты. Оларды таққанда біздің шыршамыз жарқырай түседі.



Балалар: Ойыншықтар. Шамдар.



Педагог: Бәрекелді балалар Жаңа жылдық шыршалар әдемі ойыншықтармен безендіріледі. Олай болса біздің Қызылдар тобы шыршаға әдемі ойыншықтар салсын.

Қызылдар тобы шыршаға ойншықтар салып жатқанда, жасылдар тобымен суретті ажыратып бер ойынын ойнайды.

(Таста салынған күзгі суреттерді қысқы суреттерді ажыратып беру ойыны).

Педагог: Балалар қараңдаршы шыршамыз өте керемет болып шықты. Енді біздің компьютерлерде өзіндік Жаңа жыл мекересіне орай суреттері бар.





Қорытынды: Балалар қандай керемет күн болды. Бүгін сендер компьютердің бетіне Жаңа жыл мерекесіне сурет салдыңдар. Ал сендер ненің суретін салдыңдар?



Балалар: Шыршаның.



Педагог: Шыршаны салу үшін сендер қандай пішінді пайдаландыңыз?



Балалар: Үшбұрыш, тіктөртбұрыш.



Педагог: Балалар ал шыршаның ойыншықтарын салу үшін қандай пішіндерді пайдаландыңдар?



Балалар: Дөңгелек, жұлдызша.



Педагог: Жарайсыңдар балалар! Қандай керемет Жаңа жылдық сурет шықты! Рахмет сендерге.



Педагог: Балалар, ал сендер Жаңа жыл туралы қандай ән білесіңдер?

Балалар Жаңа жыл туралы ән айтады.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі