400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жануарлар- тірі ағзалар" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 сынып мұғалімдеріне аса қажет. Осы тақырыптағы сабақ жоспары керек болса, жасалған ҚМЖ-ны көмек ретінде алуыңызға болады.ҚМЖ жасаудың барлық ережесі сақталып жазылған. Қажеттеріңізге жарап жатса, маған сол бақыт. Сәттілік, әріптестер!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:

------------------------------------------------


Қысқа мерзімді жоспар Ашық сабақ


Мектеп: «№220 орта мектебі» кмм 2 бөлім Мен зерттеушімін. Жануарлар

Мұғалім: Ибраймова Гүлнар Жаңабайқызы

Сабақ тақырыбы: Жануарлар –тірі ағзалар («Мен зерттеушімін» ортақ тақырыбы аясында)

Күні: 18.10.2018 жыл

Сынып: 1 «в»

Қатысқандар саны -28

Қатыспағандар саны-0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;

1.2.2.2 жануарлар кластарының өкілдерін ажырату: жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі, ажыратады.

Оқушылардың басым бөлігі: Жануарлардың негізгі сипаттамаларын біледі, жануарлардың қозғалыстары мен дауыстарын ажырата алады

Кейбір оқушылар: жануарлар кластарының өкілдерін жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілерге ажырата алады, айырмашылықтарын біледі

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже

Білім алушы: Оқушылар жануарлардың тірі ағзалар екенін түсінеді, жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай алады.

Оқушылар үй жануарлары мен жабайы жануарларды біледі, сонымен бірге біз азық ретінде пайдаланатын жануарларды да танып біледі, кластарға жіктей алады

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: қоректенеді, көбейеді, қозғалады, қарғиды, секіреді, ұшады, жүзеді, жорғалайды

Терминология: жануарлар, қоректену, қозғалу, көбею

Сөз тіркестері: -Жануарлар қандай табиғатқа жатады?

Неліктен екенін айта аласыз ба?

… ол жанды табиғат, себебі.........

Өсімдіктерден жануарлардың айырмашылықтары қандай, ұқсастықтары ше?

Құндылықтарды дарыту

- бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу; жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу( Мен жақсы көретін жан-жануарлар ) ,

Музыка («Музыка жан-жануарлардың көңіл-күйлерін жеткізе ала ма?» )

Көркем еңбек (суреттерді дұрыс бояу)

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, электронды оқулық, түрлі суреттер, муляждар, көрме, қора, бетперделер, ойындар, түрлі тапсырмалар, сергіту «Жануарлар туралы» әні

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Даярлық сыныптан, үйден жануарлар туралы біледі, үй жануарларының кейбірін таниды, өсімдіктер мен жануарларды салыстыра алады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы



4 минут



Сұрақтар және диалог арқылы саралау

«Ширату» кезеңі

«6-6-1» тәсілі бойынша 6 сұрақ қойылып, 6 жауап алынады және 1 сөз шығады

-Табиғат нешеге бөлінеді? (атайды) Ж

-Өсімдіктердің топтарын ата? А

-Жанды табиғатқа нелер жатады? Жансыз табиғатқа ше ? Н

- Өсімдіктің мүшелерін ата? У

-Өсімдіктер өсу үшін неше жағдай қажет деп ойлайсыңдар? А

-Өсімдіктерге қалай күтім жасаймыз? (тыңдау) Р

-Жарайсыңдар, балалар, қандай сөз шықты?

-Жануар деген сөз шықты.

- Ендеше жануарлар туралы не білеміз? (ой қозғау)

-Қол, аяқтарыңыз арқылы жануарларды қалай көрсетіп бере аласыздар? Мысалы: мысық, қоян, сиыр, жылан, қарлығаш, балық т.б (бетперделерді кигізіп орындату)

-Сонда балалар, жануарлар қандай ағзаға жатады екен?

-Тірі ағзаға жатады екен

Кері байланыс: Сөзбен баағалау «Жарайсыңдар», «Неткен тамаша ой, керемет қимыл »

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Жануарлар-тірі ағзалар» деп аталады

Мақсатымыз: Жануарлардың қалай қимылдайтынын, қандай кластарға бөлінетінін ажырата білу, өсімдіктерден қандай ерекшелігі бар екенін анықтау. Жылдам ой қорытып, түрлі жұмыстар жасайтын боламыз

Әріптер

Ж А Н У А Р











түрлі бетперделер








слайд

тақта


Ортасы


30 минут



Түрлі дереккөздер арқылы





























Тапсырмалар және диалог арқылы саралау











Нәтиже және қарқын арқылы саралау











Тапсырмалар мен диалог арқылы саралау













Түрлі тапсырмалар және нәтиже арқылы





«Кинометафора» әдісі арқылы бейнематериал көрсетіліп, нәтиже арқылы саралау





























Түрлі тапсырмалар арқылы, нәтиже әртүрлі

Топқа біріктіру

Қима қағаздар (жәндіктер, құстар, балықтар, қосмекенділер, сүтқоректілер, жорғалаушылар) сөздері арқылы топқа бірігу.

- Не себепті осы атаулармен бөліндік деп ойлайсыңдар? (ойлары тыңдалады)

Оқулықпен жұмыс

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Әлемде балалар, жануарлардың түрлері де сандары да өте көп. Оны бір сабақтың үстінде айтып тауысу мүмкін емес.
Табиғатта жануарлардың көптігі соншалық олар туралы ұзақ әңгімелеуге болады. Жануарлар бірнеше топқа бөлінеді.
Жануарлар
↓
Сүткоректілер, жәндіктер, қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылар, құстар

Электронды оқулықтан құстар, жәндіктер, жануарлар көрсетіледі

Балалар жануарларға тағы мынадай топтар жатады екен.
Олар: өрмекшітәрізділер
былқылдақденелілер
құрттар

Осы айтылғандардың барлығы бір сөзбен жануарлар деп аталады екен. Жануарлар да жаңа өздерің айтқандай тірі ағзаларға жатады.

Тірі ағзаға жататынын қалай білеміз?

Ол үшін «Жануарлар не істейді? ойынын ойнаймыз
- Мақсаты: Жануарлардың қимылдарын, дауыстарын бір - бірінен ажыратуға үйрету;
- Шарты:
- Допты лақтыру арқылы жануарлардың қимылдарын, дауыстарын айтамыз және саламыз
- Қоян не істейді?
- Қасқыр -
- Аю -
- Жылқы -
- Балық -
- Құстар -

Жәндіктер не істейді?-

Жыландар-

Бағалау «Жарайсыңдар, өте жақсы»
«Салыстыра біл»

Суреттерге қарап, өсімдіктер мен жануарлардың үш ұқсастығын анықтату (ойларын білу)

-Мысық не істеп жатыр? Мысық пен гүлдің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

Әрбір жануардың өз баспанасы болады екен. Біз сауат ашу пәнінен баспана түрлері туралы өткен болатынбыз.
«Менің баспанам қайда?» ойынын ойнап көрелік
Жануарларды атаймыз, өздеріне қажетті баспаналарына апарып қоямыз
- Балалар, аю, қайда мекендейді?
- Жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай айырмашылығы бар?
Аңдар бір - біріне ұқсайды ма?
Сиыр қайда мекендейді?
Аю қайда мекендейді?
Түлкі қайда мекендейді?
Қарлығаш қайда мекендейді?

Тиін қайда мекендейді?

Тоқылдақ қайда мекендейді ?

Тышқан қайда мекендейді?

Балық қайда мекендейді?

Қой, ешкі, жылқы, түйе қайда мекендейді?

Бағалау «күлегештер »


Жұмыс дәптері 12-бет жеке жұмыс Жануарлар мен өсімдіктер

Тапсырма: Суреттерге қарап, тек жануарларды таңда және боя, неше суретті боядың, бос торкөзге санын жаз

Бағалау «Жұлдызшалар »

«Ойлан» Жануарлар бір жерден екінші жерге қозғалады. Ал өсімдіктерге осындай қозғалыс қажет пе? (тыңдау)

«Кинометафора» әдісі арқылы бейнематериал көрсетіледі, өсімдіктердің қалай көбейетініне көз жеткізу, көрсету

Сергіту сәті:

«Жануарлар әлемінде» Айя мен Әли
Мұғалім және оқушылар хормен:

Табиғат қандай тамаша
Көз тоймайды қараса.
Аңдар еркін жүреді
Балықтар шіркін жүзеді.

Құстар қанат қағады

Жәндіктер жорғалап барады
Табиғаттың жыры көп
Табиғаттың сыры көп.


Қызықты мәлімет «Сен білесің бе?» (слайд)
Кенгуру артқа қарап жүре алмайды
Төрт тізесі бар жалғыз аң - піл
Бегемоттар су астында туады
Керіктің тілі қап - қара
Басымен тұра алатын жалғыз аң - піл
Жыландар қоректенбей 3 жыл ұйықтай алады
Ұлудың тістері тілінде орналасқан
Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды
Кесіртке судың бетімен де жүре алады
Пілдер бір - бірімен өзара 50 шақырымға дейінгі қашықтықта ұғыса алады.


Жұптық жұмыс

«Жануарлар әлемінде»
Мақсаты: қол еңбегін дамыту
Шарты:
• Әр жұпқа тапсырмаларды бөліп беру;

Әр жұп өз топтарының аттарына сәйкес суретті тауып , бояйды, сол жануар туралы білетіндерін ортаға салады;
• Тапсырманы орындауға уақыт беру;
Кері байланыс Жұлдызшалар арқылы бағалау


Топтық жұмыс ««Ойлан, бөліс»

Әр топ өздеріне берілген суреттегі жануардың пайдалы жағы мен зиянын ажырата отырып, айтып шығады

Кері байланыс «Бас бармақ» арқылы бағалау


Үйге тапсырма 21-23-бет Жұмыс дәптері 13-бет



Топ аттары жазылған қима қағаздар













Слайд

электронды оқулық















«Жануарлар не істейді? ойыны, доп















«Салыстыра біл!»

Слайд мысық пен өсімдіктің суреттері






«Менің баспанам қайда?» ойыны

Түрлі жануарлар суреттері мен баспана суреттері






қора

апан

ін

ұя

ағаш діңі қуыс


ін

су

қой қора, атқора, түйеқора

күлегештер


жұмыс дәптері





жұлдызшалар


оқулық


бейнематериал



сергіту видеомузыка











слайд қызықты мәліметтер,

жануарлар суреттері












жұптық жұмыс

суреттер таратылады



тапсырмалар жазылған қағаздар


ж ұлдызшалар




жануарлар суреттері




Аяқталуы

4 минут




Ресурс арқылы














Диалог арқылы саралау








Рефлексия

2 мин


Қорытынды

Жұмбақтар шешу

. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты жан шыдамас үндері бар. (жолбарыс)
2. Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (аю)
3. Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорыққан. (жылан)
4. Ай астында ақ мамық,
Жатыр суды жастанып. (аққу)
5. Торпаң - торпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған. (тасбақа)
6. Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды. (өрмекші)

Кері байланыс « Сөзбен бағалау»


«Артқа бір қадам шегініс»

-Жануарлардың қандай топтары бар?

-Жануарлар не істейді?

-Олар қандай ағзаға жатады?

-Олардың қандай пайдасы бар?

-Біз оларға не көрсетуіміз керек?

Кері байланыс Құмырсқадай қанағатшыл, еңбекшіл, үнемшіл, ұйымшыл болыңдар, дей отырып, барлықтарыңа құмырсқаның суретін таратқым келіп тұр.

Жануарларға қамқор болайық, балалар!


-Саған сабақ ұнады ма?

-Не жақсы ұнады?

-Не түсіндің?

«Пікірлер» ағашына апарып стикерлерін жапсырады

«Өте жақсы түсіндім» ең үстіңгі жағына

«Жақсы түсіндім» ортасына

«Түсінбедім, көмек керек» астыңғы жағына




жұмбақтар


суреттер



















Құмырсқалар суреттері


рефлексия





«Пікірлер» ағашы, стикерлер

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?


Жұмбақтарды ойланып шешу, өз ойларын толық жеткізу, сұрақтарға толық жауап алуды және мүмкіндік болса 11-жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындауларын қарастырамын

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Сұрақтар қойып, жауап алу және түрлі тапсырмаларды, жеке жұмыстарды орындату арқылы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?




Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?



Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?



Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Оқу мақсаты шынайы, нақты


Өсімдіктер мен жануарлардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, жануарлар топтарының атауларын білді



Сынып ахуалы өте жақсы



Саралау шаралары тиімді оны оқушылардың сабақты түсініп, жауап берулерінен байқадым.



Барынша үлгіруге тырысттым, бірақ жұмбақтарды шештіруге уақыт жетпейтінін біліп, айтпадым


Тапсырма түрлерін аздау алу

Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек Сауат ашу

Музыка «Музыка жан-жануарлардың көңіл-күйлерін жеткізе ала ма?» сергіту сәті

Жануарлардың бейнесін бояу.

Жабайы және үй жануарлары, олардың баспаналары туралы айтқызу

Сергіту сәтінде жануарлар туралы ән айтқызу

Бағалау


Оқушылар тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін тексеру үшін рефлексия ретінде кез келген жануарды бір өсімдікпен салыстырып, жануарлардың тірі ағза екенін түсіндіруі керек.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
1172
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі