400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Жануарлар әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажырата алуға үйрету. Аңдар туралы балалардың тақпақтарын сұрау. Балаларды сұраққа жауап беруге,жұмбақты шешуге өз ойларын айта білуге үйрету. «Аз», «көп» ұғымдарын үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру аймағы: Таным

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Такырыбы: «Жануарлар әлемі»

Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажырата алуға үйрету. Аңдар туралы балалардың тақпақтарын сұрау. Балаларды сұраққа жауап беруге,жұмбақты шешуге өз ойларын айта білуге үйрету. «Аз», «көп» ұғымдарын үйрету.

Тәсілдер кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті



Мотивациялық- қозғаушы

Таңғы шеңбер:

Балалар, қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіп отыр,кәне амандасайық.

Балалар:

Арайланып таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы түн апайлар

Қайырлы таң балалар

Іздену –

ұйымдастырушы

Қызығушылық сәт:

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Ия,дұрыс

-Күзде неше ай бар?

-Жақсы, күздің қазір соңғы айы екен,яғни қыс басталып жатыр.

Енді балалар айтыңдаршы жануарлар нешеге бөлінеді?

-Қандай,кім айтады?

-Дұрыс.

-Үй жануарларына нелер жатады?

-Олар қайда өмір сүреді?



-Ал, дала жануарлары нелер?

-Олар қайда өмір сүреді?

-Немен қоректенеді?

Ал,енді сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме?

Ендеше, қазір біз мынау тұрған «Достық» пойызына отырып орманға барамыз.

Орман у-шу аңдардың шулаған дауыстары.

Енді балалар, сол аңдарға жетуіміз үшін,біз мынау өзеннен өтуіміз керек.

Ол үшін біз мынау тақтайшалардан көпір құруымыз керек.

-Балалар қай түсті тақтайша ұзын?

Қайсысы кішкентай?

-Жақсы балалар

-Балалар,біз қайда келдік?

-Қараңдаршы, орманда сендер не көріп тұрсыңдар?

-Бұл қай мезгілдің орманы?

-Жақсы балалар енді мен сендергежұмбақ жасырайын.

Яғни:

Қыс бойында жатады

Тәтті ұйқыға батады.

Ол не екен,балалар?

Дұрыс балалар,бұл аю екен.Ал сендер білесіңдер ме,аю нені жақсы көреді,не жейді?

-Ол қалай жүреді?

-Аю туралы кім тақпақ біледі?

Балалар, аю ағаштың қай жерінде отыр?

-жүні қандай?

Жарайды аю туралы біледі екенсіңдер.

Енді мен сендерге тағы да бір жұмбақ жасырайын.

Сыбдыр шықса қашады

Қырдан бір-ақ асады

Ол не?

-Дұрыс.

Енді қоян қайда отыр екен?

-Қоян қандай аң?

-Ол не жейді?

-Түсі қандай?

-Құлағы қандай?

Қоянның ерекше бір қасиеті бар екен балалар. Олар жыл мезгілінің өзгеріп отыруына байланысты терісінің түсін де өзгертіп отырады.

-Қыста қандай түсте болады?

-Жақсы,жарайсыңдар.

Енді қоян туралы кім тақпақ біледі?

Енді балалар,біз жол жүріп шаршадық,қазір денемізді шынықтырып алайық.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.



Енді балалар, мынау ағаштың алдында не өсіп тұр?

-ия,жақсы.

-олар қандай?

-Үлкені нешеу?

-Кішісі нешеу?

-Дұрыс,жақсы.

Енді балалар анау ағаштың басында тұрған қандай аң екен?

-Тиын немен қоректенеді?

Енді мында тиынның тамағы жаңғақтар жатыр екен,олар нешеу?

Балалар,енді біз түлкіні көрген жоқпыз ия,қане іздейікші түлкі қайда екен?

Түлкі ағаштың артына тығылып қалыпты,неліктен?

-дұрыс.

Оның жүні қандай?

-Қалай жүреді?

-Түлкі қандай?

Енді түлкі туралы кім тақпақ айтады?

Жақсы балалар енді шаршаған шығармыз,ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Жабайы жануарларды тап»

Ойынның шарты: Балалар мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын,ал сендер тек жабайы жануарлардың аттарын айтқанда ғана қолдарыңды шапалақтайсыңдар.

Ойын: «Жоғалған аңды тап»

Шарты: Мен тақтаға бірнеше аңдардың суретін ілемін, қарап алыңдар.Сендер көздеріңді жұмасыңдар,мен біреуін алып тастаймын қандай аң жоқ екенін айтасыңдар.

Ойын: «Қайсысы қайда тіршілік етеді?»

Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Олай болса біз саяхатты аяқтап,топқа баруымыз керек.



-Күз мезгілі





-Үш ай





-екіге бөлінеді.

-үй жануарлары және дала жануарлары.



-жылқы,сиыр,қой,ешкі т.б.



-Адамдар бағады,қолға үйретілген.

-аю,түлкі,қоян,тиын,қасқыр.

-орманда,далада,адамдардан алыс жерлерде.

-олар өздерінің тамақтарын тауып жейді.



-Ия



-балалар өте қуанышты.



Балалар дауыстарды естіп қуанады.





-Балалар тақтайшалардан көпір құрады.





-көк



-қызыл



-Орманға

-Ағаштарды,аңдарды



-Күзгі орман.







Шешуі: Аю





-Бал жейді.





-қорбаңдап деп балалар жүріп көрсетеді.

Балалар тақпақтарын айтады.



-ағаштың алдында отыр.

-қоңыр













-Қоян



Шыршаның алдында отыр.

-Қорқақ

-сәбіз,шөп,қырыққабат жейді.

-Ақ

-Ұзын











-Ақ түсте болады.



Балалар өз тақпақтарын айтады.







Балалар қимылмен сергіту сәтін жасайды.









-саңырауқұлақтар.





-үлкен және кіші

-Төртеу

-бесеу







-тиын

-жаңғақпен

-бесеу.

Балалар түлкіні іздейді.

-өйткені ол қорқақ

-қызғылт

-балалар жүріп көрсетеді.

-қу

Балалар тақпақтарын айтады.



Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар ойынды кезек-кезек ойнайды.

Балалар саяхаттың ұнағанын айтады.

Балалар пойызға отырып топқа оралады.

Рефлексивті –

Коррекциялаушы

Ал, енді балалар сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?

Балалар екі топқа бөлініп,біріншісі-жапырақтардың түсуін.

Екіншісі-жаңбырдың жауып жатқанын бейнелейді.

Балалар біз қайда саяхат жасадық?

Орманда қандай мезгіл екен?

Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

Орманда қандай аңдарды көрдіңдер?

-Тағы не көрдіңдер?

Жақсы,жарайсыңдар!

-ия,білеміз деп жерді тырс-тырс етіп ұрады.

Балалар суретті салады.

Біз орманда саяхаттадық.



Орманда күз мезгілі екен.

Жапырақтар жерге сарғайып түсіп жатыр,күн суытты.

-аю,түлкі,қоян,тиын.

шыршаларды,саңырауқұлақтар ды,жаңғақтарды көрдік.

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс: Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білу.

Болуы керек: Жан-жануарларға қамқор болу және оларды қорғау керектігін

меңгерді.

Қолынан келуі керек: Жан-жануарлар табиғатпен,адаммен,қоршаған ортамен байланыста қарым-қатынас жасай ал

Дайындаған:Мажитова Эльмира

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
2725
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі