Сатқан Наргиз
Қалиоллақызы,
Олигофренопедагог
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігі білім басқармасы Казталов ауданының
«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Жас
аралығы: 4- жас (4
оқушы)
Диагноздары: Жалпы тіл кемістігінің І
деңгейі, Психикалық дамуы тежелген
балалар.
Сабақтың
тақырыбы: «Жануарлар әлеміне
саяхат»
Сабақтың
мақсаттары:
а)Түзете
дамыту: Үй және жабайы жануарлар
туралы түсінік беріп, жануарлардың әрқайсысының
дыбыс арқылы ажыратуға, үй және жабайы жануарларды ажыратуға,
олардың төлдеріп танып білуге, және жануарлардың мекен ортасын
ажыратуға тапсырмалар беру арқылы ойлауын, есте сақтауын,
байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, тақырыпты меңгерту. «Өз
мекенін тап», «Жануарларды тамақтандыр» ойындары арқылы балалардың
қызығушылықтарын арттыру.
б)Тәрбиелік: тапсырмаларды тиянақты
орындауға, өз бетінше жұмыстануға, ұқыптылыққа, достыққа, көмек
көрсетуге тәрбиелеу.
Міндеттері: Психологиялық дайындық,
сергіту сәті, тапсырмаларды орындату, ойындар ойнату,жеке, топтық
жұмыстар.
Күтілетін
нәтиже: Жануарларды және олардың
төлдерін, мекен ортасын, қоректенетін азығын
ажырату.
Сабақта қолданатын әдіс -
тәсілдермен көрнекілік құралдар:
Шаттық шеңбері, сергіту сәті,
көңілді ойындар, слайдтар, бейнеролик,
дидактикалық материалдар, түрлі түсті
маркерлер.
Маман аралық
байланыс: Емдік дене тәрбиесі
нұсқаушысы, тәрбиеші, мұғалім - логопед, педагог - психолог,
музыкалық ырғақ педагогі.
Сабақ
барысы
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
Шаттық
шеңбері
Үлкенгеде
«Сіз»,
Кішігеде
«Сіз»,
Сәлембердік
сіздерге
Құрметпенен
біз
Саламатсыздарма
?
ІІ. Негізгі
бөлім.
Жаңа сабақты
түсіндіру
-Балалар, мына суреттерден
нелерді көріп тұрсыңдар?
(экраннан суреттер
көрсетіледі.)
Дұрыс айтасыңдар, балалар
бұлар бір сөзбен жануарлар деп
аталады. Балалар біз бүгін
жануарлар әлеміне саяхат жасаймыз. Жануарлардың түрлерімен
танысатын боламыз. Жануарлар екіге бөлінеді: Үй жануарлары және
жабайы жануарлар. Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі ерекше әрі
қызықты. Олардың адам үшін пайдасы да өте зор. Жылқы, түйе, сиыр,
қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік
етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Жабайы аңдар - табиғи
жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін
жануарлар. Жабайы жануарлардың түрлері өте
көп.
«Ғажайып сәт»
(Бейнеролик көрсетіледі, бұзау
анасынан адасып қалғанын айтып көмек
сұрайды)

1
тапсырма
1.«Анамның суретін
құрастыр» тапсырмасы.
Мақсаты: Балалардың сенсорлық қабілеттерін;
бөлшектерден бүтінді шығару дағдысын дамыту; қол қимылының
икемділігі мен көз арқылы бейнені жүргізу дағдысын дамыту; суретте
бейнеленген затты тануға және оны атауға
үйрету.

2
тапсырма
2. « Төлін тап»
тапсырмасы
Мақсаты: сәйкестендіру арқылы
жануарлардың төлін таба отырып, ажыратып білуге үйрету, қабылдауын
дамыту.
«Сергіту
сәті»
-Көңіл
-күй!!!

3
тапсырма
3. «Өз мекенін тап»
ойыны.
Мақсаты: жануарлардың
суреттері жабыстырылған қақпақтарды өз мекеніне(қорапқа) дұрыс
орналастыру. Оларды атап, ажыратуға
үйрету.

4
тапсырма
4. «Жануарларды
тамақтандыр» ойыны.
Мақсаты: жануарларды дұрыс
тамақтандыру арқылы, азық түрлерін атап, жануарларды дұрыс атап
ажыратуға үйрету.


Рефлексия
Бұзауға көмектесу арқылы
тапсырмаларды орындап анасын табу арқылы балалармен кері байланыс
жасап сабақты қорытындылау. (Анасымен бұзаудың суреті жабыстырылған
тәттіні балаларға сыйлау)
Қорытынды
-Балалар сабақ
ұнадыма?
-Бүгін не істедік, нелермен
таныстық?
-Сау
болыңдар!