жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жануарлар қалай көбейеді? 2сынып
ЖАймауытов атындағы № 64 мектеп-гимназиясы
Сабақтың тақырыбы: |
Жануарлар қалай көбейеді? |
|||
Күні: 23.10.19ж |
Мұғалімнің есімі: Сейдешова Айгүл Шалқарқызы |
|||
СЫНЫП: 2Ғ |
Пәні : Жаратылыстану |
|
||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
2.2.2.3 - жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру; 2.2.2.4 - жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру 2.2.2.5-эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||
|
||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||
|
||||
Кейбір оқушылар: |
||||
|
||||
Бағалау критерийі |
Жануарлардың төлдеу,жұмыртқалау,уылдырық шашу арқылыкөбею жолдарын түсіндіреді |
|||
Тілдік мақсат |
Оқушылар таныс емес «уылдырық», «төлдейтіндер», «жұмыртқалайтындар», «уылдырық шашатындар»тірек сөздерді меңгереді. Сөздерді қолданады. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру |
|||
Алдыңғы білімдер |
Жануарлардың негізгі сипаттамаларын біледі, үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алады. Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі. |
|||
уақыт |
Жоспарланған жұмыстар |
Оқушының іс -әрекеті |
||
Басталуы 5 минут
5 минут |
1.Ұйымдастыру кезеңін өткізу. Психологиялық дайындық
Қымыз Қымыран Қаймақ суреттерін топқа беріп,оны неден алынатынын сұрау 2.Кіріспе тапсырма «Біз үй жануарларынан не аламыз?» (Оқушылар өз ойларын айтады) Ойлан: 1)Қымыздың суретін көрсетіп бұл не? 2)Оны қандай жануардан аламыз? 3)Қаймақты біз неден аламыз? 4) Неліктен сиырды үй жануары деп атаймыз? 5) Шұбатты біз неден аламыз? 6) Үй жануарларына ұқсайтын тағы қандай жануарларды білеміз? Жануарлар төлдері арқылы неғылады? Үй тапсырмасын пысықтау Сүтқоректілер, бунақденелілер, балықтар, құстар.т.б. салып келген суретін қорғап шығады
|
Оқушылар көрсетілген суретті атап, оның ненің сүтінен жасалатын айтады және қандай пайдасы бар екенін айтады |
||
15минут |
Олай болса балалар бүгінгі өтетін сабағымыз Жануарлар қалай көбейеді ? деп аталады. Жануарлардың белгілері Суреттегі жануарларды сыртқы белгілеріне қарап сипаттап бер. Олардың қай топқа жататынын атату.
-Қай топтың жануарлары суретте болмады? -Қосмекенділер және жәндіктер -Қосмекенділер туралы не білеміз? -Жәндіктер туралы не үйрендік? Болжам Жануарлардың барлығы бірдей болса, не болар еді? Болжамыңмен бөліс. Бұл жануарлар қалай көбейеді Жаңа сабақ Олай болса, онда бүгін біз жануарлардың көбеюі туралы ой қозғаймыз
Жұмыртқа арқылы көбею. Суреттегі жануарлардың қайсысы жұмыртқадан шығуы мүмкін? (қолтырауынның баласы, тасбақаның баласы, тауықтың баласы) Суретте бейнеленбеген тағы қандай жануарлар жұмыртқадан шығады? (кесіртке,құстар) Уылдырық арқылы көбею. - Қалай ойлайсыңдар, уылдырықтан не шығуы мүмкін? (Балық.) - Уылдырық шашатын жануарлар туралы не білесіңдер? - Уылдырық неге ұқсас? Тірі туатын жануарлар: Жұмбақ шешу Тастан тасқа секірген, Қалқиып қос құлағы. Ойын болып өкірегі, Аула оның түрағы. (лақ) Жем,шөп беріп бағамыз, Сүтін сауып аламыз?(сиыр) Қамыс құлақ, тастаған тұяқ, Мінсе көлік, сүті дәрі, еті ем (жылқы) -Қандай жануарлар туралы әңгімеледік? Олар қалай көбейеді? Бұл жануарлар төлін тірі туады екен. Есте сақта! Жануарлар түрлі жолмен көбейеді. Олардың кейбірі жұмыртқа салады не уылдырық шашады. Мұндай жануарларды жұмыртқа салатын жануарлар деп атайды. Басқалары балалайды. Оларды баласын тірі туатын жануарлар деп атайды. |
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
«Интервью» әдісі Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады
Оқушылар берілген сұрақ бойынша болжам жасайды
Берілген жұмбақтың шешуін тауып,олардың қалай туылатыны туралы ой қорытады |
||
Сергіту сәті 2 минут |
«Сергіту сәті» Іс қимыл жаттығуы Жерді қопарамыз, Топырақты тегістейміз, Ағашты егеміз, Талдарды әктейміз, Гүл егеміз, Күтіп баптаймыз, Олар жайқалып өсті! Міне, достым бәрі біздің қолымызда! Жақсы іс жасап, нәтиже көрсету де біздің қолымызда!!!
|
«Сергіту сәті» іс қимыл жаттығуы
|
||
Аяқталуы 18 минут |
Топтық жұмыс. Зертте
Әр топқа жануарлардың суретін таратып беремін, берілген тапсырманың қорытындысы бойынша балалар А3 пішінді параққа топтап жапсырмалайды және неге екенін дәлелдеп айтады 1-топ Жұмыртқа салады 2-топ Уылдырық шашады 3-топ Баласын тірі туады Әр топқа жануарлардың суретін тарату (сиыр, ат, үйректұмсық, мысық, ит, қолтырауын, түлкі), А3 пішінді парақ (үш бөлікке бөлінген, бірінші жартысында «жұмыртқа салушылар», ал екіншісінде «төлдейтіндер»,ал үшіншісінде уылдырық шашатында деген сөздер жазылған) желім. Оқушылар кезектесіп жануарлардың суреті бар үлестірме парақшаларды А3 пішінді парақтың тиісті жағына орналастырады. Себебін түсіндіреді. Өз пікірін айтады, талқылайды. Дәптермен жұмыс Жануарларды топтастыр 13-жұмыс Сәйкестендір
Жануарлардың суреті жапсырылған А3 парағын топтарға таратып беремін. Олар жануарлардың қайсысы жұмыртқалайды, қайсысы баласын тірі туатынын , қайсысы уылдырық шашатынын, қайсысы басып шығаратынын бір біріне сәйкестендіруі тиіс. Не артық? Пысықтау
Жұмыртқа суретінің айналасына әртүрлі жануарлардың суреттерін жапсырып қоямын. Жұмыртқалайтын жануарлардан басқасын алып тастау керек Ойлан: «Балықтар қай жерде тіршілік етеді, олар уылдырығын қай жерде сақтайды?» ? (Уылдырықтың қараусыз қалатыны және оларды толқын жағаға шығарып тастайтыны, жыртқыш балықтардың жеп қоятыны туралы қорытынды жасау. Сондықтан балықтар тұқымын қалдыру үшін уылдырықтар көп болуы қажет екеніне назар аударту Жануарларды бағалы терісі, еті мен уылдырығы үшін аулау олардың санының азаюына әкеледі. Сондықтан оларды балалайтын, уылдырық шашатын, жұмыртқа салатын және ұя салатын кезінде аулауға болмайды. Міне, балалар біз бүгін жануарлардың қалай көбейетінін білдік. |
Оқушылар топ болып ақылдасып шешім шығарып, тапсырманы орындайды, зерттеу қорытындысы дәптерге жазылады.
Дәптермен жұмыс жүргізіп,жануарларды ажыратып, қажетті түспен бояйды
Әр тапсырма соңында оқушыларды мадақтап, смайликтер беріп отырамын |
||
Сабақтың соңы |
Үй тапсырмасын беру; Мақтау, мадақтау |
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Төлдейтіндер және жұмыртқалайтын жануарларды топтастыруды ұсынғанда кейбір оқушыларға суреттердің жанындағы дөңгелектерді бояуды, ал қалғандарына кестеге жануарлардың аттарын жазуды ұсынамын. |
Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау. |
Сергіту сәтін өткізу |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген