400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жануарлар қыста қалай жылынады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс-тәжірибемді бөлісу мақсатында жарияладым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:07.04.2017ж

Пәні:дүниетану

Сыныбы: 2 а

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қыста қалай жылынады?

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі жайлы түсінік беру;
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, қыста жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларға жануарлардың қыста қалай жылынатыны жайлы мағлұмат бере отырып, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту;
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тест
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жануарлардың суреттері
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.

А) Оқушыларды түгендеу.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Б) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу (түстер арқылы бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жарық – жануар тіршілігіне қажетті жағдай. Мазмұны.

Үй жұмысын бекіту

Постер қорғау « жануарларға Бес жағдай қажет» олар қандай ? дәлелдеу

Бағалау әдісі «Екі, жұлдыз бір тілек»

Тест
1. Жапалақ жемін қашан аулайды?
а) күндіз
ә) түнде
б) түсте
2. Соқыр тышқан жемін қалай тауып жейді?
а) тұмсығындағы майда сезімтал қылшықтарымен
ә) көзімен
б) аяғымен
3. Жануарлар тіршілігіне не қажет?
А) ауа, су, жарық, жылу, қорек
ә) үй
б) темір
4.
 Топырақта ауа бола ма?
А) болады
ә) болмайды
б) мүлдем болмайды
5. Жануарларға жарық керек пе?
А) ия
ә) жоқ
б) керек емес
V. Жаңа сабақ.

Мұртымен туады,

Мұртын күнде жуады. (мысық)

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (қоян)

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ ,тоқ, тоқ соғады . (тоқылдақ)

Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсындар?

А/ Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің індеріне тығылады. Өзің ауыл маңын аралағанда, кейбір індерді көрген шығарсың. Бұл індер тышқан, суыр, борсық сияқты жануарлардың баспанасы. Аюдың апаны, борсықтың іні, т. б. болатынын білесің. Ауа райы салқын, суық кездерде олар соған кіріп жылынып жатады. Қоян түлкі, тиін, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі. Қыста аюдың апаны, борсықтың іні жылуды сақтап тұрады. Бұл қызық!
Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануарлар да жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң-ақ олар еш нәрсеге шамасы келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда олар қайта тіріледі.
Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ та қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті жылдың жартысын ұйқымен өткізеді.
Аю да қысқы ұйқыға тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан соң жатады. Сол сияқты жыл құстары да жылы жаққа азық жеткіліксіз болғандықтан ұшып кетеді.

Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ та қыста ұйқыға жатады.
Ә/ тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу
Дәптермен жұмыс.

Жануарлар - ұя, ін, апан - мамық, жүн
VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.
Сергіту сәті....
Сұрақтарға жауап беру:
1) қысқа азық дайындайтын аңдар:
2) қысқы ұйқыға жататын аңдар:
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Кім зерек? (ойын)
1. Тиін, тоқылдақ ұясын қайда салады?
2. Қандай аңдардың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн шығады?
3. Қандай жануарлар ешнәрсеге шамасы келмей қатып қалады?
4. Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануарды ата.
5. Қыста ұйқыға жататын аңдарды ата.
6. Жануарлар тіршілігіне не қажет?
VІІІ.
Үйге тапсырма: Жануарлар қыста қалай жылынады? (Эссе)
ІХ. Бағалау.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі