400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Жануарлардың көктемгі тіршілігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жануарлардың көктемгі тіршілігі

Көктемде сүтқоректілер төлдейді, балалайды, күшіктейді, қоздайды. Алғашқы кезде балаларын емізу арқылы тек сүтпен асырайды.

Киік лағын шөбі сирек, ық жерге туады. Лақ тек енесі келгенде ғана орнынан тұрады. Уыз еміп тойып алады да, қайта жатады. Лақтың түсі айналасындағы шөппен, бұтамен өте ұқсас болады. Қасына жақын келмесе, көзге түспейді. Бірақ қасқыр, түлкі, бүркіт үстінен түсіп қалса, жеп кетеді.

Халық киіктің лағын «құралай» деп атайды. Көктемнің ортасында күн бір аптадай салқындайды.

Жауын-шашындатып, суық жел соғады. Осы кезде лақ орнынан тұрып, енесіне еріп кетеді. Сондықтан халық бұл желді «құралай желі» деп атайды екен.







Көктем қарбаласы.

Көктемде қорек өте тапшы болады. Сол себепті қыстан арықтап шыққан аңдар қатты қиындық көреді

Тышқан, түлкі, тиін, кірпі-бәрінің көктемдегі әрекеті-күні бойы қорек іздеу. Балаларын суықтан және жауларынан қорғайды.

Көктем қуанышы-аңдардың балалауы.



Көктем қарбаласы

Аю қыс ортасында ұйықтап жатып балалайды. Аюдың баласы «қонжық» деп атайды. Қонжықтар енесін еміп сүтпен қоректенеді.

Көктемнің басында аю қонжықтарын ертіп, апаннан шығады. Олар көктей бастаған өсімдік, енді ғана шыға бастаған бунақденелілерді іздеп, күні бойы орман кезеді. Құс жұмыртқасын, жас балапанды жеуден де тартынбайды, илеуін бұзып, құмырсқаларды теріп жейді. Аю балық аулауға да епті.



Малды көктемде бағып-күту

Көктемде мал да төлдейді. Оларды арнаулы қорада төлдетеді. Төлді басқаларынан бөлек бағып-күтеді.

Жас төлді кейде қосымша қоректендіреді. Соның арқасында жас төлдер тез көтеріледі.

Күн жылына малды өріске жаяды. Жаңа шыққан көкті жеген мал тез семіреді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі