Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№66 мектеп-лицей»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны
Тақырыбы: Жануарлардың
көктемгі тіршілігі
Өткізген:Самыратова Куанышкул
Абдрахмановна
Сыныбы: 3 «К»
сыныбы
2021-2022 оқу
жылы
Сабақтың тақырыбы :
Жануарлардың көктемг тіршілігі.
Сабақтың
мақсаты: 1. Көктемнің жануарлар
тіршілігіне өте елеулі өзгерістер әкелетінін ұғындыру.
2. Өлі табиғаттың көктемгі өзгерістерінің тірі табиғатқа тигізер
әсері жайлы түсінік бере отырып, оқушы ойын
дамыту.
3. Табиғатты сүюге аң-құстарға
қамқорлық болуға , мейірімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивтік тақта, аңдардың
және олардың төлдерінің суреттері.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі: Әңгімелеу,сұрақ-
жауап.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
-Балалар мен сердерге жұмбақ
жасырамын, жауабын тауып көріңдер.
Гүл-гүл
жайнап
жер,
аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең
? (Көктем)
-Көктем айларын кім атап
береді?
-Наурыз, сәуір, мамыр
-Осы айлардың атымен топқа
бөлінеміз. Топ ережесін айтып кетемін. Әр топ өз топтарын смайлк
арқылы бағалап отырады.
II.Үй тапсырмасын сұрау: Бунақ
денелілер 3- 4 оқушыдан сұрау. Енді әр топқа сұрақтар таратамын,
соларға дайындалып жауап береді.
I топ
«Наурыз»
1.Бунақденелілерді ата.
2. Қандай жәндіктер зиянды?
(маса, шыбын)
II топ
«Сәуір»
3.бақаларды неге қосмекенділер деп
атайды?
4.Жорғалап жүретін жануарларды
қалай атайды?
III топ
«Мамыр»
5.Суда ғана тіршілік ететін жануарларды қалай
атайды?
6.Қандай жәндіктер пайдалы?
(ара,шегіртке)
Ойын : «Мекенін
тап»
Балық, бақа, қарлығаш, үйрек,
жылан,құмырсқа,көбелек.
Әрқайсының тіршілік ететін ортасына орналастырып,
тіршілік ететінін айту.
-Бұлардың тіршілігі қай кезде
оянады?
-Көктемде
-Олай болса топтарға тапсырма
беріледі.
I топ «Наурыз» Топтастыру
«Көктем»
Көктемде қандай өзгерістер болады соларды
топтастырып жазыңдар.

II топ
«Сәуір»
Көктем мезгілінің суретін
салыңдар
III топ
«Мамыр»
Мақал-мәтелдер көктем туралы соған дайындалып
отырамыз.
Әр топ жұмыстарын қорғайды.
-Көктемде қандай жануарларды
білесіңдер?
-Соған байланысты сөзжұмбақ беремін әр топ
шешеді.
I топ «Наурыз»
Жануарлар
1.Жылдың ең ыстық мезгілі.
/жаз\
2.Аңда бар,өсімдікте жоқ. /а\
3.Қасиетті
тағам. /нан\
4.Балықтың
мекені. /су\
5.Өсімдік көркі. /жапырақ\
6.Бал
жинайтын жәндік . /ара\
7.Ешкі төлі. /лақ\
8.Адам өзін қайдан
көреді ./айнадан\
9.үй
жануарының бірі. /сиыр\
II топ «Сәуір»
Құстар
1.Төрт түліктің бірі. /қой/
2. Нанды неден пісіреді? /ұн/
3.Тышқанның жауы. /мысық/
4.Шашты немен тарайды. /тарақ/
5. Бал жинайтын жәндік. /ара/
6. Оқушы сабақ оқитын үстел.
/парта/
III топ «Мамыр»
Балықтар
1. Екі мекені бар жәндік.
/бақа/
2. Қымбат жан. /ана/
3. Адам мүшесін ата. /қол/
4. Жылқының сүтінен жасалатын сусын.
/қымыз/
5. Қойдың төлі. /қозы/
6. Қарт кісі. /ата/
7. Жемістің бірі. /алма/
8. Бал жинайтын жәндік. /ара/
(Сөзжұмбақты тақтаға ілдіру, ерекше тор көздегі
сөздерді оқыту.)
-Қандай сөздер
шықты?
Қайсыларымен таныстық. Қайсымен таныс
емеспіз?
-Жануарлар
III. Жаңа сабақ-Ендеше біздің бүгінгі жаңа
сабағымыз жануарлардың көктемгі тіршілігі.
Көктем-ұйқыға кеткен жануарлардың оянатын
кезеңі.Көктемде күннің көзі ауаны жылыта бастайды.Осы жылудан
топырақ жібіп,қар еріп, жылғалардан су ағады.Ауаның
жылуы,топырақтың жібуі жануарларға әсерін
тигізеді.
- Көктемде жануарлардың
төлдеуі басталады. Наурыз айында қояндар көжектейді. Түлкі,қасқыр
күшіктейді.Аю,арыстан,жолбарыс
балалайды. Киік лақтайды.Олар алғашқы
кезде баласын емізу арқылы сүтпен асырайды.
Киік туралы мәліметтер айта
кетемін.
Киіктің лағы өте
әдемі,көзі мөлдіреген қап-қара болады.Сондықтан,әдемі қыздарды
құралайға теңейді.Киік – ең жүйрік, сұлу, киелі жануарлардың бірі.
Оны ақбөкен деп те атайды, баласын құралай деп атаймыз. Киіктер
мамыр айының10-20 аралығында төлдей бастайды, сол кезде ауа - райы
бұзылып, , жауын – шашын болады. Қазақтар оны «Құралайдың желі» деп
атайды. Киіктің тағы бір ерекшелігі – олар ешқашан жетім қалған
лақтарын тастамайды. Кез - келген киік маңырап шыққан құралайды
кездестірсе, қасына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің
жүйріктігі сондай туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып
жете алмайсың.
Сергіту сәті (Музыкалық
қимылмен)
Мәтінмен жұмыс. «Наурыз»
мәтінді оқиды
«Сәуір» мазмұнын айтады.
«Мамыр» сұрақ қояды топтарға.
Дәптермен жұмыс.Әр жануардың баласының атын
жазу.
I топ «Наурыз» Дәптерге жазады.
Қасқырдың баласы-бөлтірік
Түлкінің баласы-мыршай
Аюдың баласы-қонжық
Қоянның баласы-көжек
Киіктің лағы-құралай
II топ «Сәуір»
Тақтада дәптерде берілген тапсырманы тақтаға
жазады.
III топ «Мамыр»
Аңдарға жатпайтын артығын тауып, оларды
қысқаша сипаттап кету.
Қорытынды:
Ойын «Қайсысы
артық?»
1.Аю, арыстан, қасқыр, түлкі, арыстан, тиін
(тиін-жыртқыш емес)
2.Қой, сиыр, жылқы, түйе, марал (марал-жабайы,
қалғандары үй жануарлар)
3.Жылан, кесіртке, бақа, (бақа- жорғалаушы
емес)
Сәйкестендіру.
Аю мыршай
Ит
көжек
Киік бөлтірік
Түлкі қонжық
Қасқыр абдан
Қоян
күшік
Арыстан құралай
Бағалау
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып
мазмұндау.