400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Жануарлардың қандай түрлері болады?1 сынып облыстық семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Мектеп: Шамалған бекетіндегі ҚОМ

Күні : 17.10.18ж

 

Мұғалімнің есімі: Кочкарова З.Я

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:


 

  

  

Ресурстар:

          

  • ферманың күнделікті тіршілігі туралы бейнефильм, мысалы, http://www.youtube.com/ watch?v=j-OB5q7ZxcY.

Күтілетін нәтижелер:

     


Сабақтың мақсаты:


Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Әлемде жануарлардың орасан көп түрі бар. Алғашында олардың барлығы жабайы болған, бірақ адам кейбірін қолға үйретті. Адамдар үй жануарларына қамқорлық көрсетеді. Қамқорлық көрсету дегеніміз — оларды қоректендіру, емдеу, қорасын салу, олардың ұрпақтарына қамқорлық  көрсету болып табылады.

Үй жануарлары үшін адам малқора соғады. Сиырға арналған малқора — сиырқора деп аталады. Бұл үлкен, жылы қора, онда су құюға арналған науа, жем салатын астау болады.

Жылқыға арналған малқора атқора деп аталады. Бұл — ұзын ағаш қора, екі жағынан қашаларға бөлінеді.

Түйеге арналған қора — түйеқора, ал қойға арналғаны қойқора деп аталады.

Арқар. Жұптұяқты сүтқоректі. Денесінің ұзын­ дығы 1 м-ден 2 м-ге, биіктігі 1 м-ге дейін жетеді. Тау бөктерінде, жартасты тау етегінде, шатқалдарда тіршілік етеді.

Құлан. Сырттай есекке ұқсайтын түз жануары, бірақ жылқымен ортақ белгілері көп. Жазықта, шөл және шөлейт жерлерде тіршілік етеді, тау бөктерлерінде де кездестіруге болады.

Құндыз. Сүтқоректі, ірі кеміргіш. Денесінің ұзындығы кейде 1 м-ге дейін жетеді. Жүзе алады, артқы аяқтарының саусақтарының арасында жарғақтары бар, алдыңғы аяқтарымен бұтақтарды қармап ұстап, жерді қаза алады. Судың астында 15 минутқа дейін бола алады. Ағаштың қабығы мен сүрегін қорек етеді.

Кіріспе тапсырма. Сабақты жануарлар туралы сөзжұмбақ дайындап әкеліп, шешкізуден бастадым.

 «Ойлан, тап». Оқушылардың назарын жануарлар және олардың дыбыстары жазылған бейнетаспаға аударамын.

-Бейнетаспадан көрген жануарлардың  қайсысы ойларыңда қалды?

-Олар туралы не айта  аласыңдар?

-Қайсысы біздің өлкемізде тіршілік  етеді?

-Атап өткен  жануарларды қандай топтарға  бөлуге  болатынын сұраймын.

-(Жабайы және үй  жануарлары.) Егер оқушылар жауап беруге  қиналғанда, жетелеуші сұрақтар қоямын.  

-Аталған әр жануар қай жерде тіршілік етеді?  

 Жабайы және үй жануарлары.


Суреттерді төмендегідей етіп жұптастыруға болады:

         


 Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету.

 

Енелері мен төлдері. Үй жануарларын атап шығуды тапсырыңыз. Әр жануар қандай дыбыс шығаратынын дыбыстап көрсетуге болады. Сонымен қатар “Жалғастыр” ойынын ойнасын. Мысалы: ит — күшік, тауық — балапан, мысық — марғау, үйрек­ — балапан, қаз — балапан.

 Зерттейік. Мұғалім алдын ала әзірленіп қойған белгілі үй жануарларының,  олардың қораларының, азықтарының, бағып-күтуге арналған құралдардың  суреттерін таратады. Мысалы, сиыр, түйе, ит, жылқы, шөп, қырғыш, жем-шөп,  сүйектер, сиырқора, ит үйшігі, қойқора, атқора.

 Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануары үшін не істей алатындығын  сәйкестендіреді. Әр топқа бір жануарды таңдап алып, ол туралы мәлімет  дайындауға ұсыныс жасауға болады.

Ойлан!

Оқушылар мынадай сұрақтар бойынша ойланып көрсін: Ит қандай әрекеттер жасайды? Қасқыр ше? Олардың қандай ұқсастығы бар? Негізгі ерекшеліктері не?

“Орман” және “үй” деген үлестірмелі материалдарды оқушыларға таратып беріңіз. Мұғалім жануарларды атайды, ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса “ОРМАН”, үй жануары деп ойласа “ҮЙ” белгісін көтереді.

Сөздер: сиыр, бұғы, қасқыр, қой, есек, бұлан, кірпі, қоян, тауық, қаз, түлкі, мысық, аю.

Бағалау

 

    Оқушылар жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата білуі керек.

 Үй және жабайы жануарлар. Бұл тапсырманы барлық оқушыларға жеке  орындауға беріңіз. Тапсырманы аяқтаған соң өзара бағалау арқылы тексеруді  ұсыныңыз. Тапсырманы орындау жылдамдығы мен дұрыстығына назар  аударыңыз. Содан соң бейнеленген жануарларды тағы бір атап шығуды  ұсыныңыз.

 Жауабы:Үй жануарлары: 2, 4, 5, 9. Жабайы жануарлар: 1, 3, 6, 7, 8.

 Оқушылар әртүрлі жануарлардың тіршілік ететін орнының атауларын біледі.

 Адасқан жануарлар. Оқушылар жануарларға өз мекендейтін орнын тауып  алуына көмектесуі қажет. Тапсырманы орындау барысында тағы бір рет    жануарлардың және олардың мекендейтін орнының атауларын айтып өтеді.  Жұптағы балалардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастырыңыз. Жауап беруге  қиналған оқушыларға көмектесу қажет.

  Жауабы: Үйшік — ит, қойқора — қой, атқора — жылқы

Қорытынды бағамдау

   Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

   1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

   2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

   Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

   1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

   2: Рефлексия.

   Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі