жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жануарлардың қандай түрлері болады? 1 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Мектеп: Алғазы орта мектебі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тірі табиғат» Мұғалімнің аты-жөні: Кыдырманова Г.С Бөлімше: 2.2 Жануарлар Ортақ тақырып: «Менің мектебім» Күні: 23.10.18ж Қатысқандар саны: 9 Сынып: 1 сынып Қатыспағандар саны: . |
||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Жануарлардың қандай түрлері болады? |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
1.2.2.2. Қандай жануарлар үй жануарларына жататыны туралы біледі. Жабайы және үй жануарларын ажырату. 1.1.1.1. Қоршаған әлем құбылыстары, үдерісі мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру. |
|||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Жабайы және үй жануарларын ажырата алады, үй жануарларының төлдерін табады. Қоршаған ортадағы құбылыстардың өзгерістерін біледі. |
|||||||
Көптеген оқушылар: жабайы және үй жануарларын ажыратып, ұқсастығын айтады. Қоршаған ортаны тану тәсілдерін атайды. |
||||||||
Кейбір оқушылар: жабайы және үй жануарларын ажыратып, ұқсастығы мен айырмашылықтарын атап, дәлелдеме айтады. Қоршаған ортаны зерттеудің маңыздылығын түсіндіреді. |
||||||||
Бағалау критерийі |
Жануарларды жабайы және үй жануарларына топтайды. Қоршаған ортаны зерттеудің маңыздылығын түсіндіреді |
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Жабайы жануарлар-дикие животные-wild animals үй жануарлары –домашные животные- farm animals төл –приплод-fruit Талқылауға арналған сұрақ: - Үй жануарлары қалай пайда болған? - Адамдар жануарларды не үшін қолға үйретті? |
|||||||
Құндылықтарды қалыптастыру |
Ынтымақтастық: топ болып, бірігіп жұмыс істеуге дағдыландыру, пікір мен ұсыныстар айтуға, топта, жұпта ынтымақтастықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу Құpмeт: Жұптa , тoптa жұмыc icтeу apқылы oқушылap бip – бipiн тыңдaйды, құpмeттeйдi.Ынтымaқтacтық aтмocфepa қaлыптacaды. |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану Ауыл-қала ұғымдары Көркем еңбек: жабайы және үй жануарының суретін салу. Музыка, дене шынықтыру: Сергіту сәтін жасауда Әли мен Айя мультфильмінен үзінді бойынша қимылдар жасайды. |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта, сергіту сәтінде видеоролик «Али мен Айя» |
|||||||
Бастапқы білім |
Жануарлардың тірі ағзаға жататынын біледі, өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады. |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 5 минут
5 мин
|
(Ұ) 1.Ширату: «Дыбыс арқылы жануарларды анықтау». Оқушылар қорапша ішінен суреттер суырады. Көздерін байлап, әр оқушыны өзінің суырған суреттерін дыбыс арқылы, жануарлар бір-бірін табады. Сол тапқан жануарларға байланысты топқа бөлінеді. І –топ: қасқырлар тобы ІІ-топ: ит тобы
Әр топ қойылған сурет бойынша орындарына отырады. ҚБ. «Мұғалім қолпаштауы» 2.Өткенге шолу «Лездеме сұрақтар» (ТЖ) Алдыңғы білімді қайталау мақсатында топтарға лездеме сұрақтар қоямын. 1 - топ: Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтарын айту. ҚБ. «От шашу» бағалау Жауаптары дұрыс болса – жоғарыдан шапалақтау Жауаптары толық болмаса – ортадан шапалақтау Жауаптары дұрыс болмаса – төменнен шапалақтау
2 - топ : Жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылықтарын айту ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы
|
Көз байлайтын ленталар Қасқыр, ит суреттері
Қасқыр,ит суреттері
|
||||||
Сабақтың ортасы 4 минут
3 мин
Сергіту сәті 3 минут
Зерттейміз. 3 минут
5 мин
3 минут
2 минут |
«Болжау» әдісі бойынша -Бүгін біздер қандай топтарға бөліндік?(Қасқыр және ит) -Олар нелерге жатады?(Жануарларға жатады) -Демек бүгінгі сабақта біздер ненің аясында жұмыс жасаймыз?(Жануарлар туралы айтатын болармыз.Өз болжамым бойынша) -Ендеше осы тақырыптың аясында бүгін жұмыстанамыз. мақсатымыз: Жабайы және үй жануарларын ажырату. Сабақ соңында барлығымызда жабайы және үй жануарын бір-бірінен ажырата білуіміз керек. -Қандай жануарларды білесіңдер? -Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді? -Үй жануарлары қайда тіршілік етеді? Әлемде жануарлардың орасан көп түрі бар.Алғашында олардың барлығы жабайы болған. -Ал,үй жануарлары қалай пайда болды? -Оларды не үшін қолға үйреткен деп ойлайсыздар? (Оқушылар жауаптарын тыңдап, толықтырамын) 1-тапсырма ТЖ. «Топтастыру» әдісі. Әр топқа жеке-жеке суреттер беріп, жабайы жануарлар мен үй жануарларын бөлек топтап жапсыруды тапсырамын
Дескриптор: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратады (ҚБ) Топ бір-бірінің жұмысын ауыстырып, смайликтер арқылы бағалайды.
(Ұ) «Әли және Айямен» бірге «төлдер» биін билейді.
«Ойлан, жұптас, топтас,бөліс» әдісі. Оқушыларға алдын-ала дайындап қойған үй жануарларының, қораларының, азықтарының,бағып күтуге арналған құралдардың суретін таратып беремін. Мысалы, сиыр, түйе жылқы, қора, қырғыш, жем-шөп,сүйектер, атқора,қойқора, үйшік. Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануары үшін не істей алатындығын сәйкестендіреді. Әр топ бір жануарды таңдап алып, ол туралы мәлімет жасайды. Дескриптор: -Әр үй жануарына керекті құралдарды табады. -Әрбір жануардың қораларын, азықтарын табады. Қ.Б. «Қолпаштау» ауызша .
-Енді жеке тапсырмалар орындаймыз Әрбір оқушының жеке қажеттілігін саралау мақсатында саралау әдісін пайдаланамын. 2. (Ж.) Саралау тапсырмасы А,В,С деңгейіндегі оқушыларға топшама үлестіру арқылы тапсырма беремін. А деңгейі . Суреттегі үй жануарларының төлдерін дұрыс тауып, сәйкестендір
Дескриптор -Жылқының төлін табады. -сиырдың төлін табады. -қойдың төлін табады. -Иттің күшігін табады -Тауықтың балапанын табады Тақтаға дұрыс жауабы ілінеді, сол дұрыс жауапқа қарап, өзін-өзі тексеріп, бағалайды. (ҚБ) Өзін-өзі бағалауы Барлығы
дұрыс болса
1
қате болған жағдайда
2-одан
көп қате болған жағдайда В деңгейі. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырату,ұқсастығын табу
Үй жануарлары
Жабайы жануарлар
Дескриптор -Үй жануарларын атайды -Жабайы жануарларды атайды -Ұқсастықтарын табады Тақтаға дұрыс жауабы ілінеді, сол дұрыс жауапқа қарап, өзін-өзі тексеріп, бағалайды ҚБ. Өзін-өзі бағалауы
С деңгейі. Суреттерге қарап үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын анықта.
Дескриптор: -Үй жануарларын табады -Жабайы жануарларды табады -Құндыз бен иттің айырмашылығын айтады -Құндыз бен иттің айырмашылығын дәлелдейді. -1-а сәйкестендіреді - 2-б; сәйкестендіреді - 3-ә деп сәйкестендіреді
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау «Қызыл» түс – 2-ден көп қате «Сары» түс 1 қате болған жағдайда «Жасыл» түс барлығы дұрыс болған жағдайда бағалайды.
3. тапсырма. Дәптермен жұмыс. Үй және жабайы жануарлар Бірінші жолға –үй жануарларының, ал екінші жолға жабайы жануарлар суреттерінің нөмерін жазады. Сенің өлкеңде мекендейтін жануарлар суретінің қасына + белгісін қой.
Дескриптор: Үй жануары мен жабайы жануарды ажыратып нөмері бойынша таблицаға орналастырады. Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бірін-бірі бағалау әдісі арқылы ауызша Сабақты бекітуге арналған тапсырма.(интерактивті тақтамен көрсету арқылы орындайды.) 4-тапсырма. Жануарларды тиісті бағанға орналастыр.
Дескриптор: - жабайы жануарларды анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады; - үй жануарларын анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады ҚБ. «Сиқырлы жұлдыздар»
|
Жануарлар суреттері
Элек.кітап https://www.youtube.com/watch?v=aqdN8wBwXuE
Оқулықпен жұмыс 25-бет
Жануарлар мен төлдерінің суреттері
Венн диаграммасы
Оқулықпен жұмыс 24-бет
жабайы және үй жануарларының суреттері
Дәптермен жұмыс 14-бет; 12-жұмыс парағы
|
||||||
Сабақтың соңы 2 мин |
Рефлексия Бағалау «Жетістік ағашы»
Жасыл жапырақ –үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын дәлелдей аламын. Сары жапырақ – үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратамын,бірақ бәрін емес Қызыл жапырақ – үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алмаймын
|
Стикерлер, жетістік ағашы
|
||||||
|
||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген