жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жануарлардың тіршілік үшін күресі. 2 сынып
Пән: Жаратылыстану |
Мектеп: «Балқаш қаласы №24 орта мектебі»КММ |
|||||||||||||||||||||||||||
Бөлімі: Жануарлар |
Мұғалімнің аты-жөні:Балмагамбетова Г.Е. |
|||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Қатысқандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 2 сынып |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Жануарлардың тіршілік үшін күресі. |
|||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.2.2.2 - жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау; 2.1.2.5 - құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау 2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Жануарларды атайды Көптеген оқушылар: Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді Кейбір оқушылар: Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттайды ,зерттей алады |
|||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттайды .
Жануарлардың тіршілік
ортасына бейімделуін зерттейді. |
|||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән
лексика мен терминология: бүркеніш
рең, қорғану, рең. -Қоян қалай жауынан қорғанады? -Бұғылардың реңі қандай? |
|||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Топтық, ұжымдық жұмыстарды
жүргізу арқылы ынтымақтастық пен
қарым-қатынас дағдылары дамиды. |
|||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек – «Кел, зерттейік» , «Жемсауыт» жасау Дүниетану- жануарлардың атын атау |
|||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Жануарлардың бейімделуі туралы біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушыларды ортаға шеңберге тұрғызамын. Музыка ойнайды. «Күз» тақырыбына байланысты. -Балалар,көзімізді жұмайық, әуенді мұқият тыңдаймыз да қандай сезімде болғандарынды айтасындар.(сол кезді пайдаланып ,жапырақтарды шашамын) -Әуен неге байланысты деп ойлайсындар? Оны қайдан білдіндер? Ненің даусы естілді? –Жақсы олай болса жерде шашылып жатқан жапырақтардан өздеріне ұнағанын ала қойындар. Енді жапырақтарына мұқият қарандаршы, ненің суреттері бейнеленген? Аңдар,құстар, балықтар. -Жақсы. Олай болса,орындарынды тауып отыра қойындар. (оқушылар жайғасып алады, әркім өз тобына) -Сендердің топтарын қалай аталады екен? Аңдар Құстар Балықтар Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз? Жануарлар- животные-animals -Өте жақсы 1. Қысқа дайындық -Енді, сендерге мынандай сұрақ. Күн суытқанда кейбір құстар не істейді? Жылы жаққа ұшады. -Ал,жануарлар не істейді? Ұйқыға кетеді. Түсін өзгертеді. -Ал, балықтар не істейді? Суықта судың астына қарай кетеді. -Балалар, неге жануарлар мұндай әрекетке барады? Қорғану үшін. -Яғни, қоректік заттардың азаюына байланысты кейбірі ұйқыға, ал кей құстар жылы жаққа ұшып кетеді екен. -Сонда жануарлар тіршілігі үшін не істеп жатыр? -Жануарлар тіршілігі үшін күресіп жатыр. Сонда бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады деп ойлайсындар? Әртүрлі жауаптар алынады. Жануарлар тіршілігі үшін күресі Бұл сабақта не туралы білеміз деп ойлайсындар? Әртүрлі жауаптар алынады. |
Музыка, Жапырақтар Суреттер
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
2. Кітаппен жұмыс -Ал,басқаша олар қорғана ала ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін кітапты ашып, кітаптан мәлімет алсандар болады. Мысалы жолбарыс не істеп жатыр? -Торуылдап -Қалай торуылдайды? -Қозғалмай -Бұл оған тірі қалуға қалай көмектеседі? -Ол жануарларды торуылдап,кенеттен бас салады. Бұл оның аш қалмауына септігін тигізеді. -Екінші суретте не бейнеленген? -Қоян -Ол не істеп жүр? -Ол қашып барады. -Неден қашып барады деп ойлайсындар? -Кенет шыққан дауыстан. -Ал,бұл оның аман қалуына қалай көмектеседі? -Тез ракция(тез қимылдау) арқылы қашып кетеді. -Ал үшінші фото суретте не берілген? - Бұлан мен бұзауы. -Бұзауы не істеп келе жатыр деп ойлайсындар? -Анасының іс-әрекетін қайталап жүр. Осылай ол тірі қалуды үйренеді. -Ал,енді суреттегі жануарлардың түстеріне қарандаршы. -Жолбарыстың түсі қандай? -Неге? -Ол жануарларын андығанда ашық түсті өсімдіктер мен қоңыр тастардың арасында көрінбей қалу үшін осындай болады. -Ал қоянның ше? -Сұр. -Ол ағаш,бұталардың түсімен және жердің түсімен бірдей болу үшін. -Ал қыста қоянның түсі қандай болады деп ойлайсындар? -Ақ. -Неге? -Жауынан қорғану үшін. -Дұрыс айтасыңдар. -Яғни, қоян түлеу арқылы түсін өзгертіп отырады екен. -Балалар, тек бұл аңдар ғана емес басқа да жануарлар,сонымен қатар су асты жануарлары мен құбылғы да реңін өзгерте алады екен. Оны білу үшін назарымызды видеоға аударайық. -Сонда балалар, жануарлардың түстері қандай қызмет атқарады екен? -Жануарлардың түстері қорғаныш қызметін атқарады екен. –Олай болса осыны өзіміз зерттеп көрейік. ЖЖ ТЖ 3.Кел,зерттейік -Қазыр сендер жануарлардың қандай жағдайда тіршілік ете алатының зерттеп көресіндер. Ол үшін мен сендерге:түрлі-түсті парақтар мен жануардың суретін таратамын. І.Жеке жұмыс(әр баладан,сұрап шығамын) Сендер алдымен бізді қоршаған ортаның түсі қандай болады, сол туралы ойланындар. - Бізді нелер қоршап тұр? -Айналамызда нелер бар? -Тау, тас,жер,ағаштар,шөптер т.б. -Жақсы,енді осы атағандарымызды әр түске бөлейік. Мысалы: жер,тас, тау -қара- бүркіт тауда мекендейді шөп-жасыл-шегіртке ағаштар- қоңыр –елік Әр балаға 3 түстен таратамын. ІІ. ТЖ (топпен талқылайды) -Енді жануарлардың қайда тіршілік ететіні туралы болжайсындар Олар:бүркіт,елік, шегіртке. (Жануарлардың суреттерін әр топқа біреуден таратамын.) ІІІ Жеке жұмыс -Болжап болсандар. Болжамдарын дұрыс па бұрыс па тексеру үшін жеке-жеке отырып зерттеп көрейік. Ол үшін алдарындағы 3 түске қолдарындағы суреттерінді кезек қойып шығасыңдар. Қай түсте жануар көрінбейді екенін анықтайсындар. Сол түске суреттерінді жапсырасындар( Әр балаға 3 түрлі фон(түс) таратамын) ІV.ТЖ Болған соң, бір бірінмен салыстырасындар.Ақылдасып, дұрысын карточкаға жазасын. Яғни,қай түсте жануарды көру қиын топпен ақылдасып таратпа қағазға жазасыңдар.
Жұмыстарын тақтаға шығып қорғайды. -Сонда балалар, бұл зерттеуден не ұқтындар? -Қандай қорытындыға келдіндер? -Жануарлардың түсі тіршілік ететін ортасымен ұқсас болады екен. Енді өзімізді бағалайық,жапсырған қағаздарын бойынша. Оқушылар тексеріп,бағалайды. ҚБ Бағдаршам
4.«Бұрыш» -Балалар,бағалап болсақ ойын ойнайық. -Мен әр жерге ,яғни, қабырғаларға түстерді жабыстырып қойдым. -Мен бір жануардың атын атаймын. - Сендер сол жануардың тіршілік ету ортасының түсін тауып, сол жануардың қимылын жасап барасындар. (Неге ол жерге келгендерін сұраймын.) Жасыл –бақа Маймыл-қоңыр Ақ-қоян 5.ТЖ (интернет желісімен жұмыс) http://der.nis.edu.kz/ESTESTVOZNAINE/kz/HOME%202/index.html Ноудбуктан тапсырмалар беремін әр топқа. -Жарайсыңдар ! -Біраз сергіп алсақ. Енді, әрі қарай сабағымызды жалғастырайық Сәйкестендір
Ойлан тап Тастардың орнына суреттерді қой
Сөз жұмбақ Ұйқыға кетеді-аю Жылы жаққа ұшады-құс Инелері бар-кірпі жазады Тапсырманы дұрыс орындаса: жарайсың! Қатесі болса :тырысып көр! 6.ТЖ (жемсауыт жасау) -Балалар, бүгін біз сабақта жануарлардың тіршілік үшін күресі туралы айттық, тапсырмалар орындадық. Сонымен олар тіршілік үшін күресуде не істейді екен? Әр түрлі жауаптар алынады. -Ал, біз адамдар олардың өмірін сақтап қалу үшін не істей аламыз? Мысалы қыстап қалатын құстарға қандай көмек көрсете аламыз? -Ұя жасаймыз, жемсауыт жасаймыз. -Олай болса, топпен жемсауыт жасайық. -Жарайсыңдар, сабақтан кейін сыртқа шығып іліп ағаштарға іліп қоямыз. ҚБ смайлик ТЖ Енді сендердің сабақты қаншалықты меңгергендеріңді білу үшін келесі тапсырманы орындайық. «Екі шындық бір жалған» 1 топ Аю қыста ұйқыға кетеді Кірпі түсін өзгертеді Тасбақаның берік сауыты бар 2 топ Қоян аңды торуылдап ,кеңеттен шабуыл жасайды Қоянның түсі қыста ақ болады Қоян өте сақ 3топ Құбылғы түсін өзгерте алады Шегіртке бүркеніш реңді Көбелек инелерімен қорғанады. Топта ақылдасып, бір адам түсіндіреді. ҚБ Бас бармақ
|
Интербелсенді тақта Видеороликке назар аудару «Бүркеніш рең»
Суреттер,карточкалар,түрлі-түсті қағаздар
Қорап, қайшы,жіп,жапсырғыш,нан қоқымы
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Рефлекция «Білім ағашы» Сабақты жақсы түсінсендер жасыл жапырақты ағаштың ұшар басына, әлі түсінбегендерін бар болса сары жапырақты ағаштың ортасына, ал түк түсінбей отырсаңдар қызыл жапырақты жерге жапсырасыңдар Сабақ аяқталды.
|
|
||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Сұрақ-жауап кезеңінде? |
Сәйкестендір,сөз жұмбақ шешу, байланыстыр тапсырмалары арқылы.
|
Сергіту жаттығуын жасау кезінде. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1 2 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1 2 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген