400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ашық сабақ Жануарлардың тіршілік үшін күресі Жаратылыстану 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына арналған жаратылыстану пәнінен ашық сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлардың тіршілік үшін күресі.


Мұғалімнің аты-жөні:Бабагумарова Г.Г

Күні:17.10.18

СЫНЫП: 2 «Б»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.3 - бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;

2.2.2.2 - жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау;

Сабақ нәтижесі:


Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Жануарлардың тіршілік үшін күресі туралы түсінік алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Шаттық шеңбері.

Топқа бөліну

1 топ. Сүтқоректілер тобы

2 топ. Бунақденелілер тобы

3 топ.Бауырымен жорғалаушылар тобы

Қабырғаға әртүрлі жануарлардың суреттері ілінеді. Оқушылар қабырғадағы суреттерді алып, сол суреттің қай топқа жататынын анықтап, топтарға орналасады.

 Өткен сабақты бекіту

- Жануарлар әлемі туралы не білеміз?

-Қандай жануар түрлерін білесіңдер?

-Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

A-mektep арқылы өткен сабаққа шолу жасайды



Жаңа білім

10 минут






Сабақ мақсатымен таныстыру

Жануарлар тіршілігі мен қорғанысы туралы үйренетін боламыз

Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері, кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлар қоршаған ортаға әртүрлі қабілеттіліктерінің арқасында бейімделеді. Мұндай қабілеттіліктері болмаса, жануарлар белгілі бір тіршілік ету ортасында тез өліп қалар еді.

Мысалы, ормандағы қарағай, шырша көбірек өсетін аймақтары тиіннің мекен ортасы болады. Бұл мекенде тиіннің сүйікті азығы – бүр жеткілікті, саңырауқұлақ та көп; тоңса – паналайтын, қорықса – тығылатын, ағаш діңіндегі қуыстар – баспана болып табылады.

жеуге бейімделген

Жануарлардың реңі туралы оқушыларға ақпарат беру

Әр жануардың өзінің жауынан қорғанатын реңдері болады, яғни түстері болады. Жаулары келіп қалғанда, өздеріне қауіп төнгенде өзі тұрған жердің түсіне енеді.(Мысалы: көбелек) Не маусымның өзгеруіне қарай түстерін өзгертіп отырады. (Мысалы: қоян). Сақтандырғыш рең жырқыштарға қажет.  Мысалы, орман іші ағаштардың жіңішке бұтақтарының көлеңкесі мен күннің сәулесімен жолақ-жолақ болатындықтан жолбарыстың да түсі жолақ-жолақ болады. Басқа жануарлар оны байқамайды.

♦ Бүркеніш реңі → Жәндіктің түсінің топырақ, шөп, гүлге ұқсап, жасырынып қалу. Мысалы: шегіртке, көбелек.
♦ Сақтандырғыш рең → Денесінен бір нәрсе бөлу арқылы жауынан сақтану. Мысалы: қанқыз
♦ Қорғаныш рең → Басқа бір қауіпті жануарға електеу арқылы жауын қорқыту. Мысалы: қарашыбын





Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут






Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі 15 жұмыс парағын орындау

Топтық жұмыс

-Жануарларды тіршілік ететін ортасына орналастыру

-Кітапты пайданалана отырып, сәйкестендіру

-Лупаның көмегімен жануарды тауып, мәлімет жазу





Аяқталуы

Сабақты бекіту


- Жәндіктердің тірі қалуына не көмектеседі? (бейімділік)

- Сақтаңдырғыш рең дегеніміз не?

- Қорғаныш реңі дегеніміз не?

- Бүркеніш реңі дегеніміз не?

- Қандай жануарлар сақтандырғыш реңін қолданады?

- Бүркеніш реңін қандай аңдар пайдаланады?




Тақырып бойынша түйген білімдерін ортаға салады

Бағалау



Кері байланыс

Жұлдызша, смайликтер арқылы жүзеге асады


Үйге тапсырма: Сурет салу

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?Бүгін оқушылар

не білді?Сыныптағы ахуал

қандай болды?Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі