Мерзімі: 16.05.2017
ж
Сабақтың
тақырыбы: Жануарлар мен
өсімдіктерді қорғау .
Сабақтың
мақсаты: Жануарлар мен өсімдіктерді
қорғау тақырыбымен таныстыру. Қызыл кітап туралы түсіндіру.
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы мәлімет беру.
Оқушыларға жануарлар мен өсімдіктерге қамқор болуға, жерін сүюге
баулу, тәрбиелеу.
Білімділігі: Жануарлар мен өсімдіктерді
қорғауды айту. Қызыл кітапты сипаттау. Жануарлар мен өсімдіктерді
қорғауды түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқу
дағдыларын дамыту. Жануарлар мен өсімдіктерге қамқор болып жүру. Ой
–өрісін, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қасиеттерін
қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларға жануарлар мен
өсімдіктерді қорғауды, Отансүйгіштікке, адалдыққа, батырлыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі
: АКТ, аңдар мен құстар
суреттері, Қызыл кітап суреті, жұмбақ және тест
тапсырмалары.
Әдісі: Топтық жұмыс, Джигсо,
сұрақ-жауап, постер жасату. Пікір ағашы,
«Үш қадамды
сұхбат»
Типі: жаңа білім
беру
Сабақтың барысы: І .
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық
дайындық. Шаттық шеңберін
құру.
Қуанамын мен
де,
Қауанасың сен
де.
Қуанайық
достарым,
Арайлап атқан
күнге.
Оқушыларды 4- топқа бөліп алу.
Аңдар суретін пайдалану. Арыстан, Барыс, Қабылан,
Арқар.
1 топ Білімділер 2 топ
Жүйріктер
3 топ Алғырлар 4 топ
Тапқырлар
Әр топқа бағалау парақшасы
таратылады. Топ басшысы өзінің топ мүшелерін смайликтер арқылы
бағалап отырады . Сабақ соңында топ мүшесінің сабаққа қатысуына
қарай қорытынды ұпайын шығарады, айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау:
-
Балалар үйге қандай тапсырма
берілген еді?
-
Өсімдіктер мен жануарлардың
табиғаттағы байланысын айту.
-
Табиғаттағы зат айналымының
суретін салу немесе ермексаздан илеп жасап
келу.
-
Табиғатта тек адамға пайдалы
жануарларды ғана қалдыру керек пе?
-
Сол туралы мағлұмат жазып
келу.
ІІІ. Үй тапсырмасын
бекіту.
Өсімдіктер мен жануарлар
тіршілігі бір-бірімен тығыз байлынысты.
Табиғаттағы зат айналымы
–үзілмейтін және тұрақты үдеріс.
Қоректік тізбектің үзілуі
жануарлар мен өсімдіктердің құрып кетуіне
әкеледі.
ІV. Жаңа
сабақ.
Қамқорлық- дегенді қалай
түсінесіңдер? Өсімдіктер мен жануарларға қалай қамқор боламыз?
Жануарлар туралы қандай мақал-мәтелдерді
білеміз?
Өзі үлкен жануар
,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
Аласа ғана бойы
бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Өзі айлакер, өзі бір
қу,
Жүрген жері айқай да шу. (
Түлкі)
Паналайды үңгірді
,
Іздемейді тасаны. (
Аю)
Ендеше бүгін өсімдіктер мен
жануарлар жайында оқып, біліп танысамыз.
Жануарлар өсімдікке де ,
адамға да керек.
Сирек кездесетін жануарлар
Қызыл кітапқа енгізілген.
Біздің елімізде жануарларды
қорғау үшін қорықтар құрылған.
Оқулықпен
жұмыс:
Жануарлар мен өсімдіктерді
қорғау тақырыбын 4-топқа бөліп Джигсо әдісін пайдалану. Әр топ топ
мүшелерімен ақылдасып жануарлар мен өсімдіктерді қорғаудың мазмұнын
айтады.
Дәптермен
жұмыс.
Сөздерге түсінік беру , жазып
алу.
Қорық – адамның кез келген әрекетіне
тыйым салынған аймақ. Онда өсімдік пен жануарлардың түрлері
қорғалады.
Қаскер- аң аулайтын, ағаштарды кесіп
шөп жинайтын адам.
Қызыл
кітап – сирек кездесетін әрі жойылып
кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар
кітабы.
Ұлттық
саябақ- адамның бүкіл әрекетіне
тыйым салынған аймақ. Она кіруге, демалуға
болмайды.
Әр –бір топқа түрлі тапсырма
беремін.
1 топ Білімділер Жануарлар мен
өсімдіктер туралы мақал –мәтел жазу
2 топ Жүйріктер. Жануарлар мен
өсімдіктер тақырыбына постер жасау.
3 топ Алғырлар Жанаруарлар мен
өсімдіктер туралы эссе жазу
4 топ Тапқырлар Жануарлар мен
өсімдіктер туралы төрт жолдан тұратын өлең
шығару.
V. Сабақты
бекіту.
« Үш қадамды сұхбат» әдісін
пайдаланамын. Бұл жерде мақсаты оқушылардың жан –жақты білімдерін
тексеру. Әр топтың міндетін түсіндіру
керек.
Білімділер тобы - Жүйріктер
тобына сұрақ қояды
Жүйріктер тобы - Білімділер
тобына жауап береді,
Алғырлар тобына сұрақ
қояды.
Алғырлар тобы - Жүйріктер
тобына жауап береді,
Білімділер тобына сұрақ
қояды.
Тапқырлар тобы - сұрақ-
жауапқа қорытындылау және талдау жасайды.
Әр топ бұрын өтілген
тақырыптар бойынша үш сұрақтан қояды. Топтар бір-біріне сұрақтарын
қойып болғаннан кейін Тапқырлар тобы бүгінгі жұмысты, топтардың
бір-біріне қойған сұрақтарының маңыздылығы мен жауаптардың
дұрыстығына сараптама жасап, топтардың жұмысына баға
береді.
Пікір ағашына «Екі жұлдыз бір
тілек» арқылы бүгінгі сабақтан өзіне ұнаған немесе ұнамаған
тұстарын стикерге жазады.
VІ. Үйге
тапсырма.
-
Жер бетіндегі жануарлардың
құрып кетуіне не себеп болған?
-
Қорықтар не үшін
құрылады?
-
Адам қолда бағып өсірген
жануарларды өз еркіне табиғатқа жіберсе, көбіне өліп қалады.
Неліктен?
-
Егер құсты белгілі бір уақытта
белгілі бір жерде қоректендірсе, олар сол жерге ұшып келіп, жемді
күтіп отырады. Бұл неліктен деп ойлайсың?
Осы сұрақтарға жауап іздеп
келу.