Ашық сабақ: Жаныңда жүр жақсы адам. 6 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Жаныңда жүр жақсы адам. 6 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін - өзі тану пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: СҚО Уәлиханов ауданы, Өндіріс орта мектебі

Тақырып : Жаныңда жүр жақсы адам.

Құндылық: Сүйіспеншілік, ішкі тыныштық

Қасиеттер : Бауырмалдық, қамқорлық, ізгі ниет

Мұғалiм: Султангазина Кульшара Зикеновна

Класс : 6

Сабақ мақсаты: Әр оқушының бойында ізгі қасиеттер қалыптастыра отырып, оны дамытуға жағдай туғызу.

Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адам бойындағы ізгі қасиеттері туралы ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығы туралы білімін кеңейту.

Дамытушылық: Әр оқушының бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуына ықпал ету;
Тәрбиелік: Оқушыларды ізеттілікке, кешірімділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010.

(Интерактивті тақта,слайд музыка,бейне баян, карточка,кағаз,

Карындаш, маркер)


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Жағымды күйге келу

Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi:

Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындайәсемқалыптасақтаңыз.
Жайменкөзіңіздіашуғаболады.

(Жайлы, баяу музыка ойнап тұрады)

Сұрақ:-Балалар, қандай сезімде болдыңдар?

-Әсерлерің қандай болды?

Ой түйініОлай болса, ішкі тыныштығымызды сақтайық.



Сабақ барысын талдау, ескертулер


Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010.


Интерактивті тақта


Презентация


PowerPoint


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Өтіріктің арты бір-ақ тұтам...» тақырыбында бастан өткен оқиғаны жазып, қандай сабақ алғанын әңгімелеу.

Сұрақ:

  • Адамды қандай қасиетіне қарап шыншыл дейміз?

  • Кез келген істің растығын қалай анықтауға болады?

  • «Өтірік өрге баспас, шындық түпте жатпас» дегенді қалай түсінер едіңдер?

Қорытынды:

Ендеше, оқушылар, тартысқа түсіп отырған әр мәселенің тоқтамын, төрелігін, байламын шынайы жеткізуге тырысайық!

Бейне баян көрсетіледі.


Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010


Интерактивті тақта


Презентация


PowerPoint


3. Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойла да, ал жаман адамды көргендеөзіңді-өзің зертте.

Конфуций.

Сұрақ:

1.Дәйексөздің мағынасын ашыңдар?

Қорытынды: Олай болса оқушылар, адами ізгі қасиеттерді бойымызға жинай отырып, жанымыздағы адамдарға жақсылық жасай білейік.

Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010


Интерактивті тақта


Презентация


PowerPoint


4.Әңгiмелеу, оқиға айту (әңгіме)

(Мұғалімнің сыйы)

Видеоролик бойынша өз ойларын, пікірлерін білдіру.

Сұрақ:

1.Видеороликтен қандай ой түйдіңіздер?

2. Өмір сүрудің мәні неде деп ойлайсыңдар?

3. Адамға жүктелген міндеттерге лайықты болу үшін қандай адамгершілік құндылықтар мен қасиеттер қажет?

Қорытынды : Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды.

Қ. Мырза Әлі.


Интерактивті тақта


Презентация


PowerPoint


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Тапсырма:

«Алғыс айту күні» жәрмеңкесі.

Оқушылар А4 қағаздан ашық хат жасап, оған жүрекжарды тілектерін білдіріп, бір-біріне ұсынады.

Дәптермен жұмыс

Қорытынды: Олай болса балалар, айналамыздағы адамдарға мейірімділікпен қарап, барынша жақсы тілектер айтып, қуантуға тырысайық!

Өзін-өзі тану жұмыс дәптері.

6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010


Интерактивті тақта


Презентация


PowerPoint


6.Топпен ән айту.

Музарт - Ақ тілек
Айналдым ән сүйер ақ тілектен,
Бақытқа балап келген. 
Жүзіңнен нұрланған тәттілік мұң 
Біздерге қанат берген. 
Көздерді көргенде үміт толған 
Шат көңіл шарқырапты .
Жүректе оянып қалыпты арман 
Ақ қанат ән туады. 

Қайырмасы: 
Дабыл қаққан шапалақпен ,
Жалындатқан шапағатпен, 
Баршаңызға бас иеміз 
Мөлдір шексіз махаббатпен.

Еркелеп, еркетем ерке көңіл,
Бой бермес қайғы-мұңға.
Сіздермен басталып ертегі өмір, 
Тербейді айдынында.
Ән-жырға таласпыз, бәрі құштар,
Нұр тұнған көздеріңнен.
Біздерде тарқамас сағыныш бар 
Арналар өздеріңе.


Қорытынды: Бойымызға сүйіспеншілік пен кең пейілділікті, асыл қасиеттерді дарыта отырып, ниетімізді таза сақтайық!

Интерактивті тақта


Презентация


PowerPoint

Музыка

7.Үй тапсырмасы.

28-30 тақырып бойынша 108-беттегі О.Бөкейдің «Менің әкем» повесінен үзіндіні оқи отырып, баланың әкеге деген шексіз махаббаты туралы ой толғау, автордың ойын жалғастыру.

Интерактивті тақта


Презентация


PowerPoint


8.Соңғы тыныштық сәтi.

Сергіту сәт.

«Тахистоскоп» тренингі

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау деңгейлерін жаттықтыру

Мазмұны: Тренингке қатысушылар бір қатарға сап түзеп тұрады. Қатысушылардың ішінен өз еркімен біреуі есте сақтау деңгейін тексеруге ортаға шығады. Алға шығып, алдында тұрған қатысушылардың орындарын есіне сақтап алуы керек. Есіне сақтап болған соң, артына қарап тұрады. Ол артына қарап тұрған кезде бір қатарда тұрған қалған қатысушылар орындарынан ауысады. Ауысып болған соң, артына қарап тұрған қатысушы кері алдына қарап, сапта тұрған қатысушыларды әрқайсысын өз орындарына орналастыруы қажет. Қатысушылар жаңағы оқушының айту бойынша орындарын ауыстырады, орындарына қойып болған соң, шатастырылған орындардағы адамдар өз орындарына барады. Сол бойынша ортаға шыққан оқушының есте сақтау деңгейі қаншалықты деңгейде екендігі анықталады. Осы ережемен тренинг жалғаса береді.

Қорытынды:Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен сүйіспеншілік пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2019
646
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі