«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: №3 Бескөл орта мектебі Мерзiмі: 09.02.21ж. № 1
Мұғалiм: Кажымуратов Э.С. Сынып: 7 Оқушылар саны: 15 Тақырып: Жаныңда жүр жақсы адам
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жақсы көру, жомарттық, сүйіспеншілік, адамдарға риясыз қызмет ету.
|
Мақсаты: оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік бере отыра, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -оқушыларға жомарттық пен жанашырлықтың адам өміріндегі маңыздылығы жайында айту, адамдардың өзара қарым-қатынасындағы жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйретуді жалғастыру; - оқушылардың қоршаған ортаны жақсы көру және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту; -оқушыларды сүйіспеншілікке, риясыз қызмет етуге тәрбиелеу; |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) АКТ, оқулық ақ парақшалар, микрафон, шарлар т.б. |
|
Сабақ барысы:
Орманға саяхат Құрметті оқушылар барлықтарыңызды тыныштық сақтап ыңғайланып отыруларыңызды сұраймын. Көзді жұмуларыңызға да болады, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды. Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз. Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын. Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныпқа келіп өз орнымызға отырамыз. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді жайлап ашамыз да бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. Тыныштық сәтінен алған әсерлерің қандай? (оқушылардың ойын тыңдау)
|
Ескерту Тыныштықты сақтау. |
«Жақсының жақсысын айт, нұры тасысын» Халық даналығы 3.1.- дәйексөзді алдымен іштей оқып шығу, хормен айту, екі екіден жұппен айту, бір-бірлерінің құлақтарына сыбырлап айту. 3.2.- оқушылар сендер бұл дәйексөзді қалай түсінесіңдер? 3.3.- қандай адамды жақсы дейміз және неліктен? 3.4.- жарайсыңдар оқушылар! ал енді дәптерге бүгінгі күнді, тақырыпты және осы дәйексөзді жазып алайық. Адамның жақсы екендігі риясыз жақсылықтар мен игі істерінен, айтылған жағымды сөздерінен көрінеді. «Ақкөңілділік, жайсаң мінезділік, дарқандық, мырзалық, сыпайылық, кешірімділік» т.б. жақсы адамдарға тән қасиеттер. Жақсы адам өз істеген жақсылықтары жайында сөз етпейді. |
Дауыстап айту, Дәптерге жазу. |
Сұрақтар: 4.1- ана мен бала жайында өз ойларың? Жаңағы бейне үзінді бойынша түсініктерің қандай? 4.2- не себепті ананың махаббаты риясыз, шексіз? 4.3-өздерің қалай ойлайсыңдар сен үшін қымбат жандар кімдер және не себепті? Жанашыр, жомарт, ашық, кең пейілді, мейірімді, сыйлы, сыпайы адам өз ортасында сыйласымды, жарасымды өмір сүреді. Осы бейне үзіндіден нені ұқтық, яғни ананың махаббаты, риясыздығы, ананың балаға деген жүрек жарды сезімі яғни, жақсы адамдардың бірі өз жан анаң екендігіне көз жібере байқадық. Әрқашан анамызды, қымбат жандарды құрмет тұта жүрейік. Ол біздің парызымыз! Жақсылықтың бір сәні – «парызды ақтау». Парыз өтемді талап етпейді, парыз бен қарыз екі түрлі. Қарыз –қайтарып беру. |
Интерактивті тақтаға назар аудару, көру. |
Оқушылар үстелдегі түрлі-түсті парақшада жазылған жақсы сөздер арқылы 2 топқа бөлу. 1–ші топ: мейірімді, ақылды. 2-ші топ: кеңпейіл, қамқор. Әр тапсырмаларды орындауға 7минут уақыт беріледі. 5.1-тапсырма: төмендегі өлең шумағын оқи отыра шағын әңгіме жазу. Алтын ұяң – Отан қымбат. Құт берекең – атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың – әкең қымбат. Туып өскен елің қымбат. 5.2-тапсырма: «Сиқырлы микрофон» ойыны арқылы, оқушы ойын тыңдау: мен журналист қояр сұрақтарым:
5.3.-тапсырма: «Жүректен жүрекке» деп аталады. Жаныңда жүрген жақсы адам кім десек, біз ойланбастан анамызды айтамыз. Олай болса ата-анамызға, отбасымызға арнап тілек жазу үйде сыйлауға болады. Және мына берілген тақпақтарды мәнерлеп оқып жаныңдағы адамдарға сыйлау. |
Түрлі-түсті парақшалардағы сөздер, Баяу музыка, Интерактивті тақтада жазылған өлең шумағы. |
әні. Ә.Тінәлі, сөзі.Шоқайұлы Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол жаным, Арайлы таңым. Самал боп желпіп, Жырымен елтіп, Үйретті тынбай, Бал тілін әнін. Қ-сы Анамның тілі, Айбыным менің, Анамның тілі, Ай-күнім менің. Сүйемін байтақ, Елімді туған, Сүйемін мәңгі, Өмірді думан. Әннің мазмұны жайында оқушылар ойын тындау, қарамен жазылған сөздерге назар аудару. |
Ән айту |
Қосымша жұмыс: С.А.Назарбаева жайлы реферат. |
Алдын ала оқып келу |
|
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Ал енді оқушылар көзімізді жұмып, сабақ бойғы алған әсеріміз жайлы ойланайық. Жанымызда жүрген адамдарды құрметтеп, сүйіспеншілік нұрын шашып, игі істерін бағалайық және өзіміз де жақсылыққа ұмтылайық! Осыны жүрегімізге сақтап әрдайым ұстана жүрейік. Тыныштық күйінде сәл отыра тұрайық. Жайлап көзімізді ашамыз. Бүгінгі тамаша сабақ үшін сендерге рахмет! Сабақ аяқталды, Сау болыңыздар! Оқушылар пікірі мен сөздері, қоштасу. |
Соңғы тыныштық сақтау сәті. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Жаныңда жүр жақсы адам" 7-сынып

шағым қалдыра аласыз