Материалдар / Ашық сабақ "Жапония" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жапония" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. 8 сынып. Тақырыбы:Жапония. Мұғалімдерге арналған.Тәжірибе алмасу мақсатында.Әдістемелік материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
1102
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

«№ 2 орта мектеп» КММ
















Тақырыбы: Жапония


8 сынып





Мұғалім:Сактаганов Б.Б



















Жітіқара қаласы.



Тақырыбы: Жапония.


С. мақсаты 1.Білімділік:оқушылардың Жапония елінің 19-20ғ бас кезіндегі саяси-экономикалық,әлеуметтік дамуы мен сыртқы саясаты туралы білімдерін дамыту.

2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісі мен пікірін нақты, көркем жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, зерттеу қабілетін арттыру.

3. Тәрбиелік: оқушылардың сабақ арқылы қызуғушылық,еңбексүйгіштік

қабілетін арттыру, әділеттікке, патриотизмге тәрбиелеу.

С. түрі: Қайталау, қорытындылау сабағы.

С. әдіс-тәсілдері: іздену-зерттеу барысындағы шығармашылық жұмыс,интерактивті тақтамен жұмыс жасау.

С. қолданған көрнекіліктер: «Дүние жүзі тарихы» 8с.

«Жаңа тарих» 8с.

«Әлем 20ғ» Сороко-Цюпа

Карта, карточкалар, кестелер, суреттер, әдістемелік нұсқау, дидактикалық материал, интерактивтік тақта.

Пән аралық байланыс: жағрапия, әдебиет.


С. барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (2-3мин)

(сәлемдесу, түгелдеу, сабақ құралдарын тексеру, 3 топқа бөлу)

2.Сабақ алдында психологиялық дайындық..Оқушылар топ ішінде бір-бірінің қолдарын ұстап,көздерің жұмып,музыка арқылы көз алдына өмірдің ең жақсы кезенің елестетеді.1-минут уакыттан кейін көздерін ашып сабаққа кіріседі. (1-2 мин)


1-кезең. (Жота). Әр топ тақырып тандайды, таңдалған тақырыбы бойынша 5-сұраққа жауап береді.(8мин)

1.Әлеуметтік-экономика.

1.19ғ бірінші жартысында Жапонияда қанша мануфактуралар болды?

2. Жапонияда қандай жаңа кәсіпшілік салалар дамыды?

3. Жер (аграрлық) реформа қашан қабылданды?

4. 1837ж Осио Хәйхатиро қай қалада күріш бағасының шектен тыс өсуіне орай көтеріліс

ұйымдастырды?

5. Жапонияда бұл кәсіпорындар қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасуына негіз

болды?

2.Саясат (ішкі)

1. Жапонияның император тағына 15 жасар Муцухито қашан отырды?

2.Еуропа үлгідегі жаңа әскер қашан құрылды?

3. Жапонияда жаңа Конституция қашан қабылданды?

4. Конституция бойынша кім мемлекет басшысы болды?

5. Жапониядағы алғашқы бұқаралық саяси ұйым қалай аталды?


3. Дипломатия. (сыртқы)

1. Ағылшын-жапон келісімшартына қашан қол қойылды?

2. 1858ж Жапония қай мемлекетпен сауда келісімшартына қол қойды?

3. Жапония Қытайға қашан соғыс ашты?

4. Орыс-жапон соғысы қашан өтті?

5. 1900-1901ж Жапония Батыс елдермен бірге қай елдегі ихэтуандар көтерілісін

талқандауға қатысты?


2-кезең. Цифрлі диктант.(3 мин)

Даталардың соңына оқиғаларды жазу.

1837ж- 1868ж-

1872ж- 1873ж-

1889ж- 1894ж-

3-кезең. Хронологиялық тапсырма. Оқиғаларға байланысты даталарды жазу. (3 мин)

1.Алғаш рет португалдықтар Жапонияға қашан келді?

2.АҚШ-ың 7экспедициясы Жапонияға қашан аттанды?

3.215ж созылған Жапониядағы «жабық есік» саясаты қашан күйреді?

4.Жалпыға бірдей бастауыш білім беру жөніндегі жарлық қашан шықты?

5. Саяси ұйым «Парламентті құру лигасы» қашан құрылды?

6. Жапония дүнижүзілік ірі державалар қатарына қашан қосылды?


4-кезең. Картамен жұмыс.(3мин)

1.Жапония аумағы қандай аралдарында орналасқан?

2. Жапонияның қолөнер, сауда орталық қалалары?

3. Жапонияны қоршаған теңіздер мен мұхиттарды көрсету?


5-кезең. Адамдар мен оқиғалар. Дұрыс жауабын табыңдар.(3 мин)

1. Осио Хэйхатиро- самурайлар 1868ж 3қаңтарда осы сегунға қарсы көтеріліс жасады.

2. М.Пери- 1792-93ж орыс елшісі басқарған кемелер Жапонияға аттанды.

3. Муцухито- 1837ж Осока қаласында елдегі саяси-әлеуметтік дағдарысқа қарсы көтеріліс басқарды.

4.А.Лаксманн- 1852ж АҚШ командоры басқарған әскери кемелер Жапонияға аттанды.

5. Кейки- 15 жасар император Жапония тағына отырды.


6-кезең. Тарихи сынақхат (оқулықпен жұмыс жасау)(3 мин)

1. 19ғ басында, Токугава сегундарының билігі кезінде Жапония қоғамы терең ..... килікті.

2. Алғаш рет Жапонияға аяғы тиген еуропалықтар ........ болды.

3. 1854ж наурыздың 13-де .......... деген жерде бірінші жапон-американ келісіміне қол қойды.

4. Сайлау құқығына жасы .......... толған еркектер ие болды.

5. 20ғ басында Жапония Қиыр шығыстағы күшті ............ болып шықты.


7-кезең. Белес. Дұрыс жауабын тауып үстінен сызу.(3 мин)

1. 19ғ бірінші жартысында Жапонияда қанша мануфактура болды?

2. Осио Хэйхатиро көтерілісі қашан өтті?

3.АҚШ-ың 7 экспедициясы Жапонияға қашан аттандырылды?

4. Жапон-америкалық Канагава келісіміне қашан қол қойды?

5. «Жабық есік» саясаты Жапонияда қанша жылға созылды?

6. Мейдзи қалпына келтіру заңы қашан қабылданды?

7. Император сарайы Киотодон Токиоға қашан көшірілді?

8. Аграрлық реформа қашан қабылданды?

9. Муцухито император билік жүргізген кезең?

10. Император халыққа парламент шақыруға уәде берген жыл.


1837, 1890, 180, 1791-1849, 1868, 1854ж 13наурыз, 1873, 1867-1912.



8-кезең. Аннограммалық жұмыс.( 3 мин)


окито

аумоик

идмэйз

умици

юхонс











9-кезең. Тестік жұмыс.(3 мин)

1. 19ғ бірінші жартысында Жапонияда қанша мануфактура пайда болды?

а) 120 б) 150 в) 180 г)205

2. Жапонияға тұңғыш аяғы тиген еуропалық мемлекет?

а) Голландия б) Португалия в) Англия г) Франция

3. Жапонияда «жабық есік» саясаты қанша жылға созылды?

а) 185ж б) 215ж в) 150 г) 255ж

4. Жапонияда Конституция қашан қабылданды?

а) 1885ж б) 1886 ж в)1888 ж г)1889 ж

5. Жапон-орыс соғысы қашан өтті?

а) 1902-1903 ж.ж б) 1903-1904 ж.ж. в) 1904-1905 ж.ж г) 1906-1907 ж.ж.











10-кезең. Класстерді толтыру.(3 мин)

DrawObject1


DrawObject2

DrawObject3



DrawObject4








DrawObject6 DrawObject5






DrawObject7

DrawObject8

DrawObject9







3. Бағалау 2(мин)


4. Үй тапсырмасы: §24. Рефераттар жазу.(3 мин)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!