15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы" 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ою – өрнек түрлеріне сипаттама беру. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, шығу тарихы туралы түсінік беру, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: ою оюды үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында балаларды әдемілікке, сұлулыққа баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту. Сабаққа қызығушылық ынтасын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен, халық өнерімен таныстырып, қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларды шапшаңдыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт-дәстүрге баулып, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі, көрнекілік, сұрақ- жауап, интерактивті және сарамандық сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, математика, ана тілі.
Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, буклеттер, мақал-мәтелдер, тірек-сызбалар, жұмбақтар, журналдар, слайд түрлері, бейнебаян, интертақта. Ойылған ою-өрнек түрлері, альбом, мата, қайшы, желім, қолөнер бұйымдары.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
1.Сыныптың сабаққа қатысы.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (Жіптен ойыншық жасау.)
Жаңа сабақ: Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы.
І. Қызығушылықты ояту. «Бұрыннан білемін» айдары.
Ұлттық ою-өрнектер.
-Балалар, ою-өрнек дегеніміз не?
- Ою-өрнек дегеніміз – орнамент орысша – бұл латын сөзі, мағынасы: сәндеу, әсемдеу, көркемдеу, әшекейлеу деген мағыналарды білдіреді. Ою-өрнек – біздің ұлттық нышанымыз деуге болады.
- Бұл бөлшектерді белгілі арақашықтықта қайталап орналастыру арқылы құрастырылған өрнек.
- Ою-өрнек қайда кездеседі?
- Бізді қоршаған ортадағы барлық заттарда кездеседі.
- Ұлттық киімдерде: қамзол, тақия, аяқ киім, сәукеле, т.б.
- Ыдыс-аяқта: тостаған, табақ, торсық, құмыра, кесе, ағаш қасық, т.б.
- Зергерлік бұйымдарда: сырға, алқа, сақина, білезік, шашбау,т.б.
- Үй тұрмысындағы заттарда: текемет, кілем, алаша, қоржын, аяққап, көрпе, т.б.
- Ою-өрнек түрлеріне қарай:
Өсімдік пішіндес, жан-жануар пішіндес, геометриялық фигуралар тектес, ғарыштық (аспан әлеміне ұқсас) 4 топқа болып бөлінеді.
(«Қазақ оюлары» бейнетаспа тамашалау.)
Мағынаны тану. Жаңа сабақты түсіндіру. «Жапсырма оюын орындау»
-
Интерактивті тақтадан слайдтар көрсету арқылы «Жапсырмалау» туралы дайын бұйымдарды, сабақ тақырыбын, мақсатын түсіндіру арқылы мағлұмат беру.
2. Жапсырмалау - «Аппликация» латын сөзі.
Аппликацияның дүние жүзі халықтарының қолөнерінде алатын орны ерекше. Аппликация деген атау латынның қиыстыру, жабыстыру деген мағынадағы сөзінен шыққан. Аппликацияны жұмыс ерекшелігі мен қолданылатын материалына қарай 3 топқа бөліп қарастыруға болады.
1). Түрлі-түсті қағаз, картонмен орындалатын жұмыс.
2).Табиғи материалдар мен сабан, ши, қамыс, дәндер қолданумен орындалатын жұмыс.
3). Әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп материалдарын қолдану арқылы орындалатын жұмыс.
Аппликация әр елде түрліше үлгі бойынша дамып отырды. XVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Германия мен Францияда, XVIII- XIX ғасырда Ресейде жақсы дамыды. Қиыстыру тәсілдері қазақ халқының қолөнерінде ертеректе пайда болған.
2) Жапсырмалау арқылы орындалып тігілген, жапсырмаланып жасалған бұйымдарды слайдпен көрсету.
Сергіту минуты.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды-қолға ұрайық,
Әдемі ою ояйық,
Біз оюшы болайық
Ә). «Ою ойғанның ойы ұшқыр». Сарамандық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
-Енді балалар, бөлініп отырған тобымыз бойынша ойылған ою-өрнектерімізді алдымыздағы тапсырмаға орындаймыз.
Ою ойсаң әдемі
Үйлессін оған көлемі.
Бояуымен үндескен,
Ою әсем түр-түспен.-демекші,
1-топ Тапсырма: Кілем
2-топ Тапсырма: Ыдыс-аяқ
3топ Тапсырма: Сандық
Жақсы орындап шыққан жұмыстарды мадақтап үлгі ету. Үш топ жасаған жұмыстарына бір-біріне баға береді, қорғайды.
Жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін қайталау.
-Қайшымен жұмыс жасау ережелерін ата.
-Желіммен жұмыс жасау ережелерін ата.
-Іс тіккендегі қауіпсіздік ережесін ата.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
-Жұмысты технологиялық нұсқау картаның көмегімен орындау.
-Жұмысты таза, ұқыпты орындау.
-Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау.
Б). «Оюлар - ауыз әдебиетінде». Мақал-мәтелдер айту.
1. Ою ойғанның ойы ұшқыр.
2. Шебердің саусағы – алтын.
3. Ою ойған – сызу да сызады.
4. Қыз еркем, кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем.
5.Алтын балдақ – қол сәні,
Әшекей кесте – тән сәні.
6. Өнерлі бала – сүйкімді.
7. Өнер көзі – халықта.
8. Өнер - өлмес мұра.
ІІІ. Ойтолғау. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» деген тақырыпта өлең тақпақ, шығарма жазу.
«Интервью» әдісі. Қорытындылау.
1. Ою-өрнек дегеніміз не? Қандай түрлері бар? (Ою-өрнек дегеніміз – орнамент орысша – бұл латын сөзі, мағынасы: сәндеу, әсемдеу, көркемдеу, әшекейлеу деген мағыналарды білдіреді. 4 түрі бар.)
2. Қазақ халқы ою-өрнекті не үшін пайдаланған? (Қазақ халқы өзінің тұрмысында барлық үй жиһаздарына, ат әбзелдеріне, киіз үй құралдарына сәндік үшін қолданған.)
3. Космогениялық ою-өрнектерге қандай өрнектер жатады? (Ғарыштық, аспан денелеріне ұқсас ою-өрнектер)
4.3ооморфтық ою-өрнектерге қандай өрнектер жатады? (Жан-жануарлар тектес ою-өрнектер)
5. Ою-өрнектер қайда кездеседі? (Ұлттық бұйымдарда, ыдыс-аяқтарда,т.б.)
6. Жапсырмалау дегеніміз не? (Аппликация деген атау латынның қиыстыру, жабыстыру деген мағынадағы сөзінен шыққан.)
Түрін -ай текеметтің ! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой, қошақаным, өзіме» деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңілі тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан –жағынан,
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.
Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Жел бауда,басқұрда ма аңсау емім.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан.
Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,-деп Фариза апамыз жырлағандай ою-өрнектер ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден-бір өнер түрі.
Бекіту: - Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Сабақтан алған әсеріңізді алдарыңыздағы оюға жазып,тақтаға ілеміз.
1. Үйге тапсырма:
Жапсырмалау өнері арқылы өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасау.
2.Мадақтау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген