жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Жапырақ"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : жапырақтың сыртқы құрылысы,тақтасының пішіні,
жапырақтың орналасқан ерекшелігі мен жүйкеленуі
туралы мәлімет беріп,оқушылардың білімін толықтыру.
Дамытушылық: өткен сабақта алған білімдерін толықтыра
отырып, ойлау,сөйлеу,өз ойын еркін жеткізе білу,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, өсімдіктер дүниесіне қамқор болуға,
тазалыққа,әдептілікке, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
|
Р/с |
Сабақ бөлімі |
Ойын аты |
Әдіс түрі |
Формасы |
|
1 |
Үй тапсырмасы |
1. Биологиялық диктант. 2. «Үндемес» 3. «Кубизм стратегиясы» |
Дәптермен жұмыс Сұрақ – жауап Сұрақ – жауап |
Жеке Жеке Жеке |
|
2 |
Меңгерту, дамыту |
1. «Орнын тап» 2. «Дидактикалық материалдар». 3.«Өз жартыңды тап». |
Тірек – сызба Таратпа Топпен |
Жеке Жұптық Жұптық |
|
3 |
Қорытынды |
«Брейн-ринг»ойыны /деңгейлік тапсырмалар/ |
Топпен |
Жалпы |
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттеу.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі, экология,
Көрнекіліктер: кеппе шөп, дидактикалық үлестірмелер, интерактивтік
тақта, слаид, тест.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу.
- Кезекші мәлімдемесі.
- Жаңа сабаққа дайындық.
- Оқушылардың назарын сабаққа қарату
Үй тапсырмасын сұрау.
Биологиялық диктант.
Сабақ – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Сабаққа – бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді.
Қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады.
Сабақ көбеюге қатысады.
Органикалық заттар қорға жиналады.
Үндемес ойыны.
1. Тамырдың бүршіктері бар ма? /жоқ/
2.Тамырсабақтың жапырақтары қабыршықты ма? /иә/
3.Тамыр жапырақ шығара ма? /жоқ/
4.Пиязшықтар жер үстінде, жер астында дами ма? /иә/
5.Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі сабақ па? /иә/
6.Сабақ өсімдіктің жер үсті мүшесі ме? /иә/
7.Сабақ көбеюге қатысады ма? /иә/
8.Жүгері, бидай, терек сабақтары жатаған сабақты ма? /жоқ/
9.Қабық сабақтың ең ішкі қабаты ма? /жоқ/
10.Өң ішке күн сәулесін өткізе ме? /иә/
Кубизм стратегиясы.
1.Тік сабақ.
2.Жатаған сабақ.
3.Шырмалғыш сабақ.
4.Өрмелегіш сабақ.
5.Жабысқақ сабақ.
6.Қысқарған сабақ.
Жылдық сақинадан нені білуге болады? /Слаид/
-
Жылына бір шеңбер түзілетіндіктен, жылдық шеңберге қарап,
өсімдіктің жасын анықтайды;
2.Жылдық шеңбердің өсу қарқыны мен еніне жауын-шашын,
температура әсер етеді.Егер жылдық шеңбердің ені жуан болса
ауа-райы қолайлы, жіңішке болса қолайсыз болғандығын
көрсетеді;
3.Егер жылдық шеңбердің жартысы жуан, жартысы жіңішке болса,
онда жылдық шеңбердің ені жуан жағына жарық мол түскен, ал
жіңішке жағына жарық жеткіліксіз болған.
4.Жылдық шеңберге қарап оңтүстік пен солтүстікті анықтайды.
Оңтүстік жағы жуан, солтүстік жағы жіңішке болады.
Мұғалім: - Оқушылар мен сіздерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жазда жайнайды, күзде жайрайды. (Жапырақ)
- бүгінгі сабағымыздың тақырыбы белгілі болды, ол жапырақ.
-қазір тапсырмаларды орындау барысында кімнің оқығандығы белгілі болады.
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс /оқушылар оқулықтан жауап береді/.
1.Жапырақ дегеніміз не /жапырақ өсімдіктің өсу мүшесі/
2.Қызметтері:
а. Ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп жапырақтың
әсерінен органикалық заттар түзеді.
ә. Жасушадағы артық суды буландырады.
б. Газ алмасады.
в. Өсімдіктің көбеюіне қатысады.
г.Органикалық затты қорға жинайды.
Орнын тап
(оқушылар жапырақтарды дұрыс тауып, орналастыру керек.)
Жай жапырақ Доға, қатар,
тор
К
үрделі жапырақ Терек, қайың,
жөке
Ж
апырақтың жүйкеленуі Кезектесіп, қарама-қарсы, топтасып
Жапырақтың орналасуы Жоңышқа, итмұрын, асбұршақ
Дидактикалық тапсырмалар
(деңгей бойынша үлестірмелермен жұмыс.)
№1
А)Күн, тас, ағаш, құс, тау, шөп, су, аң, жар. Бұлардың қайсысы тірі табиғатқа мысал бола алады?
Б) Жапырақтар қалай орналасқан?

№2
А)Тау, терек, тас, есек, сауысқан, көл, қағаз, шөп. Бұлардың қайсысы өлі табиғатқа мысал бола алады?
Б) Жапырақ пішіндерін ажыратыңыз.

№3
А)Пияз, асқабақ, бидай, шырмауық, қияр, атқұлақ, ажырық. Қайсысы жабайы өсімдік?
Б) Жапырақ жүйкелерін ажыратыңыз.

Сабақты бекіту. Тест тапсырмалары.
1. Жапырақ-
а/ өсімдіктің ең маңызды мүшесі
ә/ өсімдіктің қоректену мүшесі
б/ бейорганикалық зат түзілу мүшесі
в/ өсімдіктің өсу мүшесі
2. Өсімдік түрлеріне қарай жапырақтардың құрылысы:
а/ сағақты, сағақсыз
ә/ үшкіртіс жиекті, аратіс жиекті, дөңес жиекті
б/ жебе, бүйрек, жүрек, қылқан тәрізді
в/ үшбұрышты, тікенек болады
3. Жапырақ алақандарының пішіні:
а/ үшкіртіс, дөңес
ә/ тор, қатар, доға
б/ жүрек, бүйрек, жебе, қылқан, ромб
в/ жай, күрделі
4. Жапырақтың жүйкеленуі:
а/ үшбұрышты, тікенек
ә/сағақсыз, сағақты
б/ тор, доға, қатар
в/ жай, күрделі
5. Жапырақтың сабаққа орналасуы:
а/ қарама-қарсы
ә/ тор жүйкелі
б/ саусақ салалы
в/ үшқұлақты
Сабақты қорытындылау.
«Брейн-ринг»ойыны (деңгейлік тапсырмалар.)
№1 сектор
1-деңгей
Жай жапырақ дегеніміз не?
2-деңгей
Қарама-қарсы орналасу дегеніміз не?
3-деңгей
Жапырақ сөзін қатыстырып сөйлем құра?
№2 сектор
1-деңгей
Жапырақтың пайдасы қандай?
2-деңгей
Топтанып орналасу дегеніміз не?
3-деңгей
Жапырақ туралы мақал-мәтел айтып бер.
№3 сектор
1-деңгей
Күрделі жапырақ жегеніміз не?
2-деңгей
Өсімдікте жасыл асхана деп аталатын мүшесі.
3-деңгей
Жапыраққа байланысты айтылатын ән білесіз бе?
Бағалау.
Оқушылар өздеріне берілген бағалау парағына әрбір тапсырмаға қарап өздері бағалау жасайды.
Үйге тапсырма: § 14 оқуға, 23- суретті салуға.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген