400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Жапырақшалы ойма қалтаны өңдеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жапырақшалы ойма қалтаны өңдеу әдістерін меңгерту, өңдеу ерекшеліктерін үйрету .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Досыбай Мейркүл Әліханқызы

Түркістан облысы, Созақ ауданы,Созақ ауылы, №1 Колледж МКҚК. Арнайы пән оқытушысы.


2 - курс


№21 Сабақ жоспары

Пән: Тігін өндірісінің технологиясы.

Бағдарлама тақырыбы: Киімнің бөліктері мен түйіндерін өңдеу

Тақырыбы : Жапырақшалы ойма қалтаны өңдеу

Мақсаты: Қалтаны өңдеу ерекшеліктерін біледі.

Білімділік: Жапырақшалы ойма қалтаны өңдеу әдістерін меңгерту, өңдеу

ерекшеліктерін үйрету .

Дамытушылық: Білімдерін іс жүзінде қолдана білуін ,ізденісін, эстетикалық

талғамдарын дамыту.

Тәрбиелік: Мамандығына деген қызығушылығын арттырып, шеберлікке,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Әдісі:, топтастыру, түсіндіру,сұрақ-жауап , өзіндік жұмыс

Көрнекілігі:слайд, нұсқау карта ,үлгі

Пәнаралық байланыс: өндірістік оқыту,материалтану,құрастыру

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру

а) сәлемдесу.

ә) Білім алушылардың сабаққа қатысын тексеру

б) Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І-топ. Қақпақты өңдеу ретін жасау, кескінін салу

ІІ-топ. Астарды өңдеу ретін жасау, кескінін салу

ІІІ-топ Қақпақты қалтаны жинау ретін жасау, кескінін салу

ІV. Қақпақты ойма қалта пішім бөліктерін анықтау.

Сұрақтар

  1. Жалпы барлық киімде қалта қандай түрге бөлінеді?

(Киімде қалтаның барлық түрі сыртқы және ішкі болып бөлінеді)

  1. Қалтаның өңделуіне қарай қандай топқа бөлінеді?

( ойма (жарма) қалта, тігіске түскен және жапсырма қалта)

  1. Қалтаның орналасуына қарай қандай түрге бөлінеді?

(төс және жан қалта түріне бөлінеді)

  1. Қалта аузының қырқылуына қарай қандай түрге бөлінеді?

(қиғашталған, көлденең, тігінен, қалпына қарай және фигуралы болып бөлінеді)

  1. Ал сәндік бөлшектеріне қарай қандай түріне бөлінеді?

(қақпақты, жапырақшалы, әдіпті болып бөлінеді)

  1. Ойма қалта тілігі қандай әдіспен орындалады?

(тіл шығарып қырқу әдісімен орындалады)

7.Тіл шығарып қырқудың техникалық шарты қандай?

(Қалтаның теріс жағынан, ортасынан шетіне қарай қияды ; 1-1,5см қалта жиектеріне жеткізбей, қиғаштап бұрыштарына 0,1-0,2см жеткізбей қияды.)

8. Бойлық мата не үшін салынады?

(Қалта аузын созылудан, сетінеуден сақтау үшін)

9. Бойлық матаны қандай материалдан пішеді?

(Желімдік материалдан, флизелин, дублерин )

10.Қақпақ қандай бөліктерден трады?

( Қақпақтан және қақпақ астарынан )

11.Қалта тілігінің өлшемі қандай?

(14-18см)

12.Көмкермелі әдіпті қандай матадан пішеді?

( негізгі матадан )

ІV. Үй тапсырмасын қорытындылау.

V.Жаңа сабақ

Жапырақшалы ойма қалтаны өндеу


Қалта-киімнің құрамдас бөліктерінің бірі.Қалтаның жапсырма ,жарма қалта, төс қалта ,омырау қалта,ішкі қалта т.б түрлері болады.Орналасуына қарай жапсырма қалта ,төс қалта,омырау және жан қалта болып ажыратылады.Жапсырма қалталар қарапайым тік қалта ,қиғаш қалта,қақпақты болып келеді де ,олар әдіптелген тілікті,бүрмелі ,оюлы және сырып тігіледі.Жапсырма қалталарды қақпағын ілгекті немесе ілгексіз,тік төртбұрышты немесе оюлы етіп жасайды.Жапсырма қалталарды бүрмелен,жиырыл,кестелеп ешекейлеп тігеді.Жоғарғы және жан қалталар түрлі формалы: тік немесе оюлы,тік немесе қақпақты т.б түрі болады.Киімнің моделіне қарай жарма қалталарды кейде бүрменің немесе тігістің үстіне салады.Спорттық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салынады.Қалтаны даярлағанда оның формасы мен тігілген матаның ерекшелігін технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру қажет.

Жапырақшалы тілме қалта тұрмыстық және арнайы киімдерде кеңінен қолданылады . Орналасуына қарай жоғарғы қалта немесе бүйір және ішкі қалта, шалбардың, белдемшенің артқы қалтасы болады.





Формасына байланысты жапырақша: тік бұрышты, фигуралы болып бөлінеді.




Жапырақшалы ойма қалта негізгі бөлікке орналасуына қарай









Қиғаш

тік

Көлденең





Жапырақша пішіледі:

●Астармен тұтас пішілген болып

●Алдыңғы боймен біріктіргенде бүйірі әртүрлі бекітіледі




Жапырақша ұштарының негізгі бөлікке біріктіруіне байланысты




Жапырақша ұштары қондырылып тігіледі

( ішінен тігу әдісі )

Жапырақша ұштары бастырылып тігіледі

( үстінен тігу әдісі )








Соңы қондырылып тігілетін жапырақшалы қалтаны өңдеудің соңы бастырылып тігілген қалтадан айырмашылығы жапырақшаның соңы өңделмеуінде.

Қалтаны өңдеу үшін мынадай бөлшектер қажет: екі немесе бір қабат жапырақша – 1; бір қабат жапырақша үшін астар-1; астараралық-1;екі бөліктен тұратын астар,бойлама-1;әдіп-1 және жиектеме.

Жапырақшаны негізгі матадан пішеді,негізгі жіп бағыты қалтаның орналасуына байланысты,біреулік жапырақшаның астарын астарлық матадан пішеді.Негізгі жіп бағыты бөлшекке көлденең жатады.Желім қатырма бөлшегін желімсіз матадан және мата емес материалдан пішуге болады.

Қалта астарын бөзден немесе астарлы матадан пішеді,бойламаны желімсіз және желімді мақта матадан пішеді, көмкерме әдіпті негізгі матадан, негізгі жіп бағыты қалтаның орналасуына байланысты.Желімдік жиектемені жапырақшаның жиегін созылудан сақтау үшін қолданылады.

Жапырақшалы ойма қалтаны өңдеу кезеңдері






Қалтаны жинау

Астарды өңдеу

Жапырақшаны өңдеу




Шеті қондырылып тігілетінжапырақшалы ойма қалтаны өңдеу реттілігі


Қ/с

Операцияның бірізділігінің мазмұны

Операцияны орындаудың техникалық шарттары

Қолданылатын құрал-жабдықтар

1

2

3

4

1

Пішінді бөлшектерді тексеру.

●Жапырақша-1

●Жапырақша желім қатырмасы немесе жиектеме-1

●Көмкерме әдіп-1

●Қалта астары-1 немесе 2

●Негзгі бөлшек

●Бойлама -1


Пішінді бөлшектер кестесі,лекало

2

Жапырақшаны дайындау:

Жапырақшаның теріс бетіне желімдік қатырма жапсырып, теріс бетін беттестіріп бүктеп үтіктейді.

УТП-2ЭП

2.1

Жапырақшаға желімдік қатырма жапсыру

2.2

Жапырақшаны бүктеп үтіктеу

2.3

Жапырақшаға бор сызығын жүргізу.

Дайын күйіндегі жапырақ-

шаның енін анықтап, бормен сызады.

Бор,сызғыш

3

Астарды дайындау:

Көмкерме әдіпті астармен оң бетімен беттестіріп,қиықтарын теңестіріп қосып тігеді ,тігіс ені 0,7-1 см

97-А кл.-костюмдік бұйымда 1022-М кл.-польтолық бұйымдарда

3.1

Көмкерме әдіпті астармен біріктіру

3.2

Көмкерме әдіпті астармен қосып тігу,тігісті жатқыза үтіктеу.

Мақта мата көмегімен дымқылдап астар жаққа қарай жатқыза үтіктейді.

Үтік,су сепкіш, мақта мата.

4

Қалтаны жинау:

Негізгі матаның бетіне көмекші лекаломен қалта орнын белгілейді,4 сызықпен, қалта орны мен қалта енін анықтайды.Горизонталь ені сызықтың арасы дайын жапырақшаның еніне тең.Дайын жапырақшаның ені 3-5 см,ұзындығы 15-18 см жоғарғы сыртқы бұйымдарда.

Көмекші лекало, бор,сызғыш.

4.1

Қалта орнын белгілеу.

4.2

Қалта орнына бойламаны жапсыру.

Қалта орнының теріс беті деңгейінің теріс жағына бойламаны жапсырады..

УТП-2 ЭП

4.3

Негізгі матаға жапырақшаны қосып тігу.

Негізгі матадағы төменгі бор сызығына жапырақшада сызылған бор сызығын сәйкестендіріп,қосып тігеді,соңын бекіте отырып.

97-А кл.-костюмдік бұйымда 1022-М кл.-польтолық бұйымдарда

4.4

Көмкерме әдіпті негізгі бөлшекке құрастырып тігу.

Негізгі матадағы жоғарғы бор сызығына көмкерме әдіптің оң бетін төмен қаратып,соңын жапырақша соңымен сәйкес келтіріп қосып тігеді.

97-А кл.-костюмдік бұйымда 1022-М кл.-польтолық бұйымдарда

4.5

Тігіс сапасын тексеру,қалта аузын тілу

Негізгі бөлшектің теріс жағында тігістері өзара параллель және тігістің басталуы мен аяқталуы бір деңгейде болуы керек. Қалтаның теріс бетінен орындалады,1,5-2 см шетіне жеткізбей,ортасынан шетіне қарай қияды,қалта бұрышы тігісіне 0,1-0,2 см жеткізбей бұрыштап қияды

Бор , сызғыш , қайшы

4.6

Қалта астары мен көмкерме әдіпті теріс бетіне аудару.Тілді бекіту.

Қалта тілігі арқылы қалта астарын көмкерме әдіппен және жапырақша тігіс әдібін бірге теріс бетіне аударып қалтаның тігістерін түзетеді, тілді бекітеді.

97-А кл.-костюмдік бұйымда 1022-М кл.-польтолық бұйымдарда

4.7

Негізгі бөлшекпен көмкерме әдіпті қосу тігісін айыра үтіктеу.

Негізгі матаға көмкерме әдіпті қосып тігу тігісін айырып үтіктейді.

УТП-2 ЭП,су бүркігіш,мақта мата

4.8

Қалта соңына бекітпе беру

Жапырақша соңын реттеп көмкерме әдіптің құрастырылған тігісіне тығыз сәйкес келтіріп қалта соңында бұрышты бекітіп қайып тігеді.

97-А кл.-костюмдік бұйымда 1022-М кл.-польтолық бұйымдарда

4.9

Астарды жапырақшамен біріктіру.

Астардың төменгі қиығын жапырақшамен қосып тігеді.Қалта астары қиықтарын реттей отырып.

97-А кл.-костюмдік бұйымда 1022-М кл.-польтолық бұйымдарда

4.10

Қалта астарын айналдырып сырып тігу.

Қалта астарының үш жағын айналдырып соңына бекітпе бере отырып қайып тігеді,тігіс ені 1-1,5 см.

97-А кл.-костюмдік бұйымда 1022-М кл.-польтолық бұйымдарда

4.11

Дайын қалтаны баса үтіктеу

Дайын қалтаның теріс жағынан бастырып,үтіктейді, ал оң бет жағынан дымқылды мақта мата көмегімен бастырып үтіктейді.

УТП-2 ЭП,су бүркігіш,мақта мата


Айырмашылығы


VІ. Өзіндік жұмыс

Жапырақшалы ойма қалта кескіні бойынша :

1.Пішім бөліктерін анықтау

2. Тігістердің ретін жазу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
3348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі