Материалдар / Ашық сабақ: "Жақсы көңіл-күй - жан қуанышы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Жақсы көңіл-күй - жан қуанышы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Топта жағымды көңіл-күй тудыра отырып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, бір–біріне деген достық қарым- қатынастарын нығайту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу,өздерін еркін сезінуге көмектесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2021
1262
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жақсы көңіл-күй – жан қуанышы»

Бекбаева Динара Дулатқызы

Педагог-психолог, педагог-модератор

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

15 «Рахат» балабақша бөбекжайы» КМҚК

Dinara-19-96@mail.ru


Тобы: «Балауса» Мектеп алды даярлық тобы

Тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй - жан қуанышы»

Мақсаты: Топта жағымды көңіл-күй тудыра отырып, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, бір–біріне деген достық қарым- қатынастарын нығайту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу,өздерін еркін сезінуге көмектесу.

Шаттық шеңбер

Күлім қағып қолымды,

Бір,екі,үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жилы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір алайын


Кіріспе

Қыс мезгілі туралы балаларға сұрақ қою.

  • Қазір қай мезгіл?

  • Қыс мезгілінде неше ай бар?

  • Қазір қай ай?

  • Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Үш тілділік: Қыс-зима-winter

Шырша-елка-tree

Аққала- снеговик-snowman


Ендеше мерекеге дайындалайық.Мына шыршамыздың ойыншығы ілінбепті.Кәнекей бәріміз бірге шыршамызды әсемдеп жіберейік!

(Балалар шыршаны әсемдейді)

Тосын сәт

Есікті қағып хат тасушы кіріп келеді.

  • Сәлеметсіңдерме балалар! Мен хат тасушы Печкин. Бұл «Балауса» тобыма? Адаспай мекен-жай бойынша дұрыс келдім бе?

  • Балалар келген қонақпен амандасайық! Иә, хат тасушы Печкин қандай себеппен біздің тобымызға келіп қалдың?

  • Мен Аяз атадан хат әкелдім! Хатты бергеннен кейін хат тасушы басқада жерлерге бару керектігін айтып қоштасып шығып кетеді.

Хат оқылады. Аяз атаның хаты даусымен компьютердан естіліп тұрады.

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерден көмек сұрап осы хатты жазып жібердім. Мен балаларға сыйлық дайындап жүргенде, қалың тұманнан адасып, бір сыйқырлы орманға тап болдым.Бұл жерден қайтар жолды табалмадым.Маған көмектеспесеңдер мерекеге үлгермей қалатын сияқтымын.Сендерге мен өзімнің келген жолымның картасын жібердім.Сол картамен жүрсеңдер мені тауып аларсыңдар.Маған көмектесіңдерші кішкентай достарым!

-Балалар аяз атаға көмектесемізбе?

Ендеше біз картаның нұсқауы бойынша бірінші орманға баруымыз керек. Бұл жай орман емес, сыйқырлы орман.Біз онда сыйқырлы сөз айтсақ қане бара аламыз.

Барлығымыз бірге «Сантики, фантики лим-па-по» деп 3-рет айтқанда сыйқырлы орманға тап болады.( Музыка қосылады да барлығы бірге айтады).

Экранда қысқы орманның суреті шығады.

Балалар жан-жақтарыңа қараңдаршы қандай ғажап, қандай әдемі. Балалар қараңдар мында бір тас жатыр.Тастың астынан тапсырма шығады.

1-тапсырма: «Жұбын тап» ойыны. Екі үстел үстінде тұрған стакандарда суреттер жабыстырылған, балалар мойындарына ілінген белгі бойынша екі топқа бөлініп, суреттерге қарап екінші стаканды тауып бір-бірінің үстіне кигізеді.

-Балалар біз орманға кірмес бұрын ормандағы қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтейін. (қабырғаға іліген плакаттағы ережемен таныстырылады)

Енді бір-бірімізден адасып мына бауларды мойындарыңа тағып қояйын.Біздің белгіміз болсын.

Балалар бірінші тапсырманы орындағаннан кейін жолдағы кедергіден өтеді.


2-тапсырма: Сергіту сәті «Аққала жасаймыз»

Аққалаға кездеседі.Экраннан аққаланың бейне-баяны қосылады. Балалар сыйқырлы орманда не істеп жүрсіңдер.Мен сендерді өткізбеймін. Менің бір шартым бар. Мені қардан қалай жасайтынын көрсетсеңдер, сонда ғана осы жолдан өткіземін. Барлығы билеп сергіп алады.

-Балалар аққала жолды ашты, тезірек өтіп кетейік!

Кедергілерден бірінің артынан жүріп өтеді.

3-тапсырма: Алдыдан сандық шығады. «Ватман тілімшелері»

Екі топқа бөлініп, ватман тілімшелерінен тақталарға сандар реті бойынша суретті құрап, жабыстырып шығуы керек.

-Балалар қандай сурет шықты?

Жақсы енді сандық ашылған сияқты. Ішінен хат шығады.

  • Оңға қарай жүрсеңдер алдарыңнан үй кездеседі.

Мүмкін аяз атамыз сол үйде болар? Барып көрейік.Оң жақ қай жақта балалар?

Үйге қарай жүргенде бейне ролик қосылады.

-Балалар есік жабық жатыр екен. Бұл есікті ашу үшін есіктің көзіндегі суреттің жарты бөлігін табуымыз керек.Сонда ғана есік ашылатын сияқты

4-тапсырма «Бөлігін тап»

Бөлігін тауып жабыстырады.

Музыка қосылып үйдің ішінен аяз ата шығады.

Аяз ата: Рахмет кішкентай достарым.Енді мерекеге үлгеретін болдым.Аяз ата бізбен жүр барлығымыз сыйқырлы сөзді айтып балабақшамызға қайтайық.

Барлығы сыйқырлы сөзді айтып, шыршаның жанына келеді. Аяз ата рахметін айтып балаларға кәмпит береді.

Қорытынды: Барлығы шыршаны айналып ән айтады.

-Балалар жарайсыңдар! Сендер нағыз қамқор балалар екенсіңдер.Барлығың бірге ұйымшылдықпен аяз атаға көмектестіңдер.Осындай бірліктерің жоғалмасын. Жарайсыңдар.Келе жатқан мерекелерің құтты болсын.Жақсы көңіл-күймен қарсы алыңдар!


Күтілетін нәтиже: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды, мерекені сезе білді.

Тапсырмаларды орындай отыра таным қабілеттері дамыды.Зейіндері тұрақталды.

Бірге топпен жұмыс істей отыра, достық, татулық қарым-қатынастары жақсарды.








































Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы КМҚК








«Жақсы көңіл-күй - жан қуанышы»


Педагог-психолог: Бекбаева Д.Д.
















Өскемен қаласы

2020-2021 ж




«Жақсы көңіл-күй - жан қуанышы» атты ұйымдастырылған ашық оқу қызметінен көрініс


Shape1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!