400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ Жақсы қарым-қатынас жасауға үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибемен алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеумет. Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Жақсы қарым-қатынас жасауға үйренеміз..

Мақсаты: Балаларды өзара жақсы қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Айналасына жағымды қарым-

қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру. Жақсылыққа ізгілікке тәрбиелеу. Билингвальды компонент: жақсылық-доброта.

Көрнекілігі: әліппе-дәптер, дидактикалық материалдар, суреттер, түрлі түсті қарындаштар.


Іс-әрекет сатысы

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушы


Шаттық шеңбері

«Қуыршақ», Ә. Дүйсенбиев, Т.Ізтаев.

Балалар өлең жолдарын бірге қайталайды.




Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Ә

Әңгімелесу

-Балалар,қазір орындаған «Қуыршақ» өлеңінен не түсіндіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар!Бұл өлеңнен «Қуыршақтың қырсық мінезін,ешкіммен тіл табыса алмайтындығын

байқады . Өмірде осы «Қуыршақ сияқты балалар бола ма? Болса олармен достасу,бірге ойнау сендерге көңілді ме? Балалардың жауаптарын тыңдап қорытындылау:

Ендеше,біз бүгінгі сабағымызда адамдармен, айналаны қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас жасаудың сырымен танысып, сол қасиеттерге үйренеміз.


Әңгімелеу

БалаларғаС.Сухомлинскийдің «Жалғыз алма»әңгімесін оқу. -Қыздар неліктен алманы бөлісе алмады.Қыздардың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?


Тыныштық сәті

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


Ғажайып сөздер

-Татулық. Жақсы көру. Сыйлау. Келісу. Түсінісу. Тіл табысу.



Балалардың жауабы:мінезі қырсық қуыршақ туралы айтылған.







Әңгімені мұқият тыңдайды,әңгіме желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.







Сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.


Рефлексивті түзетуші


Біз бүгінгі сабағымызда жақсы қарым-қатынас жасаудың құпиясы бір-бірімізді түсіну,өзара сыйластық екенін түсіндік.


Жүректен жүрекке

-Ыңғайланып отырып, қолдарыңды алға қарай созыңдар. Енді сенің алақаныңда кішкентай «Күн» жатыр деп ойла. Оның сәулесі сенің саусақтарының арасынан өтіп, бойыңа жылылық құйғанын сезін. Енді күннің таратқан жылуын сезіне отырып, бір-бірлеріңе жақсы, мейірімді сөздер айтыңдар.


Балалар жақсы қарым-қатынас жасаудың сырын түсінеді.

Бір-бірлеріне жақсы,мейірімді сөздер айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі: өзара жақсы қарым-қатынас жасай білу.

Болуы: қарым-қатынас жасаудың құпиясы өзара сыйластық, бір-бірін түсіну екенін біледі. Жасай білуі: бір-бірін түсіну, сыйлау, жақсы қарым-қатынаста бола білу




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
1781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі