Жақсы
сөз-жанға қуат
Садыкова
Айкал Ануарбековна
№25
Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
Өзін-өзі
тану пәнінің мұғалімі
Шымкент
қаласы
Құндылықтары:Ақиқатты
тану, ішкі тыныштық
Қасиеттері:Жанашырлық
пен ізгілік
Мақсаты:
Оқушылардың « сөз», «бақыт» құндылығы
туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
- жақсы сөздің адам өміріндегі
маңыздылығын түсіндіру;
- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін
дамыту;
- ізгілікке,
ізеттілікке тәрбиелеу.
Ресурстары:
сюжетті суреттер, күн шуағы, қанатты
сөздер.
Сабақтың
әдісі:
Миға шабуыл, сұрақ-жауап
І.
Нұрға бөлену
-
Ал, кәнеки балалар, шаттық шеңберін
құрайық!
- Бір - біріміздің қолымызды
ұстағанда нені сеземіз?
- Бір - біріңе
күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені
байқап тұрсыңдар?
- Қазір бәріміз
бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:
Ой
- жүйрік, тіл – шебер,
Танытса
шындықты.
Мәнді
ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты.
-
Бәріңнің көңіл күйлерін жақсы екенін
сезіп тұрмын. «Жақсы сөз - жанға қуат»
деген осы. Біз бүгінгі сабағымызда осы
тақырыпта сахналық көріністер көрсетеміз.
Жақсы сөз - жанға қуат демекші бір -
бірімізге жақсы сөз айтумен сабағымызды
бастайық. (сүйкімдісің, ақылдысың, ең
әдемі қызсың, өте ұқыпты баласың, адал
доссың т. б.)
ІІ.
Сахналау:
-
Күн сәулесі шуақтарында берілген
сөздерді пайдаланып, сахналық көріністер
көрсетеді.
1. Жақсы сөз - жарым ырыс.
«Сыпайы қоян» ертегісін сахналау.
2.
Бақытты бол!
3. Жақсылыққа - жақсылық.
«Алтын балық» ертегісін сахналау.
4.
Құлыным!
5. Көп жаса!
ІІІ.
Әңгімелесу.
а/
сұрақ - жауап
- Жақсы сөз естігенде
қандай сезімде боласыңдар?
- Қуанамыз.
Шаттанамыз. Жақсы сөз адамды бақытты
етеді.
- Жаман, дөрекі сөз естігенде
қандай сезімде боласыңдар?
- Ол сөздер
адамның көңі - күйін түсіреді, мұңайтады,
оны уайымға салады.
ІV.
Қорытындылау.
-
Жақсы сөз туралы не білдіңдер?
- Жақсы
сөз – жарым ырыс.
- Жақсы сөз естісең
жаның жадырап сала береді.
- Жақсы
сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады,
тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа
кенелтеді, қуанышқа бөлейді.
- Жақсы
сөз, жылы тілек әр адамның көңілін
көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді,
көңіліне қуаныш сыйлайды.
- Жылы сөз
адамды татуластырады, достастырады.
-
Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту
нәтижесінде өзара сыйластық артады.
ә/
Сондықтан да жүрекке жылы тиетін жақсы
лебіздерді бір - бірлеріңе жиі айтып
жүріңдер.
б/ Ұстаздарға арналған жылы
тілектерін айтады.
V.
Жүректен - жүрекке.
-
Жақсы сөздерді іштерінен қайталап, бір
- біріне сыйлайды.
- Өлең шумағын
айтады.