400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Жақсылық жан жадыратады.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды адамгершілікке , ұйымшылдыққа тірбилеу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі

Тақырып: «Жақсылық – жан жадыратады»

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірімділік, жанашырлық, риясыз сүйіспеншілік.

Мұғалiм:Қапезова Қаламқас Сынып: 9


Сабақтың мақсаты:оқушыларға жақсылық туралы түсіндіре отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының адам өміріндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

а)Жақсылық жасаудың адами қарым қатынастағы маңызын түсіндіру;

ә) Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

б) Мейірімділікке, жанашырлыққа, риясыз сүйіспеншіліккетәрбиелеу.


Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізелеріңіздің немесе партаның үстіне қойсаңыз болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарап бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз де жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келді.

Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан –жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір – түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»

Осындай Нұр, Махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Абай Құнанбаевтың «Жиырма үшінші» қара сөзін оқып, мағынасын түсініп келу.

  • Жаманға салысып жақсы бола ма? – деген сөзді қалай түсінесіз?

  • Адам басқаның жамандығына қуанудан немесе жұбаныш қылудан жақсы адам бола ала ма? Неліктен?

. Өзге адамнан жақсылық көрген немесе өзгеге жасаған жақсы істеріңізді еске түсіріп,әңгімелеп беріңдер.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық ер адамның ісі.

-Дәйек сөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

-Жақсылықты кез келген кісі жасай ала ма?


  1. Әңгiмелеу. Жақсылық пен жамандық туралы аңыз.

  • Неліктен адам Жақсылықтың айтқанын орындады деп ойлайсыңдар?

  • Жамандыққа ерсең жаман боларсың,жақсылыққа ерсең жақсы боларсың-деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

  • Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

  • Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

  • Жақсылық жасау адамды қандай сезімге бөлейді?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды 3 топқа бөлу;

1-ші топ: Ақындар тобы

2-ші топ: Суретшілер тобы

3-ші топ: Өнер тапқыштар.

1. Жақсылық туралы бейне баянды көру

2.Төмендегі берілген ұлы ойшылдардың сөзін оқи отырып, өз бейімділіктеріне байланысты,өздері таңдаған маман иелерінің жақсылық істері жайлы шығармашылық жұмыстарын жасау тапсырылады.

Конфуций

1.Ұстаз айтты:

Жақсы кісі деп сөзінен ісі көрінетін, айтқан сөзін кейіннен өзі ұстанатын кісіні айтады.

Жақсы кісі түсінуге тырысады, бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды.

Адамды сүйе де, жек көре де білетін адамды ғана адамгершілігі мол кісі дейді.

Адамгершіліктен ажыраған адам ұзақ уақыт кедей болып қалмас, бірақ мол байлыққа кенелмейді.

Платон

2. Жақсылық төрт түрлі болады. Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз.

Екіншіден, ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз. Үшіншіден, ол – тамақ, дәрі және пайдалы дене тәрбиесі.Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды,өз ойынан құрастырып қолымен жасаған т.с.с. өнерді айтады.

Дейл Карнеги

3. Адамның ұстанған көзқарасын оған реніш туғызбай өзгертудің тәсілі:-адамның жақсы қасиеттерін көтермелеп,шын пейілден мойындаудан бастаңыз;-адамдардың қателігін айтқанда,мұны жанама түрде көрсетіңіз;-адамды әрбір,тіпті елеусіз табысы үшін мақтаңыз және сөздеріңіз шын көңілден шығатын болсын;-көтермелеуді жиі пайдаланыз;-оның жақсы атты екенін айтып отырыңыз-ол соған сәйкес өмір сүрсін.

Оқушылар өздері жазған жақсылық туралы өлең жолдарын,салған суреттерін,жасаған заттарын суреттеп айтып бергеннен кейін қонақтарға сый ретінде табыстайды.


  1. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:


  1. Үй тапсырмасы.

«Ар, намыс» жайлы ой толғау жазып келу.11сабақты оқу.


Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар, сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі