400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жақсылықпен жаным дос 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың оқушыларға көмегі өте көп. Мұнда балалардың сабақты жақсы түсінуіне көп септігін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №54 орта мектебі

Мерзiмі:18.10.2016ж

№ 7 сабақ

Тақырып: «Жақсылықпен жаным дос»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық,жанашырлық, кішіпейілділік

Мұғалiм: Айменова Мақпал Ермекбайқызы

Сынып: 5 «Г»


Сабақ мақсаты: дұрыс әрекет құндылығы арқылы жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушылардың риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар: (материал

дар, дереккөздер)

слайд, электронды оқулық

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

5 «Т» ережесін сақтау: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Күннің суретіне сенің көңіл күйіңді көтеретін жағдайларды, бұлттың суретіне - сенің көңіл күйіңе қаяу салатын жағдайларды жұмыс дәптеріндегі 2 – тапсырманы (17 – 19 бет) орындау.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Оқушылардан оқулықта берілген «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген дәйексөздің мағынасын түсіндіріп беру сұралады. Жақсы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау екендігіне маңыз беріледі.


5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Тақтаға апа, ата, ат, жүк тиелген есек, бұлақ, бәйтерек т.б. суреттері ілінеді. Суреттерге қарап оқушылар әңгіме құрастырады. Суреттердің мазмұнын ашу үшін оқулықтағы «Жақсылыққа-жақсылық» ертегісін оқу ұсынылады. Ертегіге байланысты сұрақтары арқылы балалардың игерген біліктері мен өз бойларында қалыптасқан жақсы қасиеттерін айқындаймын.

  • Балалар жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Жақсылық жасау деген не?

  • Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • Жақсылық жасау адамның парызы ма?

  • Өздеріңнің жақсылық жасаған кездерің болды ма?

-Балалар тек бізде ғана емес әлемде де жақсылық жасайтын адамдар бар екен. Соны көрелік:


6.Шығармашылық жұмыс.

Шығармашылық жұмысты орындатуда оқулықта берілген ертегілердің үзінділерінен видео қойылады, өз ойларымен жалғасын айту барысында жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңыздылығын ұғындыру мақсаты қойылады.

1. Қарлығаш пен дәуіт

Ертегі

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді...

2. Арыстан мен тышқан

Ертегі

Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын»,-дейді ол. Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді...



7.Дәптермен жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы орындау.


8.Топпен ән айту.

«Дос болайық бәріміз» өлеңін айту.


9.Үй тапсырмасы

дәптердегі 2-тапсырманы орындау.


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Балалар сіздер білесіздер ме? Әлемде өте керемет бір адам бар екен. Оның бойы толған жақсылық, мейірімділік, кішіпейілділік,қарапайымдылық, махаббат сезімдеріне толы екен. Бірақ оны бір адам білсе, бір адам біле бермейді екен. Сол адамның суретін көрсетейін. (оқушыларға беті жабылған, ішінде айнасы бар қобдиша беріледі, қобдишаны балалар ашып көріп, өз бейнелерін көргенде ерекше сезімге ие болады.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі