400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жақсылықпен жаным дос" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы

«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Габдуллина Гульназ Толеугазиновна


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Сынып: 5

Тақырып: Жақсылықпен жаным дос
Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, кішіпейімділік,адалдық


Сабақ мақсаты: Адам өміріндегі мейірімділік, адалдық, қасиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:

1. Білімділік: Өмірде жақсылық жасаудың дұрыс әрекет ретіндегі мәнін үғады.
2. Дамытушылық: «Жақсылық», «жақсылық жасауға» дағдылану
3. Тәрбиелік: мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Түсті карточкалар, ашық хаттар, стикерлер, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар, музыка

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

  2. Үй тапсырмасын тексеру

Шығармашылық топтарға бөлу (түсті карточкалар арқылы 3 топқа бөлінеді).
Тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелдің үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сабақ барысын талқылау:
Жақсылық жасау. Әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік, жанашырлық көмек







Баяу әуен


Дәйексөз.

Жақсылық істеуден жалықпа,

Істеген жақсылығыңа өкінбе

«Кабуснама»

  • Жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Жақсылық жасау адамның парызы ма?

  • Сендер қандай жақсылық жасадыңдар?




Балалар дәйексөзді хормен қайталайды



Өз ойларын ортаға салады

Оқиғаларды әңгiмелеу.Мұғалім сыйы

«Жақсылыққа - жақсылық» - халық ертегісі . Жақсылық жасамағанына өкіну ұғымдарын меңгереді.
Ертеде бір диуана есегіне мініп ел кезіп жүреді.Әр кездескен үй иелері не береді,соны қанағат қылып, күн көреді.Бір күні кездескен үйдің әйелі өте сараң,адуын болады.Ол әйел диуананы жақтырмай осы қайта-қайта келіп, мазаны алмасын деп, нанның арасына «улы дәрі» береді.Ал диуананың одан еш хабары болмайды, алғысын айтып, кете береді.

Келе жатса, алдынан керуен кездеседі.Олар өте шаршаған, аш.Керуеннің ең соңында аштықтан әлсіреген әкелі,балалы екеу әлсіреп,ілесе алмай келе жатады.Жаңағы диуана оларға жаны ашып,сөмкесіндегі нанды алып береді.

Нанды жеген екеуі сол жерде өліп кетеді.

Бұған ашуланған керуенбасы жаңағы диуананы кіналап, абден ұрып тастайды.Сол кезде өзінің кінәлі емес екенін түсіндіріп, жаңағы нанды берген әйелге ертіп апарады.Сол кезде әйел өзінің жаман ниеті ұлы мен күйеуіне тигенін біліп, қатты назаланып, өз ісіне қатты өкінеді.

Осы әңгімеден соң «біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген нақыл сөз еске оралады.

  • Әңгіме не жайында айтылған?

  • Әйел қандай әрекет жасайды?

  • Ол әрекеттің аяғы қалай болады?

  • Әйел не үшін өкінеді?


Шығармашылық жұмыс. Сахналау.
1-топ: Жақсылық туралы мақалдар жазу

2- топ: «Жақсылықпен жаным дос» тақырыбында эссе жазады
3- топ: Бес жолды өлең құрастыру
3 топ постерлерге жазады, құрастырады
Тақтаға шығып топпен қорғайды



Оқушылар топпен орындап, қорғайды

Топпен ән айту.

«Жақсы адамдар» Әні мен сөзі:Ә.Оралов


Үй тапсырмасы.

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін өз ойымен жалғастырып келу


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Балалар, бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерімізді, жақсы әсерлерімізді ойымызға түйіп, жүрегімізге сақтап алайық

Баяу әуен орындалады


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
844
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі