Материалдар / Ашық сабақ." Жақсылықтан жақсылыққа" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ." Жақсылықтан жақсылыққа" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4сыныпқа "Жақсылықтан жақсылыққа" тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Бұл сабақта балалар жақсылық жасауды,жасаған жақсылықтың зая кетпейтінін түсінді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
594
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп:Бірік ОЖББМ Мерзiм: 18.03.2017 Мұғалiм: Батырханова.Г.З

Сынып: 4 Оқушылар саны: 16

Тақырып: Жақсылықтан жақсылыққа Сабақ№ 26

Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер:әр қашанда көмекке дайын болу, өзгелерді ренжітпеу, бірлік


Сабақ мақсаты: Оқушыларды жақсылық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері: -Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке үйрету

  • Оқушыларды әрқашанда көмекке дайын болуға тәрбиелеу

  • Өзгелерді ренжітпеу дағдыларын дамыту

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. 5Т ережесін қайталау. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

  2. Үй тапсырмасын тексеру

26 сабақ,114-116 бб, К. Демешевтің Мөлдір бұлақ ертегісін оқып, сұрақтар арқылы талдау.

  • -Халықтың сусыз қалу себебі ?

  • -Жер бетіне мөлдір бұлақтың қайтуының себебі неде?

  • -Бірлікте,әрқашан көмекке дайын болу қасиеттері қандай құндылыққа жетелейді?

Ескерту

  1. Дәйексөз.

Жақсы ойла және ойлар жақсы әрекеттерде пісіліп жетіледі.

Л.Толстой



-жақсы ой қандай әрекетке жеткізеді?






Лев Николаевич Толстой 1828 жылы 28 тамызда дүниеге келген. Ресей империясы - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицисть

1854—1855 жылдарғы Севастополь корғанысының қатысушысы.

  1. Оқиғаларды әңгiмелеу(мұғалім сыйы)

Қайынның көз жасы

Тамыз айы. Тал түс. Күн күйіп тұр.

Бес жасар Қапан есік алдына шығып, аз-кем ойланып тұрды. Сонау ауыл шетіндегі көл маңы үпір-шүпір балаларға толы. Асыр салып, салқын суға шомылып жүр. Көлге жаяу барғысы келмей, көкке өрлеп жасыл жапырақтары жайқала өсіп тұрған бала қайынның жалқы бұтағын сындырып алды. Дереу атына мінді де, ауыл шетіне қарай шаба жөнелді. Бұл оқиғаны көрші қарт көріп отырған.

Қапан кешке бұтағы сындырылған бала қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта-қайта қарап таң-тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:

  • Ата, айтыңызшы. Неге су ағып тұр?-дейді қайыңның діңін нұсқап.

  • Су емес... Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған. Жаны жараланып, жылап тұр соған. Тілі жоқ айтатын. Қайтсін, байғұс! Табиғат перзенті тал-терек ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны осы...

Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей. Басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата»-деген сөзді іштей қайталай берді.

Талқылау сұрақтары:

  • -Ата неліктен қайыңнан аққан су тамшысын адамның көз жасына теңеді?

  • -Қапанның іс-әрекеті қандай болды? Қандай кеңес берер едіңдер?

  • -Әр қашанда көмекке дайын, өзгелерді ренжітпейтін, қоршаған ортасына жәбір көрсетпейтін адамның әрекеті қандай болады?


  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Балалар төрт топқа бөлінеді. Төрт топқа төрт түрлі әңгімеден үзінді беріледі. Балалар әңгіме желісінөз ойларымен жалғастырады.
I-топ. Қарлығашпен дәуіт
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды......

II-топ. Құмырсқа мен көгершін

Бір құмырсқа сусап (шөлдеп), су ішуге өзенге түседі. Кенеттен толқын соғып, суға кетіп қалады. Сол мезгілде аузында тістелген бір бұтағы бар көгершін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көреді.....

III-топ. Бір жұлдызды құтқару

Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

  • Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

IV-топ. Ақ тиіннің ақылы

Қалың орман ішінде бір аю өмір сүреді. Оның кішкентай ғана сүйкімді қонжығы болады. Қонжыққа айналасындағы заттардың бәрі қызық болып көрінетін. Бір күні ол араның ұясын көреді. Қонжық араның балын жегісі келіп, жанталасып ұяны бұза бастайды. Мұңы ағаштың басында отырған тиін көріп қалады да:

  • Ей, қонжық! Сен не істеп жатырсың? Обал емес пе? Олар күндіз-түні дамыл таппай еңбек етеді. Ал сен болсаң, олардың ұясын бұзып жатырсың?-дейді.



  1. Топпен ән айту.

Жасамайық қиянат

Сөзі: Мұғалімдер шығармашылығы

Әні: Бал балалық сазымен

  1. Арамызда өкпе реніш болмасын,

Әрқашан да әділдікті қолдасын.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Сонда ғана, гүлденеді болашақ.

Қайырмасы

Ла-ла-ла

  1. Жасамайық адамзатқа қиянат,

Осының бәрін санаңызға ұялат.

Ізгіліктің жолында біз жүрек,

Бәрін естен шығармайық, білейік

Қайырмасы

Ла-ла-ла


  1. Қиянатты жасамайық адамға ,

Қиянат жасамайық табиғатқа.

Қиянат жасамайық ата-анаға,

Қиянатты жасамайық Отанға.


  1. Үй тапсырмасы.

27 сабақ. 118-122бет Ә.ТабылдиевтіңАтаның өнегесі атты әңгімесін оқып, түсінік алу.


  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Көзімізді жұмып, терең тыныс алыңыздар! Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, жан-жануарларға, барша әлемге жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді өз бойларыңнан өткізіп, жүректеріңе түйіп алыңдар. Әрдайым жақсылық жасап жүрейік. Жәймен көзімізді ашамыз.

Жақсылық4 бар жерде

Тыныштық4 бүкіл әлемде




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!