жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Жарасымды қарам-қатынас" 10 класс
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп № 23. Мерзiмі: 9.02.2017. № -21сабақ
Тақырыбы: "Жарасымды қарым-қатынас". Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: шыңайылық, риясыз қызмет жасау, кішіпейілдік.
Мұғалiм: Омарова Айнара Сәндібекқызы Класс : 10 «Ә» Оқушылар саны: 17
Сабақ
мақсаты:
Сүйіспеншілік
құндылығы арқылы оқушыларға жарасымды
қарым қатынас адам өмірінде маңызды
екенін ұғындыру. 1. Оқушыларды кішіпейілділікке үйрету. 2. Оқушылардың бойына қоғамға риясыз қызмет жасау қасиетін дамыту 3. Оқушыларды шынайы болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио,видео жазбалар) |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Алма ағашындағы алмалар түсіне байланысты топқа бөлінеді. 1-топ: Қызыл алма 2-топ: Сары алма 3-топ: Жасыл алма 2.Тыныштық сәтi. «Күннің нұры» (5 мин) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
|
Сабақ барысын талдау:
Волшебная композиция Хрустальная грусть |
3.Үй тапсырмасын тексеру. «Менің періштем» ойынының қорытындысы
|
(Оқушыларды «Менің періштем» ойынын талдау үшін шеңбер бойына шақырамын)
|
4.Дәйексөз. «Өмір – теңіз, онда жүзем демеңіз
Ізгіліктен
жасалмаса кемеңіз». Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? |
2-рет қыз балаларға, 2-рет ер балаларға айтқызу. Дәптерге жазғызу. |
5. Әңгімелесу. «Қарым-қатынасты бағала» бейнебаян
Сұрақтар:
Жіп арқылы қарым-қатынас схемасын көрсету Кез келген адаммен жарасымды қарым-қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек? – деген сауалға жіп арқылы қарама-қарсы тұрған оқушыға бағыттап керекті қасиеттерді айтамыз. Жіптің соңғы бөлігі келгенде: « Оқушылар назар салып қараңыздар, адамдардың арасындағы қарым-қатынас көзе көрінбейтін өте ұсақ жіппен жалғанған, егерде адамдар ренжіссе немесе ортақ тіл табыса алмай қалса, жіп үзіледі. Кешірім жасау арқылы қайтадан жіпті жалғауға болады.Дегенмен орыны дәл бұрынғыдай бола алмайды, тұйық қалып қояды » Сұрақтар:
|
Мұғалімінің сыйы. Бейнебаян көрсетіледі.
Әр топтан 2 оқушы-дан шығады. |
6.
Шығармашылық жұмыс. 2-топ: Сары алма – Қазақ халқында үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар? 3-топ: Жасыл алма – Жарасымды қарым-қатынас құру үшін қандай қағидаларды басшылыққа алған дұрыс?
|
Топтық жұмыс: постер қорғау 3 -минут |
7.
Топпен ән айту. «Жақсы адамдар»
әні Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы
адамдар. |
Аудио жазба қойылады. Әні мен сөзі: А. Оралов |
9.
Соңғы тыныштық сәті. Ыңғайланып отырамыз . Көздеріңізді жұмуды өтінемін. Бүгінгі сабақта қалай тиімді және жарасымды қарым-қатынас құруға болатындығын меңгердік. Бүгінгі сабақта түйген ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Қарам-қатынасқа айна секілді қараңыздар. Айнаға күліп қарасаң, ол да саған күліп қарайтыны секілді, қабақ түйсең саған да қабақ түйе қарағанындай, шынайы өмірде де өмірге сүйіспеншілік көзқараспен қарай біліңіздер.
Бүгінгі
сабақ үшін сіздерге көп рахмет.
Көздеріңізді ашуға болады. Сабақтан
алған әсерлеріңізді өз аламаларыңызға
жазып, құндылыққа толы ағашқа
орналастырыңыздар. |
Волшебная композиция Хрустальная грусть |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген