400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жарасымды қарым-қатынас" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне керек деп ойлаймын. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екендігін сезіндіру. Мақсаттарын дұрыс айқындауға ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: № 51 мектеп-гимназиясы

Мерзiмі:

Сабақтың реті №22

Тақырып: «Жарасымды қарым - қатынас»

Құндылық: Дұрыс іс әрекет

Қасиеттер: Адамгершілік, әдептілік, имандылық

Мұғалiм: Жолдыбекова Р.А.

Сынып: 10

Оқушылар саны:


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екендігін сезіндіру. Мақсаттарын дұрыс айқындауға ықпал ету.

Міндеттері:

- жастық жігерді білім алуға жұмсаудың маңыздылығы туралы ұғындыру;

- өздерінің табиғи икемділіктерін ескере отырып мамандық таңдауға бағыттау;

- өз жолын дұрыс таңдаған адамның болашағы жарқын, мақсаты айқын болатындығын ұғындыру.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

- Сыныптың жалпы сабаққа дайындығын тексеру.

- Тыныштық сәті «Теңіз түбіне саяхат»

Ырғақты баяу музыка қосылып тұрады

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаныңыз: денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпынына шағалалардың шуылына құлақ түріңіз.Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз.Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз:ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз,мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің жайланып отырып,өзіңді қауіпсіз сезініп, су астында жүзу қандай керемет жағыңызға қараңыз; мұнда кемпірқосақ тәрізді әрлі берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасаен зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз...бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлемсіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз?(мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады.)

Ал қазір жоғарыға өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты, сіз субетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)слайд,дәйек

сөз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

С.Ақатайдың әңгімесін оқу, талдау.

- «Ізгіліктің басы үлкенді сыйлаудан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Қазақ ұғымында үлкенді сыйламау адамгершілікке жатпайды, ол қылмыспен тең деген сөзбен келісесіңдер ма?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйек сөз.

«Жасы кіші інініақылы артса, аға тұт.

Жасы үлкен ағаны - жақсы сыйлап жаға тұт.»

М.Әуезов

Мағынаны тану.

4.Әңгiмелеу (сұхбат).

Әңгімелеу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады.

Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?

Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?

Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?

Венн диаграммасы.

Сөз бен іс-әрекеттің ұқсастығы.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды өз мақсаттарын жүйелі іске асыруға үйрету мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген.

Дәптерде берілген 1-2- тапсырмалар орындалады.

Сергіту сәті.Доппен бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.


6.Топпен ән айту.

Бөлтірік шешеннің бір шумақ өлеңі топпен оқылады.


7.Үй тапсырмасы.

Г.Сайынқызының «Күн ұрланған күн» әңгімесін оқу, талдау.


8.Соңғы тыныштық сәті.Сабақта үйренген дұрыс-әрекет құндылығын жүрек түкпірінде сақтаңыздар.


Тексерілді:

_____________ДОЖЖО

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.03.2019
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі