жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Жаратылыстану. 1-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану
|
Сабақтың тақырыбы: Қалай дұрыс тамақтану керек? |
Мұғалімнің аты-жөні: Қапарова Жанар Күні: |
||||||
|
СЫНЫП: 1 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау |
||||||
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар , топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. тамақтану пирамидасы салынған плакат;“бос” тамақтану пирамидасы бар парақтар; Интернет-ресурстар: youtube.com›watch?v=k6BcdOM5hl4 Тамақтану пирамидасы |
||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар: қандай азық-түліктің денсаулыққа пайдалы екенін және олардан қандай тамақ әзірлеуге бола алатынын түсінеді; дұрыс тамақтану ережесімен танысады; қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын біледі. |
||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану,қазақ тілі,бейнелеу өнері |
||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
|
Басталуы 0,5 минут 1 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Болсаң да әлі қаршадай, Құру
үшін сен саулық, Кіріспе тапсырма: - Адамның өмірге келген сәттен бастап оның өсу кезеңдерін есімізге түсірейік, ол үшін топпен ақылдасып, мына суреттерге ретін дұрыстап қойып шығыңдар: адамның есею кезеңдерін атату(өткенді пысытау) Сәби,ерте балалық шақ, мектепке дейінгі балалық шақ, мектеп жасы, жасөспірімдік кезең, жастық шақ, кемелдену кезеңі, қарттық шақ.
Топқа бөліну 1-ұн өнімдері «Бауырсақ» 2-сүт өнімдері «Ақуыз» 3- жеміс-жидектер «Дәрумен» |
|
|||||
|
Жаңа білім 8 минут |
Миға шабуыл Оқушыларға екі түрлі формалы адам суретін көрсетемін. -Балалар, қандай айырмашылықты көріп тұрсыздар? -Адам дүниеге келген сәттен бастап оның өсуі үшін не қажет деп ойлайсыңдар, балалар? - Әрине су, жылу, баспана, таза ауа, киім, тамақ. Мұғалім түсіндірмесі. Оқулықпен жұмыс Дастарқан. Оқушылардың назарын суретке аударып, “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде қайсысы саған таныс? Қандай азық-түліктерден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” — деген сұрақтар қойылады. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өту. Оқушылардың негізгі тағамдардың атауларын білуі маңызды: ет асу, бауырсақ, қазы, шұжық, қымыз.
Шеңбердегі азық-түлік. Оқушылар неліктен шеңбердің ішінде бейнеленген азық-түліктерді көп мөлшерде қолдануға тыйым салынғандығы туралы ойлансын. Барлық нұсқаларды тыңдап шығу.Газдалған тәтті сусындармен шөлді басуға болмайтынын, себебі олардың құрамында көп мөлшерде қант болатынын айтылады. Тез дайындалатын азық-түліктердің де зиянды екенін айтылады. Олар туралы сабаққа арналған арнайы материалдарды слайд арқылы қолдана отырып айтып беру. Пайдалы тағам.
Тамақтану пирамидасын бейнебаяннан (youtube.com›watch?v=k6BcdOM5hl4 )көрсету. Суретте көрсетілген барлық топтарды және жеке азық-түліктерді атап шығуларын сұраңыз. Олардың қайсыларын көп және жиі қабылдау керектігін ой лануларын ұсыныңыз. (Дәнді дақылдар, макарон өнімдері, ботқалар.) Олар пирамиданың қай жерінде орналасқан? Жоғарыда не орналасқан? (Май.) Оны жеуге бола ма? (Иә, бірақ көп мөлшерде емес.) Оқушылар пирамидада “күнделікті тағамға пайдалануға қажет азық-түлік топтары көрсетілген” деген қорытындыға келулері тиіс. Пирамиданың төбесіне жақын орналасқан азық-түліктерді аз мөл шерде пайдаланукерек. Шеңбердегі азық-түлік. Оқушылар неліктен шеңбердің ішінде бейнеленген азық-түліктерді көп мөлшерде қолдануға тыйым салынғандығы туралы ойлансын. Барлық нұсқаларды тыңдап шығу.Газдалған тәтті сусындармен шөлді басуға болмайтынын, себебі олардың құрамында көп мөлшерде қант болатынын айтылады. Тез дайындалатын азық-түліктердің де зиянды екенін айтылады. Олар туралы сабаққа арналған арнайы материалдарды слайд арқылы қолдана отырып айтып беру. |
|
|||||
|
3-5 минут |
Бекіту Деңгейлік тапсырма(өздік
жұмыс) «Сұрыптау» А деңгей Тамақтану бағдаршамы. Жасыл түске көбірек тұтыну керек тағамдарды жапсырады. Сары түске орташа деңгейде пайдалану керектерін, қызыл түске зиянды тағам қиықшаларын жапсырады.
В деңгей Анамызға тағамдарды ыдысқа салуға көмектесейік.
С деңгей Зиянды және пайдалы тағамдарды анықтау. Зиянды тағам тұсына -, пайдалы тағамға + таңбасын қою.
|
|
|||||
|
10-15 минут |
Топтық жұмыс Бос тағам пирамидасына тағамдарды орналастыру
«Дұрыс және бұрыс» стратегиясы
|
|
|||||
|
Тілдік құзіреттілік 2мин |
Үш тілде тағам түрлерін жарнамалайды. «Бауырсақ» тобы
«Ақуыз»тобы
«Дәрумен»тобы
|
|
|||||
|
5 минут |
Күтілетін нәтиже Қандай азық –түліктің денсаулыққа пайдалы екенін және олардан қандай тамақ әзірлеуге болатынын түсінді; Дұрыс тамақтану ережесімен танысты Қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын білді. |
|
|||||
|
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут |
«Бас бармақ» әдісі
|
Бағалау парақшасы «Басбармақ» әдісі. Рефлексия парағы. |
|||||
|
Үйге тапсырма: |
|||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? «Бағдаршам»әдісі |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Бүгінгі құрған сабағым және оның мақсаты шынайы. Оқушылар өсімдік және оның түрлерін,пайдасын білді. Бірақ кедергілер де болып өтті. Мен қолданған кейбір саралау шаралары тиімді бола алмады. Синтездеу кезінде «Алты қалпақ» әдісін бірінші рет пайдаланған болатынбыз. Бұл әдіс оқушылар үшін кедергі болды. Оқушылар осы әдісті алдағы үйренгісі келетінін айтты.Басқа саралау әдістері тиімді болды. Оқушылар белсене қатысты. Уақытты үнемдей білдім. Мен өз жоспарыма «Алты қалпақ»әдісін енгізген болатынмын. Оқушы әр сабақта тиімді әдістердің түрлерін үйреніп,өздеріне керекті ақпарат жинаса осындай әдістерді меңгертуге дайын боламын әрқашан. |
||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:Жигсо әдісі 2:Психологиялық ахуал Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:Топтық жұмыс 2:Әдіс-тәсілдер Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Сабақ барысында жеке жұмыстың көбіне тиімді болмайтынын түсіндім. Жеке жұмыс жасау кезінде төмен деңгейдегі оқушылар алға қарай тартылмайды. Топтық жұмыс жасау кезінде оқушылар бір-біріне ықпал жасап отырады.Бір-бірін бағалау арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырады. |
|||||||










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген