Материалдар / Ашық сабақ Жаратылыстану 3 сынып "Өкпені шынықтыру"

Ашық сабақ Жаратылыстану 3 сынып "Өкпені шынықтыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Адам.

Мектеп: Бикен Римова атындағы мектеп-гимназиясы

Күні: 21.11.19

Шарипбаева Сауле Минашевна

Сынып: 3


Сабақтың тақырыбы:

Өкпені шынықтыру

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыныс алу мүшелерін атай алады, адам қалай тыныс алатынын біледі

Оқушылардың көпшілігі: тыныс алу жүйесі қалай жұмыс істейтінін біледі

Кейбір оқушылар: тыныс алу мүшелерінің жұмысына зерттеу жұмысын жүргізіп, қорытынды жасай алады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіні, қолдану

Бағалау критерийлері

Білім алушы

-тыныс алу жүйесін атайды.

-тыныс алу мүшелерінің ролін сипаттайды.

-өкпені шынықтырудың маңызын біледі

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тыныс алу жайлы сұрақтарға жауап береді;

  • Неліктен спортпен айналысу керек?

  • Дене сымбатты болу үшін не істеу қажет?

  • Тыныс алу мен спорт арасында қандай байланыс бар?

Зерттеу жұмысы бойынша тұжырым жасайды;

Жазба жұмысын орындайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: тыныс алу жиілігі

Құндылық

төзімділік және шыдамдылыққа баулу

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім

Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

минут

Ұйымдастыру

Спортпен айналысып жатқан балалардың суретін көрсету.

  • Неліктен спортпен айналысу керек?

  • Дене сымбатты болу үшін не істеу қажет?

  • Тыныс алу мен спорт арасында қандай байланыс бар?

  • Ұзақ жүгіргенде адамдар өздерін қалай сезінеді?

  • Кейбір адамдар неліктен тез және шапшаң жүгіреді?

  • Кім қандай дене шынықтыру жаттығуларымен айналысады?

  • Дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда қандай тыныс алу ережелерін сақтау керек?

Неліктен кеудені кең жазғанда терең тыныс алу қажет?

  • Топқа бөлу.

1 – топ: Ас қорыту жолдары: ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашішек, тоқішек,

2 – топ: Тыныс алу жолдары: мұрын, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, ауатамырлар, сол жақ өкпе, сол жақ өкпе.

3 – топ: Дене мүшелері: қол, аяқ, құлақ, көз, бас, кеуде.


Тыныс алудың ең негізгі басты мүшесі – өкпе. Ендеше, сабағымыз осы өкпеге арналады.


Тақырыбы: Өкпені шынықтыру.

Мақсатымыз: тыныс алу жүйесі қалай жұмыс істейтінін білеміз және адамның қалай дұрыс тыныс алу керектігін білетін боламыз.

Бағалау іс-әрекетпен (шапалақ) арқылы жүреді.



Сабақтың ортасы

минут

  1. Зерттеу жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Лента, ұзын сызғыш немесе метрлі таспа, қалам, қағаз

а) Бірқалыпты тыныс алу және кеуде тұсын лентамен өлшеу. Нәтижені жазу.

ә) Терең тыныс алу және өлшеу нәтижелерін жазу, содан кейін терең дем шығару, жаңа нәтижелерді жазу. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстыру.

Дескриптор:

1.Бірқалыпты тыныс алу және кеуде тұсын лентамен өлшей алады. Нәтижені жаза біледі.

2.Терең тыныс алу және өлшеу нәтижелерін жаза алады, содан кейін терең дем шығару, жаңа нәтижелерді жаза біледі. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстыра алады.


Кеуде өлшемі

нәтижесі, см

Бірқалыпты дем алу


Терең тыныс алу


Терең тыныс шығару


Өкпенің маңыздылығы

Сен білесің бе? Марафоншылардың алысқа жүгіру әдісімен танысады.

Қосымша ақпарат. Тыныс алу мүшелерінің көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу, жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін киіммен жүру барлығы да еркін, жайлы тыныс алуға, сол арқылы денсаулығымызды мығым етуге көмектеседі.

  1. Жеке жұмыс.

Бірқалыпты жағдайда және белсенді жаттығудан соң минутына қанша рет тыныс алатынына болжам жасау және өз болжамын тексеру.

1. Болжам жасау.

а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығына;

ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне;

б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне болжам жасау. Кестені толтыру.

Одан кейін мұғалімнің басшылығымен уақытты белгілеп тыныс алуды санау

а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығы;

ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігі;

б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігін есептеу және нәтижесін жазып, өз болжамымен салыстыру.

Қорытынды шығару.

Дескриптор:

Бірқалыпты жағдайда және белсенді жаттығудан соң минутына қанша рет тыныс алатынына болжам жасай алады және өз болжамын тексере біледі.


Тыныс алу

болжам

нақты

орындықта отырғанда



10 рет отырып-тұрғаннан соң



20 рет отырып-тұрғаннан соң



Қорытынды

(Әр адамның өзіндік тыныс алу ырғағы болады)

Зерттеуден соң сұрақтар қою:

  • Жай бірқалыпты отырғанда өзіңді қалай сезіндің?

  • Жаттығу жасағаннан кейін не өзгерді?

  • Жылдам қозғалған сайын нені аңғардың?

  • Адамның тыныс алу жиілігі дене жаттығуларына байланысты ма?

Тыныс алуға арналған жаттығулар жасау.

Жазылым. Оқушылар жеке жазу жұмысымен айналысады.

Ойтолғау «Өкпені қалай шынықтыруға болады?»

Жұмыс дәптері 39-жұмыс парағы (41 б.)

































































30 сек.

Сабақтың соңы

минут

Рефлексия: «Ақылды үкі»

Түсіндім

Түсініп келемін

Түсінбедім



Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға күрделілендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Кауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс




Рефлексия

















Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?























21.11.19 ж. Зейін қоғамдастық әдістемелік күнінде жаратылыстану пәнінен «Өкпені шынықтыру» деген тақырыпта сабақ өткіздім.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: тыныс алу мүшелерін атай алады, адам қалай тыныс алатынын біледі

Оқушылардың көпшілігі: тыныс алу жүйесі қалай жұмыс істейтінін біледі

Кейбір оқушылар: тыныс алу мүшелерінің жұмысына зерттеу жұмысын жүргізіп, қорытынды жасай алады

Бағалау критерийлері: Білім алушы

-тыныс алу жүйесін атайды.

-тыныс алу мүшелерінің ролін сипаттайды.

-өкпені шынықтырудың маңызын біледі

Сабақтың басын ұйымдастыру кезеңімен басталды.

Спортпен айналысып жатқан балалардың суретін көрсету.

  • Неліктен спортпен айналысу керек?

  • Дене сымбатты болу үшін не істеу қажет?

  • Тыныс алу мен спорт арасында қандай байланыс бар?

  • Ұзақ жүгіргенде адамдар өздерін қалай сезінеді?

  • Кейбір адамдар неліктен тез және шапшаң жүгіреді?

  • Кім қандай дене шынықтыру жаттығуларымен айналысады?

  • Дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда қандай тыныс алу ережелерін сақтау керек?

Неліктен кеудені кең жазғанда терең тыныс алу қажет?

Топқа бөлу.

1 – топ: Ас қорыту жолдары: ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашішек, тоқішек,

2 – топ: Тыныс алу жолдары: мұрын, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, ауатамырлар, сол жақ өкпе, сол жақ өкпе.

3 – топ: Дене мүшелері: қол, аяқ, құлақ, көз, бас, кеуде.

Тыныс алудың ең негізгі басты мүшесі – өкпе. Ендеше, сабағымыз осы өкпеге арналады.

Тақырыбы: Өкпені шынықтыру.

Мақсатымыз: тыныс алу жүйесі қалай жұмыс істейтінін білеміз және адамның қалай дұрыс тыныс алу керектігін білетін боламыз.

Бағалау іс-әрекетпен (шапалақ) арқылы жүрді.

Сабақтың ортасын Зерттеу жасадық.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Лента, ұзын сызғыш немесе метрлі таспа, қалам, қағаз

а) Бірқалыпты тыныс алу және кеуде тұсын лентамен өлшеп. Нәтижені жазды.

ә) Терең тыныс алу және өлшеу нәтижелерін жазып, содан кейін терең дем шығарды, жаңа нәтижелерді жазыды. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстырды.

Дескриптор:

1.Бірқалыпты тыныс алу және кеуде тұсын лентамен өлшей алады. Нәтижені жаза біледі.

2.Терең тыныс алу және өлшеу нәтижелерін жаза алады, содан кейін терең дем шығару, жаңа нәтижелерді жаза біледі. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстыра алады.

Өкпенің маңыздылығы туралы «Сен білесің бе?» деген сұрақтармен Марафоншылардың алысқа жүгіру әдісімен танысаты.

Қосымша ақпарат бердім. Тыныс алу мүшелерінің көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етедігі жайлы.»

Жеке жұмыс.

Бірқалыпты жағдайда және белсенді жаттығудан соң минутына қанша рет тыныс алатынына болжам жасау және өз болжамын тексеру.

1. Болжам жасау.

а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығына;

ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне;

б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне болжам жасау. Кестені толтыру.

Одан кейін мұғалімнің басшылығымен уақытты белгілеп тыныс алуды санау

а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығы;

ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігі;

б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігін есептеу және нәтижесін жазып, өз болжамымен салыстыру.

Қорытынды шығару.

Дескриптор:

ЖИ арқылы жасау
29 Сәуір 2020
2195
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі