400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жаратылыстану 4-сынып "Ауаның маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім. Заттар мен олардың қасиеттері.

Заттардың типтері. Ауа

Күні: 28.11.2019 ж.

Сынып: 4

Мектеп: Шалқар орта мектебі


Мұғалімнің аты-жөні: Конакбаева Г.Т.

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ауаның маңызы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.1 адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану жолдарын анықтау


Бағалау критерийлері


1. Ауаның қасиетіне қарай қолдануын сипаттайды,

2. Ауаның қасиетін зерттейді

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаты:

Оқушылар

-ауаның қасиеттері мен оларды қолдану аясы туралы әңгімелейді;

Пәндік лексика және терминология:

ғаламшар, ауа, оттек жастықшасы, оттек баллоны.

Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар сериясы:

Неліктен ауасыз тіршілік ете алмаймыз?

Ауа тұрмыста қалай пайдаланады?

Құндылықтарды дарыту

- құрмет;

- ынтымақтастық;

-өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Экология, медицина, математика

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым, бейнежазба

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар ауаның қасиеттерін, кеңістікті толтырып тұратынын және жануды қолдайтынын біледі. Ауаның тіршілік үшін маңызын түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы





8 мин

Ұйымдастыру.

Терең ғылым сананың

Тегі дөп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз

Ғылымға кіріспе сабағын.

Психологиялық ахуал.

Оқушылар бір - біріне сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Сыныпты 3 топқа бөлу: әр баланың қолына смайлик беріп, бірдей смайликтері бар оқушылар топтасады.

1-топ 2-топ 3-топ

«Ойлан, жұптас, бөліс»

Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау

Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді

/Ауа/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерімен танысу.

Ұ.

«Еске түсір» айдары.

1-тапсырма

Өткен сыныпта ауаның қасиеттері туралы білетіндерін еске түсіреді.

Постерге қағаз қиындыларында жазылған ауа қасиеттеріне сәйкес сөздерді жапсырады.

Дескриптор:

  1. Өздері білетін ауаның қасиеттерін сызбаға түсірді.

  2. Әр қасиетке байланысты мысалдармен дәлелдеді..

ҚБ: «Бас бармақ» Бірін-бірі бағалау.















Смайлик-тер











Постер

Сабақтың ортасы

2 мин






10 мин











  1. мин























5 мин

















3 мин

  1. Бейнефильм көрсету.

Бейнефильм мазмұны бойынша топтар сұрақ құрастырады.

Ауа туралы не білесіңдер?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамыз-да екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда не-месе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай ала-мыз. Ауа – физикалық дене. Физикалық дене – заттардан тұрады. Ауа – газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жә-не иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмір-қышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда от-тегін сіңіреді, көмірқышқыл газын шығарады.

Сарамандық жұмыс: Оттегі бетпердесі:

Мектеп медбикесі оттегі бетпердесі мен оттек жастықшасы туралы түсіндіреді.


ЖЖ

«Үздік жарнама»

2-тапсырма

Ауаның маңызы.

Фотосуреттердің көмегімен қандай жағдайларда қосымша оттек пайдаланылатынын түсіндіру.

Оттектің пайдалануына шағын жарнама парақтарын әзір-леу. Ол үшін ақпарат көздері арқылы қосымша оттек пайдаланылатын салаларды анықтау. Аталған салаларда қосымша оттекті қолдануды түрлі формада жарнамалау.

Мысалы:

Түсіндіріңіз, акваланг - бұл құрылым (сатылым атауы Aqua-Lun(Т), сүңгуірлерге су астында тыныс алуға көмек-теседі; «SCUBA» - бұл автономды тыныс алуға арналған аппарат атауының қысқартылған атауы. Оны сүңгуірлер су астынан минералдар мен қазыналар іздегенде пайдалана-ды.

Дескриптор:

  1. Ауа құрамын түсіндірді..

  2. Қосымша оттек қандай жағдайда пайдаланатынын дәлелдеді.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» . Мұғалімнің бағалауы.


Ө

3-тапсырма Зерттеу

Кестеде ауаның қасиеттері берілген. Ауаның бұл қасиетте-рін адам қалай пайдаланады? Кестені толтыр.

Ауаның қасиеттері

Қолдануы

Ауа қозғалады


Ауа орын алады


Ауа жылуды сақтайды


Ауа жануды қолдайды


Ауа орын ауыстырады


Ауа сығылады және серпі-леді


Дескриптор:

  1. Қасиеттеріне қарай қолдану жолдарын сипаттады.

  2. Ауаның қасиеттерін ажыратты.

ҚБ: Мұғалімнің бағалауы

ТЖ

Т: «Өзара талқылау»

«Шешуін тап!»

С: Тапсырма бойынша саралау

4-тапсырма

(Т, Ө) Математика пәнімен кіріктіру үшін оқушыларға экологиялық есеп шығаруды ұсыну. Есепті шешкен соң қорытынды жасалады.

1-топ

Бір кәсіпорын атмосфераға 200 тонна күйе шығарады. Газды тұтып қалатын жүйе орнатқаннан кейін күйе көлемі 20 есе азайды. Тазартатын құрылғы орнатылған соң кәсіпорын қанша күйе шығарады? (10 тонна)

2-топ

Шағын жалпақ жапырақты орман жылына 70 тонна шаң-ды тазартады, ал осындай тікен жапырақты орман 30 тон-на шаң тозаң таратады екен. Осы екі орман бірге жылына қанша шаң тозаңды тазартады? 3 жылда? 10 жылда? (100 тонна, 300 тонна, 1000 тонна) (70+30)* 3=300т

3-топ

Үйеңкі жылына 2кг оттек бөледі, ал шегіршін 7 есе көп бөледі. Шегіршін қанша оттек бөледі? (14кг)

ҚБ: Жұлдызша



Бейнежаз-ба














Суреттер
































Кесте, суреттер










Сабақтың соңы

2минут

(Ө)Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»


Қосымша ақпарат


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоясыз?




жоспарлап отырсыз?

Бағалау –оқушылардың прогресін/білімін қадағалауды сіз қалай жоспарлайсыз?

Оқу байланыстары
Денсаулық пен қауіпсіздік

Топтық жұмыста мотивациясы төмен оқушыларға тақырыпқа сәйкес тірек сөздерді беріп, қолдау жасап отыруды жоспарладым.Мотивациясы жоғары оқушылар өздігінен тапсырманы орындайды.

Бақылау, сұрақ қою, топтық жұмыстың нәтижелері,ШЖ қорғауы

Сыйластық, ынтымақтастық

Рефлексия

Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма?

Бүгін оқушылар неге үйренді?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолдан келді ме?

Мен уақыттық кестені ұстандым ба?

Мен жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?

Мен жоспарыма қандай өзерістер енгіздім және неліктен?






Қорытынды бағалау

Неғұрлым жемісті екі сәтті атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ықпал ететіндей екіжайтты атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?

1:

2:Мен сынып пен жекелеген оқушылар туралы жаңа нені білдім және бұл менің келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
4212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі