жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Жаратылыстану . "Сезім мүшелері"
Тобы/сыныбы: |
Мектепалды даярлық тобы |
|||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: |
Бабасова Айгул Мухтархановна |
|||||||||||||||
Білім беру саласы: |
"Таным" білім беру саласы |
|||||||||||||||
ҰОҚ: |
Жаратылыстану |
|||||||||||||||
Бөлім/бөлімше |
1.Тірі табиғат 1.4 Адам |
|||||||||||||||
ҰОҚ тақырыбы: |
Сезім мүшелері |
|||||||||||||||
Оқу мақсаты: |
0.1.4.2 сезім мүшелерін атап, олардың қызметін білу |
|||||||||||||||
ҰОҚ мақсаты: |
Сезім мүшелерінің адам өмірі үшін маңыздылығын түсінеді. |
|||||||||||||||
Күтілетін нәтиже: |
Сезім мүшелерінің қызметін атай алады. |
|||||||||||||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
Бейнежазбамен жұмыс, "Топтастыру" әдістері, сәйкестендіру тапсырмасы |
|||||||||||||||
Жоспарлау |
||||||||||||||||
ҰОҚ кезеңдері |
Жоспарланған іс-шаралар |
Ресурстар |
||||||||||||||
ҰОҚ басы 2 минут |
КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР: 1.Ұйымдастыру кезеңі: балалармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу. 2.Топқа бөлу: көз, құлақ, мұрын, тіл, қол саусақтары |
|
||||||||||||||
3 минут |
ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЫ: 1. https://www.youtube.com/watch?v=xjbdyzC-mF4сайтындағы бейнежазбадан адамның сезім мүшелерін атайды. Олардың қызметі туралы айтады. Кіріспе сұрақтар: Адамның сезім мүшелеріне не жатады? Көздің қызметі қандай? Құлақтың қызметі қандай? Иісті қалай ажыратуға болады? Дәмді қалай сезуге болады? Қандай заттарды сипап сезуге болады? Саралаудың мазмұн тәсілі. Оқу материалы мүлдем таныс емес балалар бейнежазба мазмұнына сай білу, түсіну сұрақтарына жауап береді. Қабілетті бала бейнежазба мазмұнынан басқа тақырып туралы ақпарат ұсынады. Бақылаудың "Жетелеуші сұрақтар" бақылау парағына түсіну деңгейінде сұраққа жауап берген баланың тақырып туралы түсінігін, іс-әрекет барысындағы даму деңгейін бақылаймын. Қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкіндігі бойынша жазба жүргіземін. |
|||||||||||||||
ҰОҚ ортасы 10 минут |
1-тапсырма. Топтық жұмыс. "Топтастыру" әдісі. Топ мүшелері берілген сезім мүшесіне қажетті суретті жапсырады, бұл сезім мүшесінің қызметі туралы айтады.
Саралаудың нәтиже тәсілі. Балалар топ бойынша бір бағытта жұмыс жасайды. Балалар қабілетіне қарай әртүрлі нәтиже көрсетеді. Қабілеті төмен баланың тәуекелге баруы үшін нұсқау беремін. Қабілетті бала жауапты түрлендіріп беруі мүмкін. Бақылаудың "Жетелеуші сұрақтар" бақылау парағымен жұмыс. Қабілеті төмен балаға қойылған сұрақтар мен жауап беру деңгейі бойынша дамуы мен мінез-құлқындағы өзгерістер туралы жазба жүрізіледі. Қабілетті баланың креативті ой айтуы мен сұрақтарға берілген жауаптар деңгейі бойынша өзгеріс туралы ой жазылады. Кері байланыс: Кері байланыс бутерброды
Нан - сезім мүшелеріне жататын заттарды толық таба алдым. Ірімшік - сезім мүшелеріне жататын заттардың кейбірін таба алмадым. Бала үні. Өз түсініктерін тапсырмамен байланыстыра отырып, тапсырма туралы ойын айтады. |
|
||||||||||||||
5 минут |
Саралаудың қолдау тәсілі. Қабілеті төмен бала мен қабілетті баланы жұптастырамын. Қабілеті төмен балаға ынталандыру үшін тапсырманы орындау барысында сұрақ қоямын. Қабілеті төмен балаға мадақтау сөз арқылы қолдау көрсетемін. Қабілетті баланың дамуына байланысты күрделі сұрақтар қоямын. Бақылаудың "Жетелеуші сұрақтар" бақылау парағымен жұмыс. Қабілеті төмен балаға заттар мен сезім мүшелерін байланыстыруға арналған сұрақтар қоямын. Тақырыпты түсінуі бойынша өзгерістер туралы жазба жүріземін. Қабілетті баланың креативті жетелеуші сұрақтарға берген жауабы бойынша даму деңгейіндегі өзгеріс туралы ой жазылады. Кері байланыс: "Бағдаршам" әдісі. "Бала үні" әр бала тапсырманы орындау қабілеті туралы өз ойын айтады. Жасыл түс - заттар мен сезім мүшелерін сәйкестендіре алдым. Сары түс - заттар мен сезім мүшелерін сәйкестендіруде 1-2 қат жібердім. Қызыл түс - заттар мен сезім мүшелерін сәйкестендіруде 3-4 қат жібердім |
|
||||||||||||||
ҰОҚ аяғы 2 минут |
3-тапсырма. Жұптық жұмыс. "Сағаттың тілі" әдісі. Көзге, құлаққа, тілге, мұрынға, теріге жасалатын күтім туралы диалог жүргізеді. Берілген диалогке қатыса алмаған жұпқа сұрақтар қойылады. Жұптар сұрақ қойып, оған жауап берсе, сағат тілін бір санға алға жылжытады. Сұрақ қоя алмаса, бастапқы көрсеткіште қалады. 4 К моделі. Проблемалық жағдаяттарды талқылауда сұрақ қою арқылы сыни ойлау қабілеті дамиды. Бірлесіп жзұмыс жасау арқылы өзара әрекеттестікке түсе алады.
Саралаудың қызығушылық тәсілі. Балалар сезім мүшелерінің өзі жақсы білетін мүщесі бойынша диалогке түсе алады. Қабілеті төмен баланың қызығушылығы бойынша айтылған пікірін мадақтаймын. Бақылаудың "Жетелеуші сұрақтар" бақылау парағымен жұмыс. Қабілеті төмен балаға сезім мүшелерін байланыстыруға арналған сұрақтар қоюына көмектесемін. Тақырыпты бойынша қойылған сұрақтардың деңгейін бақылаймын. Қабілетті баланың жоғары деңгейдегі сұрақтар қоюы бойынша өзгерісін жазамын. Кері байланыс: жұптардың бірін-бірі бағалауы. Таңдап алынған ресурстар мен ашық сұрақтар арқылы тапсырманы қаншалықты түсінгенін тексеремін. Қарапайым сұрақтар: Сезім мүшелерінің қызметі туралы не білесіз? Нақтылайтын сұрақтар: Егер көз ауырса, не істеуге болады? Түсіндірме сұрақтар: Неліктен құлақты көп шұқуға болмайды? Бағаланатын сұрақтар: Неге тері қорғаныш қызметін атқарады? Практикалық сұрақтар: Қайнап тұрған судың ыстық екенін қалай анықтаймыз? Адам тілі тағы қындай қызметтер атқарады? |
|
||||||||||||||
3 минут |
Кері байланыс: "Хабарлама жіберіңіз" әдісі. Балалар ұялы телефонмен педагогке ауызша хабарлама жолдайды. Бүгінгі сабақта мен ......................түсіндім. Менің .............................туралы сұрағым келеді. Мен ............................түсінбедім. |
|
||||||||||||||
«Жетелеуші сұрақтар» бақылау парағы
ҰОҚ тақырыбы: Сезім мүшелері
Бақылау мақсаты: баланың танымдық қабілетінің дамуын бақылау
Күтілетін нәтиже: баланың танымдық қабілеті артады
Бақылау қадамдары: сөйлеу тілінің дамуы ерекшелігін бақылау
Мерзімі: 02.08.2019 жыл
Тақырыпқа қатысты дамуы |
Мінез-құлқындағы, тапсырманы түсінуі бойынша жазба |
Бақыланатын дағды |
Педагог қорытындысы |
Кіріспе сұрақ |
Қабілеті төмен балаға қойылған сұрақтар мен жауап беру деңгейі бойынша дамуы мен мінез-құлқындағы өзгерістер туралы жазба жүрізіледі. Қабілетті баланың креативті ой айтуы мен сұрақтарға берілген жауаптар деңгейі бойынша өзгеріс туралы ой жазылады. |
Сұрақ қоюы және сұраққа жауап беруі |
|
Жетелеуші сұрақтар |
Қабілеті төмен балаға заттар мен сезім мүшелерін байланыстыруға арналған жетелеуші сұрақтар қоямын. Тақырыпты түсінуі бойынша өзгерістер туралы жазба жүріземін. Қабілетті баланың креативті жетелеуші сұрақтарға берген жауабы бойынша даму деңгейіндегі өзгеріс туралы ой жазылады. |
Тақырыпты түсіну бойынша нақты жауап беруі |
|
Нақтылайтын сұрақтар |
Қабілеті төмен балаға сезім мүшелерін байланыстыруға арналған нақтылайтын сұрақтар қоюына көмектесемін. Тақырыпты бойынша қойылған сұрақтардың деңгейін бақылаймын. Қабілетті баланың жоғары деңгейдегі сұрақтар қоюы бойынша өзгерісін жазамын. |
Жоғары деңгейлі сұрақ қою дағдысының қалыптасуы |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген