400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Жаратылыстану, Дұрыс тамақтану 1 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс тамақтану арқылы денсаулықтарына көңіл бөлу. Пайдалы, зиянды тағам түрлерін ажырату Пайдалы тамақтарды көбірек қолдануға ұсыныс білдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы,

Шахтинск қаласы

Когабекова Асель Тургинбаевна

Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

бастауыш сынып мұғалімі




Сабақтың барысы

Бөлім/бөлімше

Жанды табиғат /2.3 Адам

Педагогтің аты-жөні

Когабекова А.Т

Күні

26.11.2021ж

Сыныбы

Қатысушылар саны: 24 Қатыспағандар саны:2

Сабақтың тақырыбы

Дұрыс тамақтану

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау

Сабақтың мақсаты

адамның өсуі мен дамуы үшін тамақтану қажет екенін түсіндіру


Shape1 Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезең





Өткенді еске түсіру

Психологиялық дайындық

Сәлемдесу

-Үлкенге де «СІЗ»,

-Кішіге де «СІЗ»,

-Сәлемдесіп құрметпен,

-Бас иеміз біз!

Оқушылар бір – бірімен, қонаққа келген ұстаздармен амандасады.

Сұрақтарға жауап береді.






Сұраққа толық жауап берулерін қадағалайды.





Суреттер

Жаңа білім

«Кел, ойланайық» Оқулықпен жұмыс

  • Тамақ сенің өсуің мен дамуыңа қажет. Адамдар тамақ дайындау үшін

көгөніс, жеміс, сүт, жұмыртқа, ет, балық, жарма, ұн және басқа азық- түлікті пайдаланады. Одан ботқа, сорпа, салат, шырын, нан дайындайды. Денім сау болсын десең, күніне үш-төрт рет тамақтан. Ас мәзірің түрлі пайдалы тағамнан болуы керек. Өйткені тағам арқылы ағзамыз түрлі пайдалы дәрумендер алады.

    • Пайдалы тағамға не жатады?

    • Пайдасыз тағамға не жатады?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, пайдалы, пайдасыз тағамдарды атайды.




Пайдалы – жемістер, көгөністер, ... .

Пайдасыз – чипсы, газдалған сусындар,

... .


Оқулық


Энциклопедиялар, төменгі сынып балаларына арналған анықтамалықтар, интернет



«Анықтайық»

  • -Бойыңды өсіріп, көзіңнің көруін

жақсартады. Тісің де мықты болады.

-Тәбетіңді ашып, күшіңді арттырады.

-Суық тиюден сақтайды. Күш береді, сергек жүруіңе көмектеседі.


«Анықтайық» әдісі бойынша дәрумендердің түрлерін анықтайды.

Дескриптор:

-дәруменнің түрлерін, пайдасын анықтайды, ойын дәлелдейді;

ҚБ: мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Shape3 Shape2 Shape4




Қызыл, жасыл және көк түсті карточкалар


Дәптермен жұмыс

1- тапсырмада себетке тек пайдалы тағамдарды саламыз.

2- тапсырма бойынша суретті аяқтап саламыз және С дәрумені кездесетін жемісті қоршаймыз.



Дәптерде берілген тапсырманы өз бетінше орындайды.

Дәптер жиегіндегі бағалау бойынша өздерін бағалайды.

Дескриптор:

- өсу мен дамуға қажетті пайдалы тағамдарды белгілейді

Дәптер, түрлі түсті қарындаштар





Сергіту сәті

«Азық-түлік дүкені» рөлдік ойынын ұйымдастыру. Оқушыларды «азық- түлікке» жұмсап, пайдалы тағам алып келуін сұрау. Олардың таңдауын талқылау, алып келген азық-түліктің қайсысы пайдалы, ал қайсысы зиянды екенін табу.


Оқушылар пайдалы және зиянды тағамдарды атайды.




«Бақылайық»

Оқулықтың 43-бетіндегі суреттегі қыз баланың тамақтануы дұрыс па, әлде бұрыс па екендігін бақылау.

Оқушылар суреттегі қыздың таңғы асқа ботқа жеп отырғандығын айтады.

Пайдалы ас мәзірін жасайды.




«Қызықты мәлімет»

Алманың 25 пайызы ауадан тұрады.

Сондықтан ол суға батпайды, қалқып тұрады.

Тәжірибе жасайды. Ой қорытып, көргендерін баяндайды. – Алма жеңіл болады, себебі құрамында ауа бар. Сондықтан суға батпайды.

Тәжірибе жасауларын қадағалайды.

Оқулық, алма туралы қызық мәлімет


«Зерттейік»

Жұптық жұмыс

«Сенің сүйікті тамағың не? Ол неден жасалады?» деген тәрізді сұрақтарды қойып, бір-бірін зерттеуді ұсынады.

Оқушылар бір-біріне сүйікті тамағы туралы айтады, неден жасалатынын анықтайды.

Мұғалім

«Жарайсыңдар!»,

«Тамаша!» деген ынталандыру, мадақтау сөздерімен ауызша бағалау жүргізеді.



Білімдерін тиянақтау

Адамға пайдалы тағамдардың тұсына «+»белгісін, ал зиянды тағамдардың тұсына«-» белгісін қойыңыз.


Берілген тапсырмаларды орындайды, себебін түсіндіреді.


Сабақтың соңы


Рефлексия

«Алмаағашы» рефлексиясы

Оқушыларға сабақ басында «үш түсті алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.

Тақтадағы алмаағашына алма іледі. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын; сары түсті алма – менің көңіл күйім көтеріңкі; қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай

алмадым, көңіл күйім жоқ.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Оқушылардың жауаптарын сараптайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
1360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі