400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ жаратылыстану мад мұғалімдеріне

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі бөлім тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

ТАҚЫРЫБЫ: Құстар қайда қыстайды?

Мектеп/МҰ: Жамбыл орта мектеп

Күні: 10.11.2017

Педагогтың аты- жөні: Кусайнова Ж

СЫНЫП-ТОП: «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның мақсаты

0.1.3.3 Қыстап қалатын және жыл құстарды атау.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:


  • құстардың тіршілігіне қажет жағдайларды атайды;

құстардың түрлерін ажыратады.

-тірек көмегімен мақсатты құруды түсінеді;

Көпшілік балалар:

  • құстардың жылы жаққа неге ұшып кететінін түсіндіреді;

қыстап қалатын құстардың қысқа қалай бейімделетінін айтады.


Кейбір балалар:

  • үй құстары мен дала құстарын ажырата алады;

қыстап қалатын құстар мен жыл құстарын ажырата алады.

Тілдік мақсат

Дағдыларды жетілдіру.

«4 бұрыштың стратегиясы (сынау тұрғысынан ойлауды дамыту)» технологиялық тәсілі шегінде болжамдар ұсыну.

Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалану.

Балаларға «Неліктен кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді?» деген болжамды айтуға көмектесу.

Көптілділік: құс – птица – bird Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: ауа, су, тағам, болжам, бейімделу, ұшып кету, тұратын жері, мекендейтін ортасы, жыл құстары, қыстап қалатын құстар, үй құстары мен дала құстары Талқылауға арналған сұрақтар: Сен құстар туралы не білесің және құстар қайда мекендейді? Не себепті қыстап қалатын құстар деп аталады? Жыл құстары деп аталу себебі неде? Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығы неде?

Алдынғы оқыту

Құстар туралы қарапайым түсініктер; жыл мезгілдерін білуі, құстар тіршілігінің жыл маусымдарына біршама тәуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.


(Ұ) Шаттық шеңбері.

Бізбен бірге бар әлем, Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша!

Көңіл күйлерің қалай?

-Енді балалар маусымдық өзгерістерге байланысты ағаштардың жапырақтарға түрлі түсті болып жерге түсіп жатыр, сондай түсті жапырақтар менің алдымда тұр ұнатқан түстеріңе қарай таңдап, топтарға бөлініп, орындарымызға жайғасайық.

Осы топтарға аттарын берейін:

1 топ: Қарға

2 топ: Сауысқан

3 топ: Торғай

-Балалар, бейне тақтаға назар аударайық.

Түрлі түсті жапырақтардың

суреттері.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.


Мақсатты болжам.

3–5 мин.
















ҰОҚ-ның ортасы 3.Тақырып бойынша жұмыс

6 – 28 мин.•


– Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі

-Күз мезгілінде неше ай бар? 3 ай қыркүйек, қазан, қараша

-Күзде ауа райы қандай болады? Жел, жаңбырлы, күн салқындайды, жапырақтар сарғайып түседі, жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді. -Дұрыс айтасыңдар, сендер күзгі табиғаттағы өзгерістерді өте жақсы біледі екенсіздер. -Балалар біз немен демаламыз? Ауамен демаламыз

-Нені басып жүреміз? Жерді басып жүреміз

-Күн бізге не береді? Жарық пен жылу береді

-Шөлдесек не ішеміз? Су ішеміз, сусыз тіршілік бар ма? Сусыз тіршілік жоқ. Сонда балалар күн, жер, су ,ауа бұлардың барлығын бір сөзбен не дейміз?

-Табиғат дейміз.Табиғат туралы тақпақ айту

Табиғат ана құшағын аялаймыз,

Қорғау үшін күш жігер аямаймыз

Ол болмаса сен жоқсың осыны ұқ

Адамзат, табиғатты аялайық

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-екіге бөлінеді. Жанды және жансыз табиғат

-Жансыз табиғатқа не жатады? Жер, су, ауа, күн топырақ, тас

-Жанды табиғатқа не жатады? Адамдар, құстар, жануарлар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар

Жанды табиғаттың жансыз табиғаттан айырмашылығы өседі, өнеді, көбейеді және өледі

Жұмбақ жасыру.

Қанаты бар талмаған,

Аспанда ұшып самғаған.

Жауы шыбын-шіркейдей

Табиғатты ол қорғаған (құс)

-Олай болса, жаратылыстану оқу қызметінен «Құстар қайда қыстайды?» тақырыбында тірі табиғаттың бір бөлшегі құстар туралы алған білімімізді одан әрі толықтырамыз.

(Осы кезде мұғалім телефонына хабарлама келіп түседі)

-Балалар, теледидардан жаңалықтар тыңдаңдар дейді. Не болып қалды екеен?

Диктор: «Сәлеметсіздер ме. Қайырлы күн, қазақ елі! Еліміздің бүгінгі күнгі жаңалықтарымен таныс болыңыздар. Қазақстанның орталықтан шалғай елді мекендерінде қардың қалың түсіп жатқанына байланысты ормандағы жануарлар мен бірге қанатты құстарда тамақтарын тауып алуға қиналуда. Соған барша Қазақстандықтар көмек қолын созуда. Яғни, сол жердегі жануарлармен құстарға тамақ тауып беруге көмектесуде. Дегенмен де тағы бір қиындық туындапты. Бұған әсіресе қанаттылар қиналуда. Сондықтан да, баршаңызды қанаттыларға өте қажет жемшашарлармен көмектесуге шақырамыз»

-Балалар, біз көмектесе аламыз ба? Иә -Алдымен, балалар, құстардың тіршілігін біліп алайық. Бейне тақтадан ненің суретін көріп отырмыз?

-Әтеш, тауық, қаз, үйрек, күркетауық

-Бұлар қандай құстар?

-Үй құстары

-Үй құстарының адамға пайдасы бар ма?

-Құстың етін жұмыртқасын жейді, мамығынан жастық, тұрмысқа қажетті әр түрлі заттар жасайды.

-Тағы қандай құстарды білесіңдер?

-Аққу, қарлығаш, көкек, тырна, торғай, сауысқан, көгершін, тоқылдақ бүркіт, сұңқар т.б.

Рисунок 1

-Бұлар дала құстары деп аталады. Құстар адамға дос, олар ағаштарды құрт-құмырсқадан, егістікті шегірткеден қорғайды.Біз далада ойнап жүргенде қандай құстарды кездестірдік? - Қарға, көгершін, сауысқан, торғай -Ал, қалған құстар қайда? Жылы жаққа ұшып кетті. Оларды жыл құстары дейміз. Олар: қарлығаш, көкек, аққу, тырна (суреттерін слайд арқылы көрсету)

Қарлығаш кімнің үйіне ұя салса, сол үйге бақыт келеді деп, қарлығашты киелі құс санайды.Олар ұсақ шыбындармен қоректенеді, үнемі ауада ұшып жүреді.

Аққу-ірі денелі, суда тіршілік ететін құс.Олар үнемі жұптасып өмір сүреді, өсімдіктермен ұсақ балықтармен қоректенеді.

Тырна-көктемде ұшып келген кезде ауыл қариялары егін егуге уақыт болды деп болжайды, ұзын аяқты, біз тұмсықты ірі құстардың бірі.Ұсақ жәндіктермен өсімдіктермен қоректенеді.

Көкек-ұя салмайды, жұмыртқасын кез-келген ұяға тастап кетеді, ұсақ жәндіктермен, шыбын-шіркеймен қоректенеді.

-Бұл құстар жылы жаққа неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?

-Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.
-Торғай, қарға, сауысқан, көгершін сияқты жылы жаққа ұшпайтын құстарды отырықшы құстар немесе қыстап қалатын құстар дейміз.(слайдпен көрсету)
Қарға-қара қауырсынды, тамақ талғамайтын еті арам құс.Кез-келген тамақты қорек етеді.Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
Сауысқан-ала қанатты, ұзын құйрықты құс.Ол өте сақ,ерекшелігі жалтыр, әшекейлі заттарға әуес.Кез-келген тамақты қорек етеді.
Кептер-басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс.Кептердің қолға үйретілген түрін көгершін дейді.Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді.
Торғай-кішкентай, сұр, қоңыр түсті.Ауыл маңайында, аулада жүріп жемін табады.

Шымшық-сұр, қоңыр түсті, қауырсынды кішкентай, отырықшы құс. Ауыл маңайында, аулада жүріп, жемін табады.

Тоқылдақ- Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге қөұстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күндері адам тұрағына жақын келеді.

Суықторғай-кеудесі қызыл, қанаттары көкшіл болып келген, ағаш қуыстарын, індерді үй-жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді. Бұл құстар суықтан қорықпайды, олардың қалың мамықтары суықтан сақтайды.Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.

-Балалар, бейне сюжет тамашалайық.

-Әліппе дәптермен жұмыс. Кітабымызды ашайық.

1-тапсырма. Қыстап қалатын құстарды табады.Рисунок 2

2-тапсырма. Құстарды ұяларымен сәйкестендіреді.Рисунок 3

Сергіту сәті

-Балалар, құс – птица – bird

3-тапсырма. Үй құстары мен жабайы құстарды ажыратады.

Ойын: Құстар

Мақсаты: құстар суреттерін қима суреттерден құрастыру.

Осы құстар туралы тақпақ білеміз бе?

Торғай, торғай, торғайым, Жақын келіп қонғайсың. Жем шашып берейін, Сонда сен тоңбайсың. Қарға, қарға, қарғалар, Қар үстінде жорғалар. Боран соқса қар болар, Бұтаққа кеп қорғанар.

Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан. Бір томардан томарға, Секең-секең ауысқан.

Жақсы мен жаман ойыны. Шарты: айтылған сөйлемдер жақсы болып көңілдеріңе ұнаса қол шапалақтаймыз, ал ұнамаса аяғымызды тарсылдатамыз.
1.Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
2.Гүлдерге су құю жаман ба?
3.Достарыңды ренжіткен жақсы ма?
4.Құстарға жем шашу жаман ба?
5.Құстарға ұя жасау жаман ба?
6.Үлкенге көмектесу жаман ба?
7.Құстардың ұясын бұзған жақсы ма?
8.Құстардың жұмыртқасын жарған жақсы ма?

Құстардың сайрағанын тыңдау.
Құстар әр түрлі сайрап, табиғатқа көрік береді, олар өздеріне қауіп төнгендерін сездіру үшін, балапандарын қорғау үшін, балапандарын өздеріне шақыру үшін де дыбыс шығарады.Оны дауыстарының қатты, бәсең шығуына қарай байқауға болады.

Саусақ жаттығуы: Саусақтарым билеңдер, Дәмді тоқаш илеңдер, Қандай жақсы шеберлер, Қандай жылдам шеберлер. Алма қосып илеңдер, Саусақтарым билеңдер

-Енді, балалар біздің қанатты достарымызға арнап жемсауыт дайындап берейік.

Құстар біздің досымыз, біз оларды қорғауымыз керек.Егер құстар болмаса ормандар мен далалар үнсіз қалар еді. Құрттар мен қоңыздар ормандағы ағаштарды кеміріп, шегірткелер егістікті құртып жібереді.Олай болмас үшін құстарға жемсауыт жасап, оның үстіне нан қоқымын тастау керек.Міне, жұмысымызды аяқтадық. Енді мұны кімнен беріп жібереміз?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар пошташыдан.Міне, бізге пошташыдан келіп қалған екен амандасып алайық. Мұғалім: Сәлеметсіз бе.

Ғажайып сәт: Пошташының келуі.

Пошташы: Сәлеметсіздер ме, балалар. Менің қандай көмегім қажет? (Балалардың жауабы)

Тәңірберген: Біздер қанатты достарымызға көмек ретінде жамсалғыштар жасағанбыз. Оны шалғай елді мекендерге жеткізуге поштаның көмегі қажет болып тұрғаны.

Пошташы: О-о-о, өте жақсы бастама екен. Қандай ақылда балаларсыңдар.Сендерге көмегім әзір. Жасаған жемсауыттарыңды арнайы сәлемдеме жәшігіне салып, поштамен жібереміз. Ішінде сәлемдеме хаттарың болса, тіпті жақсы болар еді. (Мұғалім сәлем хатпен жемсауытты жәшікке салып, қорапша аузын бекітіп, пошташыға тапсырады. Ол балалармен қоштасып шығып кетеді) Сұрақ-жауап арқылы қорыту:
-Бүгін,біз немен таныстық?
-Құстармен таныстық
-Құстар нешеге бөлінеді?
-Үй құстары және дала құстары болып екіге бөлінеді
-Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар? Етін,жұмыртқасын жейміз
-Дала құстарының қандай пайдасы бар? Егістікті, ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды
Қорытынды: Бүгінгі оқу қызметінде көптеген жақсы нәрселерді алуан түрлі құстың түрлерімен оларға қамқор болуды үйрендік. Балаларды мадақтау.




























Құстар суреттері







Әліппе дәптер





















Әліппе дәптер
















Еске түсіру сөздері: бар ма?, қалай?, қайтіп?, неге?, бұл немен байланысты?, егер... не болады?


























Музыкалық әуен.

Тірек карточкалар.





























Әліппе-дәптер, түрлі

түсті қарындаштар

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) «Табыс себеті» рефлексиясы.

Рефлексивті бағалау.

Педагог балаларды бойөлшегішті кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
966
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі