400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ, Жаратылыстану, мектепалды даярлық тобы, Тақырыбы: Қандай жануарларды білесің?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануардың жанды табиғат бөлігі екендігін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы/тобы: МАД

Мектеп/МДҰ: Есбол орта мектебі

Күні: 13.11.2019

Педагогтің аты-жөні: Иманбаева Ж.К.

Білім беру саласы: Таным

ҰОҚ: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қандай жануарларды білесің?

Бөлімі:

1.Жанды табиғат

Бөлімшесі:

1.3. Жануарлар әлемі

ҰОҚ оқытылу мақсаты:

0.1.3.1. Жануардың жанды табиғат бөлігі екендігін анықтау.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: жануарлардың жанды табиғатқа жататынын; жануарлардың түрлерін ажыратуды.

Көпшілік тәрбиеленушілер: жануарлардың қысқа қалай бейімделетінін айтады; жануарлардың түрлерін сипаттап айта алады.

Кейбір тəрбиеленушілер: жабайы жануарлар мен үй жануарларын қандай белгілері арқылы ажырататынын әңгімелейді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Миға шабуыл, 4К Моделі, Саралау, Бағдаршам

Ресурстар, дамытушы орта:

Үй және жабайы жануарлар бейнеленген суреттер, түрлі түсті таспалар, әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар, ойыншық жануарлар.

Көптілділік:

жануар – животное – animal.

Жоспар

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Баланың әрекеті

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–5 минут




(Ұ) Дұрыс көңіл күй орнату Ормандағы аюдың Құлпынай көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық Жұмбақ жасыру. (Миға шабуыл) 1.Қалқиған екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Көжек) 2.Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар (Қой) 3.Екі айнасы бар, Екі найзасы бар (Сиыр) 4.Басында таяғы бар, төрт аяғы бар. Екі құлағы бар, иегінде сақалы бар (Ешкі) 5.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар (Түйе)

Топқа бөлу.Түрлі түсті таспалар арқылы 3 топқа бөлемін. «Қызыл », «Сары», «Көк»





Балалар жұмбақ шешеді











Балалар таспаларды таңдайды, сол арқылы топқа бөлінеді.

ҰОҚ-ның ортасы II. Тақырып бойынша жұмыс

5– 27минут

(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды (Жануарлар). Балалар ұсынылған сурет бойынша жанды табиғатқа нелер жататынын болжамдап айтады. Балаларға жануарлардың жанды табиғат бөлігі екендігін ұғындыру. Жануарлар неліктен жанды табиғатқа жатады? Олардың айырмашылықтарын анықтайды. Мекен ететін ортасын айтады. Жануарлар – жанды табиғаттың бір бөлшегі, өсіп-өнеді, қоректенеді. Жануарлар екі үлкен топқа бөлінеді: үй жануарлары және жабайы жануарлар. Үй жануарлары деп біз үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы. Балалардың жануарлар туралы білетін білімдеріне сүйеніңіз. Жабайы жануарлар – тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан. (Ұ) Бейнетаспа арқылы жануарлар әлемі туралы ақпарат көрсету. Педагог балалардан жануарлар туралы көргендерін әңгімелеуді сұрайды. Балалардың жауаптарын толықтыру.

Ширату: «Жануарлар қалай дыбыстайды?»



(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Жануарларды төлдермен сәйкестендіреді. 2-тапсырма. Ең жылдам жүгіретін, ең жай жүретін, ең биік және ең кішкентай жануарды атау.

Дидактикалық ойын: «Сипап сезу арқылы жануарларды ажырату»

Балалр өз ойларын білдіреді



























Балалар білгендерін ортаға салады

Балалар шеңберге тұрып бойларын сергітеді

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды





Балалар ойын ойнайды

IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы.

Рефлексия. 27-30 минут


Жинақтау «5 қадам» әдісі арқылы Сұрақтар қою: (Доп арқылы ұйымдастыру) - Жануарлар қандай екі үлкен топқа бөлінеді? - Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді? - Қандай жабайы жануарларды білесіңдер? - Қандай үй жануарларын білесіңдер? - Неліктен оларды үй жануарлары деп айтамыз? - Үй жануарларының адамға тигізер қандай пайдасы бар? т.б.с.с. (Үй жануарларының жүнін киім ретінде пайдаланатынымызды, сүтін, етін тағам ретінде пайдаланатынымызды түсінеді). - Үй жануарлары тіршілігі үшін қажетті жағдайларды атап беріңдер?

«Бағдаршам әдісімен» кері байланыс орнату Педагог балаларды бойөлшегішті үш түрлі түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды: 1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім қызыл түс; 2 (екі) деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын сары түс; 3 (үш) деңгей – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын жасыл түс.

Бағалау Смайликтер Қол шапалақтау Жарайсың!


1.Жануарлар екі үлкен топқа бөлінеді: үй жануарлары және жабайы жануарлар. 2.Жабайы жануарлар – тауда, орманда, далада тіршілік етеді. 3.Олар: аю, қасқыр, түлкі, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан. 4.Үй жануарлары деп адам күтіп-баптайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
4409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі