жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Жаратылыстану пәні. Жануарлардың қандай түрлері болады?
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: Сынып: 1 |
Мектеп: Тимирязев қазақ жалпы білім беретін мектеп- интернаты. Мұғалімнің аты-жөні: Байгужинова А.К.
|
|||||
Сабақ тақырыбы |
Жануарлардың қандай түрлері болады? |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.2.2. Жабайы және үй жануарларын ажырату;
|
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алады,біледі. Көптеген оқушылар: Жабайы жануарларды үй жануарларынан қандай ерекшеліктерінің бар екенін түсіндіреді, жануарлардың қай жерде мекендейтінін біледі. Кейбір оқушылар:Үй жануарларын қалай күту керектігін әңгімелеп береді. |
|||||
Бағалау критерийлері |
1.Жабайы және үй жануарларының түрлерімен танысады, ажырата алады. 2.Үй жануарлары мен жануарлардың ерекшеліктерін атайды түсіндіреді . Жануарлардың мекендейтін жерлерін сипаттайды. 3.Үй жануарларын қалай күтіп баптайтынын әңгімелейді. |
|||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Жануарлар-животные-animals Үй жануарлары Жабайы жануарлары Төлдері Қора (атқора, сиырқора, қойқора) -Қандай үй жануарларын білесіңдер? -Олардың төлдерін атай аласыңдар ма?
|
|||||
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылардың жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қоршаған ортаға қамқорлық , күтім жасауға тәрбиелеу.
|
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану , музыка. |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта,бейнеролик |
|||||
Бастапқы білім
|
Жануарлар - тірі ағзалар.
|
|||||
Сабақ барысы : |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 7 минут
|
Ынтымақтастық ахуал орнату. «Ыстық лебіз» тренингі арқылы оқушылар шеңберде тұрып бір-біріне ыстық лебіз бен тілектерін арнайды.
Ширату жаттығу: «Жануарлардың оянуы» Жануарлардың оянуын іс-қимылмен көрсету
Топқа бөлу: «Өрмекші торы» арқылы Жануарлардың суреттері бар кеспе қағаздарды жасырып топқа бөліп аламын . 1 топ – жабайы жануарлар 2 топ- үй жануарлары
|
Көңілді әуен
Өрмекші торының суреті. Жануарлардың суреті салынған кеспе қағаздар
|
||||
Сабақтың ортасы
20 минут
3 минут
|
1-Тапсырма. Кіріспе . Жұмбақ шешу. (жануарлар туралы) «Миға шабуыл» әдісі. 1. Өзі үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар (түйе)
2. Аласа ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (қой)
3. Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)
4. Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады «қоян»
«Ашық сұрақ» әдісі арқылы жауап алу.
-Сендер бұл жануарларды білесіңдер ме? -Олар қайда мекендейді ? -Олардың айырмашылықтары қандай ? -Немен қоректенеді?
Өзара бағалау: «Үш қол шапалақ»
2-Тапсырма. Топтық жұмыс. Жануарлардың суреттерінен пазл құрастырып, шыққан суреттегі жануарларды атайды,топтайды,әңгімелейді (үй жануарлары, жабайы жануарлары) және венн диаграммасын құру арқылы ажыратады. 1-топ үй жануарларын топтайды 2-топ дала жануарларын топтайды
«Бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалау. Венн диаграммасы арқылы оқушылар үй жануарлар мен жабайы жануарларды ажыратады.
Оқушыларды жарайсың,керемет,т.б мадақтау
Бағалау критерийі: Жабайы және үй жануарларының түрлерімен танысады, ажырата алады. Дескриптор: -Қима қағаздардан жануарлардың суреттерін құрастырады.
-Үй жануарлары мен жабайы жануарларды венн диаграммасы арқылы ажырата алады
-Суреттегі жануарлар туралы әңгімелейді. Сергіту сәті: Кәне,кәне тұрайық, Кел, билейік,ойнайық. Қоян болып секіріп, Аю болып қорбаңдап, Қу түлкідей қимылдап, Бойды жазып шынығып Орнымызды табайық. 3-Тапсырма: 1-топ: «Сәйкестендір» ойыны арқылы енелері мен төлдерін көрсету.
Т Сиыр құлын Жылқы қозы Қой бота
2-топ: «Не қалай дыбыстайды?» ойыны
Дыбыстарды тыңдай отырып, қай дыбыс қай жануарға тиесілі екенін ажырату. Оқушыларға смайлик беру арқылы бағалау 4-Тапсырма. Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс. Оқушылар жануарларды венн диаграммасы арқылы жануарларды ажыратып алғаннан кейін дәптермен жұмыс жасайды. Үй және жабайы жануарлар. Бірінші жолға-үй жануарларының, екінші жолға жабайы жануарлар суреттерінің нөмірін жазады.
Адам қандай жануарларды асырайды? Жануарлардың суреттерімен олардың қандай малқорада тұратынын сәйкестендіреді.
5-тапсырма: Бейнеролик көру арқылы оқушылар жабайы жануар қасқырдың ормандағы өмірімен және олардың апанымен танысады. https://youtu.be/ImPourTc1n0
|
Оқулық
Жануарлардың суреттері
Аудио дыбыс
Жұмыс дәптері, бет14
Жұмыс дәптері 15 Бейнеролик |
||||
Сабақтың соңы
10 минут |
Постер жасау арқылы үй жануарларын қалай күту керек екенін түсінеді. Оқушылардың алдарына жылқыға қажетті суреттерді атқораның, шөптің,жемнің және бағып күтуге арналған құралдарды беремін. Оқушылар үй жануары жылқы малы үшін адам не істей алатындарын мысалдар келтіре отырып түсінеді әңгімелейді және берілген жылқы суретінің маңайына топтастырады. Дескриптор: Үй жануарларды бағып күтуге арналған құралдар арқылы қалай күту керектігін түсінеді. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалау.
Кері байланыс.
Кері байланыс:ыммен ,қимылмен
|
Оқулық
|
||||
Саралауды тиімді ұйымдастыру мақсатында мен 2- ші тапсырмада пазлдың көмегімен деңгейлік тапсырманы орындатып қана қоймай жоғары деңгей венн диаграммасы арқылы да тапсырманы нақтылап көрсетуін жоспарладым. |
Оқушылардың өздерін өзара бағалау: «Үш қол шапалақ» арқылы.
Мұғалім тарапынан ауызша бағалау оқушыларды жарайсың,керемет,т.б мадақтау
«Бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалау. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалау.
|
Қауіпсіздік техникасы ережелерін -Бейнежазба сәтінде ескерту. -Сергіту сәтінде ескерту.
|
||||
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз.
|
Денсаулықсақтаутехнологиялары. Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері. ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз |
|||||
|
||||||
|
||||||
|
||||||
үйе
бұзау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген