жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Жаратылыстану. Зымырандар қай жерден ұшырылады?
|
Пән: Жаратылыстану Орта мерзімді жоспар бөлімі: Жер және ғарыш Күні:11.02.19 Сынып: 3-сынып |
Мектеп:№37 орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Шукурлаева И.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақ тақырыбы |
Зымырандар қай жерден ұшады? |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу; 3.4.2.2 адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді. Көптеген оқушылар: адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіреді. Кейбір оқушылар: Байқоңыр аймағы туралы мағлұмат айтады. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді. адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіреді. Байқоңыр аймағы туралы мағлұмат алады. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Ғарыш айлағы – космодром – spacepont Зымыран – ракета - rocket Ғарыш кемесі – космический корабль - spaceship Ғарыш – космос- space Ғарышкер - Космонавт - cosmonaut Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Сен Байқоңыр ғарыш айлағы туралы не білесің? Ол қандай қызмет атқарады? Ғарыш айлағында қандай нысандар орналасқан? Ғарыш айлағына экскурсия жаса. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Жер және ғарыш туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||
|
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, пазлдар,қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, |
||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар Жердің пішінін сипаттай алады, оның Күнмен байланысын түсінеді, Жердің табиғи және жасанды серіктері туралы ұғымы бар. Астрономияны ғарыш туралы ғылым екенін, «ғарыш» ұғымын түсіндіре алады. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын, олардың негізгі сипаттарын біледі. Ғарыш денелерін зерттеуге арналған аспаптарды, құралдарды және ұшу аппараттарын атайды. Оқушылар біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтінімізді біледі. |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы 3-минут 3-минут 3-минут 3-минут |
Психологиялық дайындық Амансыз ба, ұстазым Амансыз ба, балалар. Бүгінгі біздің сабаққа, Қош келдіңіз қонақтар. Дайынбыз біз бәріміз, Жақсы баға аламыз. Көрсетеміз мақсат қып, Зымырандай ұшамыз. Пазлдар арқылы топқа бөлу. ( Әуеде ұшатын денелермен) 1- топ: Ұшақ 2-топ: Тікұшақ 3-топ: Зымыран 4-топ: Әуе шары Топ басшысын таңдау. Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке жұмыс) Өтілген тақырыбымыз «Ғарышқа қалай ұшады?» болатын. Енді сол өтілген тақырыпты еске түсіру үшін, сіздер тақтада қойылған сұрақтарға қолдарыңыздағы жауап парақшадан таңдаған дұрыс жауаптарыңызды көрсетесіздер. «Plickers» әдісі арқылы өткен білімді тексеру 1. Орбиталық стансыдан жүргізілетін қандай экспериментті білеміз? 2. Реактивті қозғалтқыш қалай жұмыс істейді? 3. Ғарыш үйінде не болады? 4. Зымыран қалай ұшады? Оқушылар қолдарындағы жауап парақшаларын көрсетеді. Енді сіздермен шағын видеоролик тамашалап жіберейік. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған ғарыш кемесі туралы видео ролик. Олай болатын болса, бүгінгі тақырыбымыз «Зымырандар қай жерден ұшырылады?» Тақырыпты толық түсіндіріп кету. Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, ескерілді. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. 1995 жылдан бері
Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы
бар қала. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кеңестік
ракеталардың құпиясын сақтау үшін ғарыш айлағы орналасу жерінің екі
сызбасын құрастырды. Жасалған келісім-шарт бойынша Байқоңырды
жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады. |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған пазлдар. «Plickers» арқылы тапсырма Видеоролик Картадан Байқоңыр ғарыш айлағын көрсету Ғарышкерлер суретін көрсету және мәлімет беріп кету |
|||
|
Сабақтың ортасы 2-минут 1-минут 6-минут 2-минут 3-минут 3-минут |
Серпілген сауал:
Олай болса оқулықтан ғарыш айлағына саяхат жасап жіберейік Ширату тапсырмасы. Топта орындау.
1-топ:Байқоңыр ғарыш айлағындағы нысандарды ретімен орналастыру. 2-топ: Ғарыш айлығы туралы шағын әңгіме жазу 3-топ:Синквейн әдісі арқылы 5- жолды өлең 4-топ: Ғарыш кемесінің суретін салу Дескриптор:
ҚБ: Топ бір-бірін бағалайды. Балдық жүйемен бағалау.(3,4,5) Мұғалімнің бағалауы: Кір қыстырғыш түстерімен бағалау «Аквариумдағы балық» сұрақтарға жауап беру. Жеке жұмыс. 1.Байқоңыр ғарыш айлағының жұмысы туралы не білесің? 2.Байқоңыр ғарыш кешенінде қандай нысандар орналасқан? 3.Ғарыш айлақтың орнын қалай таңдайды? 4.Ғарыш айлақтың орнын таңдау кезінде нені ескеру қажет? 5.Неліктен ғарышқа ұшыру алаңы Қазақстан даласына салынды? Дескриптор: ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді. адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіреді. Байқоңыр аймағы туралы мағлұмат алады. Мұғалімнің бағалауы: Кір қыстырғыш түстерімен бағалау Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Зымыран макетін ұшыру Сұрақ- жауаптар Саралау тапсырмалары: Дарынды оқушыға тапсырма: Зымыран туралы эссе жаз Орта деңгейлі оқушыға тапсырма: Сөйлем ішінен тәуелденген зат есімді тап. Ең алғаш ғарышқы саяхатты 1969 жылы ағылшындар бастаған болатын. Міне,содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келеді.Біздің елімізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар. Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын.Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады. Қазақстаннан ең алғаш ғарыш есігін ашқан ұшқыштарымыз. Біз осы ержүрек тұлғаларымыздың арқасында ғарыш туралы түсінігімізді арттырдық. Төмен деңгейдегі оқушыға тапсырма: Мәтінді оқып, түсінгеніңді айт. Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ.Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары қызықты.Ерте кезден-ақ грек ғалымдары ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған.Олардың ғарышқа саяхат жасағысы келгендерін осыдай байқауға болады. Дескриптор: Зымыран туралы мәтін жаза алады. Берілген мәтіннен зат есімді таба алады. Мәтінді әңгімелей алады. Мұғалімнің бағалауы: Кір қыстырғыш түстерімен бағалау |
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған 20 ақпан 1310
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | |||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген