400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жаратылыстанудан Желдің пайдасы мен зияны 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге сабақ жоспары ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Мектеп: Таңбалытас ОМ

Мұғалім: Мурашева М.Б

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

04.12.2019ж

Тақырыбы

Желдің пайдасы мен зияны

Оқу мақсаты

4.3.2.5 желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру, алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. Жел, желдің маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: Желдің пайдасын қолдану туралы түсінік қалыптастырады. Өмірмен байланыс орнатады.

Кейбір оқушылар: Өмірмен байланыс орнатып, тәжірибелерінен мысал келтіре алады.

Бағалау критерийі

Желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіреді;

Жел, желдің маңызы туралы білімдерін қалыптастырады;

Желдің пайдасын қолдану туралы түсінік қалыптастырады.

Тілдік мақсат


Пәндік терминология мен тірек сөздер

желдің бағыты, желдің жылдамдығы

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауаның жылитынын, суынатынын біледі, оның қозғалысын түсіндіре алады.

Саралау

Сабақ барысында сұрақ қою барысында оқушылардың деңгейлеріне сәйкес түрлі сұрақтар қойылады, қолдау көрсетуде де олардың деңгейлері ескеріледі.

Бағалау

Оқушылардың жұмысын бақылау, оларға сұрақ қою, әңгімелесу, кері байланыс беру беру. Оқушылар дескрипторлар бойынша өзін –өзі және бірін-бірі бағалайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



1-5 минут

1.Раппорт орнату.

Үй тапсырмасын сұрау.

Тест сұрақтары

  1. Судың қасиеті қандай?

А) қатты

Ә) мортсынғыш

Б) аққыш

2. Қоспа дегеніміз не?

А) бір ғана заттан тұрады

Ә) әртүрлі бөлшектерден құралған

Б) табиғатта өте сирек кездеседі.

3.Температура әсерінен заттың қатты күйден сұйық күйге айналу үдерісін қалай атайды?

А) балқу

Ә) қайнау

Б) булану

4. Қазіргі кезде неден көп зат өндіріледі?

А) шыныдан

Ә) пластиктен

Б) балшықтан



Жұмбақ жасыру

Қол - аяғы жоқ болса да,
Қақпа есікті аша алған. (Жел)

2. Сабақтың тақырыбын жариялау.

3. Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау:

- Сендер бүгінгі сабақта не үйренулерің керек?

- Сендердің үйренгендеріңнің дәлелі қандай болады?

- Бағалау критерийлерімен келісесіздер ме?

- Сендерге қандай талап қойылып тұр?

Оқулық

Сабақтың ортасы

6-15 минут


















16- 21 минут

























22-23 минут


















24-28 минут
















29-34 минут


Бейнежазба айдары

  1. Топ: Ауа

  2. Топ: Жел

  3. Топ: Табиғат

1-тапсырма.Топтық жұмыс «Еркін әңгіме» әдісі арқылы

Суреттерді пайдаланып әңгімелеу. Желдің қандай пайдасы бар?Зияны қандай?Мысал келтіру.

Мақсаты: желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру;

Критерийлер: Желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіреді;

Дескриптор:

  • Желдің пайдасын айтады.

  • Желдің зиянын айтады.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар әр топ бірін-бірі бағалайды.

Рефлекция:

  • Желдің қандай пайдасы бар?

  • Желдің қандай зияны бар?

Модель жаса. Жұптық жұмыс

Ресурстарды және зерттеу нәтижелерін тіркейтін парақтар мен маркерлер тарату.

Нұсқаулықпен таныстыру

• Пластик стақанға көкжиек тұстарын О, С, Б, Ш деп маркермен жазу.

• Стақанның түбін дәл ортасынан қарындаш сыятындай тесу, оған басында өшіргіші бар қарындашты орнату.

• Түрлі түсті қатты қағаздан үшбұрыш және төртбұрыш қиып алу.

• Үшбұрыш пен төртбұрышты пластик түтікшенің екі ұшына суреттегідей етіп бекіту.

• Пластик түтікшенің дәл ортасынан кеңсе шегесімен тесу, қарындаштың өшіргіші бар жағына бекіту;

• Барлығын дайындап алған соң желдеткішті немесе фенді қосып желбағарға бағыттау.

• Желбағардың бағытын анықтау.

• Бақылау нәтижесін тіркеу.

• Қорытынды жасау.

Зерттеу нәтижесінде желбағар арқылы желдің бағы­тын анықтауға болатыны туралы қорытынды жасайды.

Рефлесия:

  • Тапсырма орындау не берді?

  • Қай жерде қиындық туындады?

  • Желдің бағытын анықтау оңай болды ма? Неліктен оңай болды?

Сергіту сәті: «Ойлан тап» әдісі арқылы жұмбақ жасыру.

  1. Жерде емес, аспанда емес, арасында,
    Қол жетпес ұсынғанмен саласына.
    Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік,
    Ойланып бұл жұмбақты табасың ба? (Жел)

  2. Көзіңе көрінбейді,
    Қаңғуға ерінбейді.
    Шалғынды жапырады,
    Жол бойын сыпырады. (Жел)

  3. Мұрныннан кеудеге өтеді,
    Одан кері кетеді,
    Өзі көзге көрінбейді,
    Онсыз өмір сүрілмейді. (Ауа)

  4. Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ, жетеді. Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)

Дәптермен жұмыс.Жеке жұмыс

48-жұмыс парағы. «Желдің пайдасы мен зияны».

Жел пайдалы ма, зиянды ма? Желдің пайдалы және зиянды әрекетін анықтау, толықтыру.

Желдің пайдалы әсері: дәнді дақылдарды ұнтақтау, жерді құрғату.

Желдің зиянды әсері: ғимараттардың құлауы, су тасқы­ны, электр желілерінің үзілуі, ағаштардың сынып құлауы.

49-жұмыс парағы. «Желдің әсерінен болатын өзгерістер»

Пікірлердің дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтау, белгілеу.


ҚБ Тапсырма. Суреттегі құбылыс желдің пайдасын сипаттай ма, әлде зиянын сипаттай ма? Неліктен? Түсіндір

Желдің қандай пайдасы және қандай зияны бар? Жұпта талқыла. Желдің пайдасы мен зиянына бірнеше мысал келтіріп жаз.

Желдің пайдасы

Желдің зияны




Дескриптор Білім алушы

-суреттегі құбылыстың маңыздылығын сипаттайды;

-желдің пайдасына мысал келтіреді;

- желдің зиянына мысал келтіреді.

















Пластик стақан, пластик түтікше, қағаз, қайшы, желім, кеңселік шеге, желдеткіш немесе фен







































Жұмыс дәптері




















Сабақтың соңы

35-40

Рефлексиялық кезең.

Үйге тапсырма: 64-65- бет оқу м.а.

Ойлан тапсырмасын орындау.

Рефлексия

Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

-Сабақ барысында әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?


Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1008
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі