400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жас көмекшілер", (ересек топ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға,Жабайы аңдар түралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге,дауыстарын танып,аттарын үш тілде дұрыс айтуға үйрету. Немен қоректеніп,қайда тұратыны туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 50 «Заңғар» бөбекжайы.



Келісемін:__________

№50 «Заңғар» бөбекжайының

директоры: Н.М.Ниярова.

әдіскері: А.А:Зулкашева.









Тақырыбы: «Жас көмекшілер»

(Қалалық қауымдастық семинары. «Шұғыла» ересек тобы)

















Тәрбиеші:Альмуханова Ж.Қ.

(II санатты)











2020 жыл

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі.

Күні:20.02.2020ж

Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтану»

Бөлімі: «Құрастыру», «Экология негіздері»

Тақырыбы: « Жас көмекшілер»

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге,дауыстарын танып,аттарын үш тілде дұрыс айтуға үйрету. Немен қоректеніп,қайда тұратыны туралы түсінік беру.

Міндеттері: Білімділік:Жабайы аңдарға байланысты тақпақтар,сұрақ-жауап арқылы балалардың тілін дамыту.Неліктен жабайы деп аталатындығын түсіндіру.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытып,толық жауап беруге үйрету.

Тәрбиелік:Аңдарға қамқор болуға,оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар:Жабайы жануардың дауыстарын үн таспадан, бейне таспа, ойыншық аңдар,орманның макеті,таяқша,қорғаулар.төс белгі,нетбук,интерактивті үстел,интерактивті тақта.

Пилингвалдық компонент::Жабайы жануарлар-дикие животные-wild animals, аю-медведь-bear,қасқыр-волк-wolf, піл-слон-elefant, арыстан-лев-lion.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері. Тәрбиешенің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық : Жылулық шеңбер.Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге тұрғызады.

Қайырлы таң ұстазым ,

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!



Доброе утро учитель,

Доброе утро друзья.

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра!



Good morning, good morning,

Good morning to you.

Good morning, good morning,

We are glad, to see you!

Сұрақтар мен жауаптар: Ненің дауысын естіп тұрмыз балалар? (Біз аңдардың дауысын естіп тұрмыз)

Аңдар қандай жануарларға жатады?(Жануарлар екіге бөлінеді:дала және үй жануарлары.Аңдар дала жануарына жатады)

Не үшін дала жануары деп айтамыз ?(себебі қорегін өзі тауып, орманда,елсіз далада мекендейді)

Дала жануарларына сипаттама берейік?(аңдар ашулы,айлакер,жыртқыш және ызалы болып келеді.Тістері өткір,сезімтал,сақ болады)

Ендеше аңдардың дауыстарын ажырата білейік және 3 тілде айтып өтейік (аю-медведь-bear, қасқыр-волк-wolf, піл-слон-elefant, арыстан-лев-lion.)

Балалармен жұмыс: Сиқырлы қорапшаны пайдалана отырып, ішіндегі екі түрлі дара және көп жануарлар суреттерін алу арқылы екіге бөлініп, нетбукқа аңдар суретін салып, бояуға, ал қалған балалар интерактивті үстелге аңдардың суретін құрастыруға жұмыстанады.Жұмыстанбас бұрын қауіпсіздік ережелері айтылады.(Интерактивті үстелге сулы зат тигізуге болмайды,экранын салмақпен басуға болмайды.Нетбук батырмаларын жұмыстан бөлек қозғауға болмайды.)

Сергіту сәті: Тонса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт сарт сарт

Шапалақтап соғамыз.

Тонса біздің аяқтар,

Етік киіп аламыз.

Топ- топ,топ

Топылдатып билейміз.

Тонса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз,

Зу,зу,зу

Зуылдайды шанамыз.

Телефонмен хабарлама келеді.(Қоңырау.Арыстан видеоролик)

Арыстан:«Салеметсиздер ме,менің кішкентай жас көмекшілерім! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.Сіздер менің достарыма, зообақ жасауға көмектесіздерме?»

Тәрбиеші: «Балалар аң патшасы,арыстан сіздерден көмек сұрап жатыр.Қалай қарайсыздар? Комектесеміз бе?»

Балалар: «Иә! Иә!»

Арыстан: «Өте жақсы балалар! Ендеше зообақ жасап болғасын,маған суретке түсіріп жіберуді ұмытпаңыздар!»

Балалардың жұмысы. «Зообақ» жасайды.

Балалар аңдарға арналған тақпақтарын айтады.

Арсен: Қартайып арыстанның әлі кетті,

Айбыңды жұрт қорқатын сәні кетті.

Бетіне жан келмейтін уақыттар,

Артына бір қарамай бәрі кетті.

Архат: Томпан томпан жүретін,

Аю үлкен жануар.

Балды жақсы көретін,

Аю деген жануар.

Айару: Ең алып аң Піл деген,

Ыстық жақта мекені,

Салмағы да,мүлде ерен,

Он тоннаға жетеді.

Нарғыз: Қасқыр жортар түнменен,

Күндес болып күнменен.

Қасқыр жортар сайменен ,

Араз болып күнменен.

Тағы да,телефонмен хабарлама келеді.(Қоңырау.Арыстан видеоролик)

Арыстан: «Құрметті менің жас көмекшілерім! Сіздердің жіберген жұмыстарыңызды,достарыммен бірге көріп қуанып жатырмыз.Мен сіздерге,Орал шаhарына хабарласып,жедел жеткізетін жерден сыйлықтар беріп жатырмын.Сіздер алдық деп , қол қойып қабылдап алыңыздар!Сіздерге үлкен рахмет! Сау болыңыздар,менің кішкентай жас көмекшілерім!»

Қорытынды бөлім.

Тәрбиеші: «Балалар бүгін не жұмыс жасадық? Кімге көмектестік? Не туралы өтті?»

Есік қағылады.Тосын сый келеді.

Тәрбиеші балаларды мадақтап,төс белгісін береді.

Тәрбиеші: «Балалар сіздер өте ақылды,жанашыр, дос бола білесіздер.Мен сіздермен мақтанамын.Балалар,бүгінгі жұмыстарыңыз сіздерге ұнады ма?»

Балалар : «Иә!»

Тәрбиеші: «Ендеше жұмысымыздың нәтижесін, жақсы өтті деп,қол қимылымен көрсетіп жіберейік.

Қонақтарға сау болыңыз айтайық»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі