Материалдар / Ашық сабақ "Жас ұлан ұйымына қабылдау" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жас ұлан ұйымына қабылдау" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлімгерлерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2018
892
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін

Мектеп директоры

_______ Карабасова Г.Б.

30.11.2017 ж



Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер

ұйымына оқушыларды қабылдау бағдарламасы.


«Жас ұлан» ұйымына қабылдау мақсаты: оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, шығармашылық және танымдылық белсенділігін арттыру;
Міндеттері: мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік – танымдық бастамаларды жүзеге асыру, мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
Безендірілуі: Мемлекеттік рәміздер (Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы). «Жас Ұлан» ұйымының туы.


Салтанатты жиынның өткізілу барысы:
Музыка
1-Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі жас достар, ұстаздар және қонақтар!
2-Жүргізуші: Абай атындағы №5 жалпы орта мектебінің оқушыларын «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының туы енгізілсін!
ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады.
2-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның 13 съезінде жастарға арнаған сөзінде :
1-Жүргізуші: - Қазір сіздер үлкен өмірге қадам басасыңдар. Сіздер ата-аналарың мен Отан алдында өз міндеттерің барын сезінулерің керек. Ол міндет сіздердің өмір жолдарыңызды айқындайды, сонымен бірге нағыз азаматтың борышы мен құқығын анықтайды. Мен сіздерді бәрінен бұрын, қалыптасып келе жатқан тұлға, кәсіби маман және шынайы патриот ретінде көремін. Бұл формуланы мен өмірімнің барлық кезеңінде өз ойыма түйдім. Ол маған әрдайым көмектесті.
2-Жүргізуші: Патриот болу – бұл өз Отаныңды шынайы сүю. Өзіңе және өз халқыңа сену, қоғамға қызмет жасау. Жас ұрпақ өзгерістерден қорықпауы тиіс, керісінше, өміршең, серпінді жобаларды ұсынулары керек. Біз өз армандарыңды жүзеге асыру үшін, өз жоспарларыңды іске асыру үшін барлық жағдайды жасадық және өз болашағымыздың іргесін қаладық. Мен оған сеніммен барамын және сіздер – жас Қазақстандықтар, топтасқан біртұтас команда ретінде менімен бірге жаңа биіктерді бағындырасыздар! Мен сіздерге сенемін! – деп атап өтті Мемлекет басшысы.



1-Жүргізуші: Бүгінгі мектебіміздің оқушыларын «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстып өтейік:

________________________________________________

________________________________________________

________________________________________________

Жас ұлан –жігерлі де жайдары ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
2-Жүргізуші:
Ендеше, оқушылар «Жас ұлан» ұйымының мақсат, міндет, ережелерімен танысуға дайынсыздар ма?
Оқушылар : Дайынбыз!
1-Жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
2-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік гимнды жатқа айту керек.
1-Жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.
2-Жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанын шексіз сүйеді.
1-Жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
2-Жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал дос.
1-Жүргізуші:

Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені, 
Орындауға бәріңде , міндеттісің!
2-Жүргізуші:
Құрметті Ләззат Мырзабайқызы!
Қазақстан Республикасының Конституция заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының нормалары, жастар ісі жөніндегі бағдарламалардың талаптары негізінде құрылған «Жас ұлан» ұйымына Абай атындағы №5 жалпы орта мектебінің оқушыларын қабылдауға рұқсат етіңіз!
Тәлімгер: Рұқсат!
2-Жүргізуші: Мектеп, түзел, тік тұр!
1-Жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылар, ант қабылдауға дайындалыңыздар!
2-Жүргізуші:
АНТ
Біз Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі мен өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!
(Ант қабылданады.)
1-Жүргізуші: «Жас Ұлан » ұйымына қабылданған оқушыларымызға төсбелгі тағу рәсімі.
2-Жүргізуші: Біз!
Бәрі: Жас ұлан!
2-Жүргізуші: Ұранымыз
Бәрі: Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!
1-Жүргізуші: Құрметті «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымының мүшелері! «Жас ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!
Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының туы көтерілсін!
2-Жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының әні
Абай атындағы №5 жалпы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының сапта жүру жаттығуларын тамашалайық.
1-Жүргізуші: «Ұланымын елімнің» атты мектеп «Жас ұлан» ұйымының мүшелері жайлы роликті тамашлайық.
2-Жүргізуші: «Жас ұлан» республикалық қоғамдық ұйымының туын шығаруға дайындалыңдар! Ту шығарылсын!
1-Жүргізуші:
Ризамыз дәл осындай жастық шаққа, 
Не жетер, Жас ұлан деген лайық атқа!
Келеміз егеменді ел төріне, 
Ашылып алдымыздан алтын қақпа!
2-Жүргізуші:
Абай атындағы №5 жалпы орта мектебінің оқушыларын «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!