400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жасанды дыбыс көздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ. 1 сыныпқа арналған. тақырыбы "Жасанды дыбыс көздері"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Жаратылыстану



Сабақтың тақырыбы: Жасанды дыбыс көздері

Мұғалімнің аты-жөні: Қосанова Миуагүл

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.3.2. Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажырату; Оқушылардың басым бөлігі: жасанды дыбыс көздерінің қажеттілігін білу Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Тілдік мақсаттар


Тақырыпқа байланысты тірек сөздерге сөздік жұмысын жүргізеді:

Сөз тіркесі: жасанды жарық көзі


  • Дыбыс – звук – sound

  • Теледидар – телевизор - TV

  • Музыка – музыка – music

  • Сағат – часы - clock

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сыни ойлау, жауапкершілік, бір – бірінің көзқарастарына құрметпен қарау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, музыка, күнделікті өмірмен байланыс;

Алдыңғы оқу

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут













Оқушыларға ынтымақтастық ахуал ұйымдастыру

Оқушыларды қима суреттер бойынша 3 топқа бөлу:

  • Домбыра

  • Скрипка

  • Қобыз.


(Т) Әрбір топтың ережесін еске түсіру.


Ашық сұрақ:

  1. Дыбыс көздері неше топқа бөлінеді?

  2. Табиғи дыбыс көздерін атаңдар.

  3. Жасанды дыбыс көздері деп нені атауға болады және неліктен?


Жасанды жарық көздерінің суреттері











Сабақтың ортасы

25 минут



















Оқылым. Суретпен жұмыс.


Суреттерді салыстырады. Табиғи дыбыс көздерін атайды. Жасанды дыбыс көздерін табады.


“Ым-ишара” арқылы мадақтау

Зерттеу жұмысы.

Анағұрлым терең білім алып, тақырыпты терең түсіну үшін құрылымдық зерттеу жұмысы ұйымдастырылады.

Әр топқа әр түрлі күнделікті қолданатын жасанды дыбыс көздері беріледі. Балалар бұл заттардың қалай қолданылатынын (қалай дыбыс шығаруға болатынын) және пайдасын айтады.

Әр топқа жасанды жарық көздері беріліп, зерттеу ұсынылады:

1 – топқа: домбыра

2-топқа: ұялы телефон

3-топқа: плеер

Дескриптор. Білім алушы

- Адамға жасанды дыбыс көздерінің пайдасы көп деген қорытындыға келеді.

“Бас бармақ” арқылы бағалау.

Дәлелдеу

Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Алдымен мына сұрақ төңірегінде пікірталас тудыру:

  • Ысқырық табиғи дыбыс көзіне жата ма әлде жасанды дыбыс көзіне жата ма?

Дәлелдеу барысында оқушылар мұғалімнің көмегімен өз ойларын түсіндіру, талқылау, басқалардың пікірлеріне қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа қатысып, белсенді рөл атқарады (Goos, 2004)

“Қол соғу” арқылы мадақтау

Сергіту сәті.

Топтық тапсырма:

І топ «Домбыра»Суретке қара,аталған заттардың дыбысын салып көрсету.

Дескриптор:Суретке қарап заттардың дыбысын салады.

ІІ топ «Скрипка» Сурет қарап жасанды дыбыс көздерін табу.

Дескриптор:Жасанды дыбыс көздерін тауып,белгілей алады.

ІІІ топ «Қобыз» Топпен бірлесіп телефон жасау(пластик 2 стакан,жіп).

Дескриптор:Тәжірибе жасайды.

Тәжірибенің негізінде қорытынды жасайды.

“Жұлдызша” арқылы бағалау.



Мұғалімнің сыйы

Сен білесің бе?

Алғаш Париж қаласында Әміре Қашаубаев атамыз 1925 жылы қазақтың әнін шырқап, әлемді таң қалдырған.




Оқулық
























Домбыра,ұялы телефон,плеер.







































Сабақтың соңы

5 минут

Қалыптастырушы бағалау, кері байланыс.


Қалыптастырушы бағалау.

Бағалау критерийі: Білім алушы

● Жасанды дыбыс көздерімен табиғи дыбыс көздерін ажыратады .

● Жасанды дыбыс көздерін анықтайды және оларды күнделікті өмірде қолданады.


1-тапсырма Суретте бейнеленген барлық дыбыс көздерін атап шық.Олардың барлығы жасанды дыбыс көздеріне жата ма?



Дескриптор: Білім алушы

● Бейнеленген суреттегі дыбыс көздерін атайды;

●Жасанды дыбыс көздерін анықтайды;



Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізеді.

«Блоб» ағашы

Сіз өзіңіздің бүгінгі сабақта түсінгеніңізді қалай бағалайсыз? Блоб ағашынан өзіңізді таңдап, бояңыз.




«Блоб» ағашының суреті

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушыларға сұраққа жауап беруге көмектесу.

Оқушылардың тақырыпты қанша менгергендігін бақылау.

Жасанды жарық көздерін техникалық қауіпсідік нормасына норма сай қолданылуы

Қорытынды бағамдау:

Ең жақсы өткен екі аспектісі?

1.Топтық жұмыс.

2.Жеке тапсырмалар.

Кері байланыс сабақты жақсартуға не ықпал етеді?

1.Зерттеу жұмысы.

2.Дәлелдеу ресурстар.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топпен жұмысты әрі қарай жалғастыру. Әдіс-тәсілдерді көбірек қолдану , ым-ишара арқылы мадақтау














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
1051
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі