жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Жасанды жарық көздері" 1 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Мектеп:М.Әуезов атындағы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Кадырханова А Қатысқандар саны: 19 Қатыспағандар саны:0 |
|||||
|
Жасанды жарық көздері |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)
|
1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату; 1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау; |
|||||
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:Табиғи және жасанды жарық көздерін ажыратады. Жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтайды. Көптеген оқушылар: Жасанды табиғи жарық жайлы біледі, маңызын түсінеді. Жасанды жарық беретін заттардың өмірдегі қажеттілігін түсінеді. Кейбір оқушылар: Жасанды жарық көздерін өмірде қолдана біледі. Қасындағы адамға көмек қолын соза алады. |
|||||
|
Бағалау критерийлері
|
Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажыратады. Жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтайды.
|
|||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: Жасанды және табиғи жарықты ажырата алады. Өмірдегі қажеттілігін түсінеді. Пәнге тән лексика мен терминология: Жарық. Жарық көзі. Табиғи жарық. Жасанды жарық. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Жасанды жарық көзі дегеніміз не? -Жасанды жарық көздеріне нелер жатады? -Жасанды жарық көзі не үшін қажет? |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау. Қарым-қатынас жасау қабілеті. Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету. |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, сауат ашу. |
|||||
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация |
|||||
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар жарық және табиғи жарық жайлы біледі. Табиғи жарықты ажырата алады және қажеттілігін түсінеді. |
|||||
|
Сабақ барысы
|
||||||
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
||||
|
Сабақтың басы
2 минут
4 минут
7 минут
|
Ынтымақтастық ахуал туғызу барысында оқушылар шаттық шеңберге тұрғызылады.
(Ұ) Ізденушілік сұрақтар: Оқушыларға сұрақтар жазылған парақшалар таратылады. Балалар, заттың атын, неден жасалғанын, қандай қажеттілігі бар екенін жазыңыздар. Жауаптарын ұжым алдында жариялайды. -Балалардың жауаптары: -Жарық үшін қажет -Бұл жарық көздерін кімдер жасаған? -Олай болса, жасанды жарық көзі дегеніміз не? -Жасанды жарық көздеріне нелер жатады? -Жасанды жарық көзі не үшін қажет? Сабақтың мақсатын хабарлау (Т) 1-тапсырма: Суретті мұқият қараңыздар. «Суреттер банкасынан», «Біздің банкаға» жасанды жарық көздерінің суретін меңзермен апарыңдар. Жарық көздерінің ішінен жасанды жарық көздерін атайды. Жасанды жарық көздерін «Біздің банкаға» суретін салып апарады. Жасанды жарық көздерінің күнделікті өмірдегі қолданысын айтады. Бұл тапсырма «Суреттер банкасы, біздің банка» әдісі арқылы орындалады. ҚБ: «Алманың түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – «Суреттер банкасынан», «Біздің банкаға» суреттерді толық салады. Сары – Бір-екі суретті дұрыс орындамайды. Қызыл –Бір немесе екі суретті ғана дұрыс орындайды. |
С |
||||
|
Сабақтың ортасы
7минут
8 минут
2 минут
9 минут
|
(Ж) 2-тапсырма: Суреттен жасанды жарық көздерін тауып, атаңдар және қызыл қарындашпен қоршап сызыңдар. Суреттен жасанды жарық көздерін тауып, атайды. Қызыл қарындашпен қоршап сызады. Мысал келтіреді. Бұл тапсырма «Қай жұп тапқыр» әдісі арқылы орындалады. ҚБ: «Алмұрттың түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – Жасанды жарық көздерін атап, қоршап сызады. Сары –Кейбір жасанды жарық көздерін қоршамай, қалдырып кетеді. Қызыл –Көптеген жарық көздерін суреттен таба алмайды. (Д) 3-тапсырма: Балалардың алдына жасанды жарық көздерінің суреттері таратылады. Презентациядан жарық көздерінің қолданыс орыны жазылады. Балалар, презентациядан тапсырманы оқып, сәйкес суреттерді көтеріңдер. Жасанды жарық көздерінің қолданыс орнын біледі. Жауаптарға сәйкес суреттерді көрсете алады. Көрсеткен суреттеріне сай қосымша мәлімет бере алады.
Бұл тапсырма «Жауапқа сәйкес суретті табу» әдісі арқылы орындалады. ҚБ: «Жүзімнің түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – Барлық тапсырманы толық орындайды. Сары –Бір-екі жарық түрін ажырата алмайды. Қызыл –тапсырманың шартын түсінбей, орындау барысында шатастырады.
Сергіту сәті «Тәні саудың жаны сау»
(Т) 4-тапсырма: Оқушылармен зерттеу жұмысы жүргізіледі. Оқушыларға үлкендеу қорап беріледі. Қораптың іші қара түске боялып, қабырғаларына (ай, күн, от, шам) сөздер жазылады. Қораптың аузын бекітіп, кішілеу саңылау қалдырамыз. Балалар, саңылаудан қолшамды қолданып, қабырғасындағы сөздерді оқып беріңдер. -Қолшамды жағып, саңылаудың ішін қарайды. -Қабырғадағы сөздерді оқиды. -Мағанасын түсіндіреді. Бұл зерттеуге арналған тапсырма «Зерттеп көр» әдісі арқылы жүргізіледі. ҚБ «Шабдалы түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – зерттеу ережесін сақтай отырып, жұмысты дұрыс орындайды. Сары –қораптың қабырғасындағы сөздерді толық оқи алмайды. Қызыл –қораптың қабырғасындағы сөздерді көре алмайды. |
Б https://youtu.be/
Арнайы дайындалған қорап,
қолшам
|
||||
|
Сабақтың соңы 3 минут
3 минут |
(МК) 5-тапсырма: Жұмбақтарың шешуін табыңыздар
1)Мұздай мөлдір жұмыртқа Жарық берген ымыртта. (Аспалы шам)
2)Қараңғыда жымыңдайды, жанады, Жарық түссе бірден сөніп қалады. (Жұлдыз) 3)Күндіз жанбайды, Түнде маздайды. (Майшам)
4)Салып ем шыны сарайды, Тілінен жарық тарайды. (Шам)
5)Қимылы оңдырмас, Кішкене қоңырбас. (Сіріңке)
Оқушылар жұмбақтың мазмұнын түсінеді. Жұмбақтың шешуін таба алады. Сұрақтарға жауап береді. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жүргізіледі. ҚБ «Шиенің түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – жұмбақтардың мағанасын түсініп, шешуін табады. Сары – жұмбақтардың мағанасын түсінеді, бірнеше жұмбақтың шешуін таба алмайды. Қызыл –көптеген жұмбақтың шешуін таба алмайды. ҚБ: «Алмұрттың түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – Жасанды жарық көздерін атап, қоршап сызады. Сары –Кейбір жасанды жарық көздерін қоршамай, қалдырып кетеді. Қызыл –Көптеген жарық көздерін суреттен таба алмайды. Кері байланыс: «Себеттегі жемістер» әдісі арқылы жүргізіледі.Оқушылар түсінгендеріне байланысты себеттерге көкөніс, жеміс, жидектерді салады. Көкеністер: Жаңа сабақты түсіндім. Мысалдар келтіре аламын. Жемістер: Жаңа сабақты түсіндім, бірақ әлі де сұрақтарым бар. Жидектер:Жаңа сабақтың көп кезеңдерін түсінбедім. Көмек күтемін.
|
|
||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайміндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
||||
|
Барлығы: Жарық көздерінің ішінен жасанды жарық көздерін атаңыздар. Суреттен жасанды жарық көздерін тауып, атаңыздар. Жасанды жарық көздерінің қолданыс орнын біледі. Қолшамды жағып, саңылаудың ішін қарай алады. Оқушылар жұмбақтың мазмұнын түсінеді. Көптегені: Жасанды жарық көздерін меңзермен «Біздің банкаға» апарыңыз. Қызыл қарындашпен қоршап сызыңыздар. Жауаптарға сәйкес суреттерді көрсете алады. Қабырғадағы сөздерді оқи алады. Жұмбақтың шешуін таба алады. Кейбірі: Жасанды жарық көздерінің күнделікті өмірдегі қолданысын айтыңыз. Мысал келтіріңіздер. Көрсеткен суреттеріне сай қосымша мәлімет бере алады. Мағанасын түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді.
|
Сабақ барысында қолданылған қалыптастырушы бағалаудың түрлері: ҚБ: «Алманың түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – «Суреттер банкасынан», «Біздің банкаға» суреттерді толық салады. Сары – Бір-екі суретті дұрыс орындамайды. Қызыл –Бір немесе екі суретті ғана дұрыс орындайды. ҚБ: «Жүзімнің түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – Барлық тапсырманы толық орындайды. Сары –Бір-екі жарық түрін ажырата алмайды. Қызыл –тапсырманың шартын түсінбей, орындау барысында шатастырады. ҚБ «Шабдалы түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – зерттеу ережесін сақтай отырып, жұмысты дұрыс орындайды. Сары –қораптың қабырғасындағы сөздерді толық оқи алмайды. Қызыл –қораптың қабырғасындағы сөздерді көре алмайды. ҚБ «Шиенің түстері» арқылы бағаланады. Жасыл – жұмбақтардың мағанасын түсініп, шешуін табады. Сары – жұмбақтардың мағанасын түсінеді, бірнеше жұмбақтың шешуін таба алмайды. Қызыл –көптеген жұмбақтың шешуін таба алмайды. Кері байланыс: «Себеттегі жемістер» әдісі арқылы жүргізіледі.Оқушылар түсінгендеріне байланысты себеттерге көкөніс, жеміс, жидектерді салады. Көкеністер: Жаңа сабақты түсіндім. Мысалдар келтіре аламын. Жемістер: Жаңа сабақты түсіндім, бірақ әлі де сұрақтарым бар. Жидектер:Жаңа сабақтың көп кезеңдерін түсінбедім. Көмек күтемін. |
Денсаулық сақтау барысында ынтымақтастық ахуал туғызу үшін шаттық шеңберіне тұрғызылады. Ортақ тақырыпқа байланысты «Тәні саудың -жаны сау» атты сергіту сәті жүргізіледі.
Тапсырмалар орындау барысында партада түзу отыру ережелерін сақтау, қолшаммен жұмыс істегенде жарықты балалардың көздеріне түсірмеу ескертіледі.
|
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз
|
|||||
|
|
||||||
|
Жалпыбаға
Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарданегекөңілбөлуқажет?
|
||||||

ұрақтар жазылған
парақшалар






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген