15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Жастық жігерім - жақсылыққа"
Құрастырушы: ҚабдиЖадыра Сансызбайқызы
«Жастық жігерім – жақсылыққа» атты өзін-өзі тану пән элементтері қолданылған жас педагогтарға арналған қалалық семинар жоспары
Семинар мақсаты: Жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екендігін сезіндіру. Жастық жігерді білім алуға жұмсаудың маңыздылығын айта отырып, әр жас адам өз жолын дұрыс таңдаған адамның болашағы жарқын,мақсаты айқын болатындығын өзін-өзі тану пән элементтерін қолдану арқылы ұғындыу.
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интерактивтік тақта, слайд, видео –ролик,акварелдер, ватман, шарлар |
Семинар барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т.ережесі(тәртіп; талап; тыныштық; тазалық;татулық) Сәлеметсіздер
ме, құрметті семинарға
қатысушы қонақтар?!
Бүгінгі «Жастық
жігерім – жақсылыққа»
атты коучинг
сабаққа қош келдіңіздер! "Жастық шағың - жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі", - деп Сәбит Мұқанов атамыз айтқандай, бұл кезең әрдайым қызғалдақ құлпыратын шақ. Бірақ та, сол қызғалдақты дұрыс жайната білу қажет, яғни теріс жолға салынбай, тура жолдан таймай әрқашан тек алға ұмтылу – жастық шақтағы еске сақтар бірден-бір міндет. Бұл дәуренде барлығы қайратты, қуатты болады. Сондықтан да осы жігерлі уақытымызды пайдаланып, ең алдымен – өзіне, өзін-өзі дамытуға көңіл бөлейік. Қысқаша айтқанда, бақыт кілті - әр адамның өз қолында. Сол себепті, қамшының сабындай алтын ғұмырымыздың құлпырған бәйшешектей аз ғана мезгілін құр бос өткізбегеніміз абзал. Шығыстың ұлы ақыны Саади: "Адам әрбір секундта бір дем алады..." деген екен. Ал сол дем алудың біздің өмірімізде қаншалықты санаулы екенін ұмытпауымыз қажет.
|
Баяу музыка қосылып тұрады
|
2.Тыныштық сәт. «Нұрға бөлену» Тыныштық сәтi.«Нұрға бөлену»Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу үстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрадан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәуелесі сіздіңбойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Енді көзіңізді ашуға болады
|
|
4. Семинардың дәйек сөзі: "Жастық шағың - жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі" Сәбит Мұқанов Жастық шақтың құлпырған жаз секілді әдемілігін,көздеген мақсатқа жету үшін әр нәрсені өз уақытында қажет екенін ұғындыру. Талдау,түсіндіру.
|
|
5.Топтарға бірігу. Барлық семинар қатысушыларына арнайы конфеттерден жасалынған торт ұсынылады, сондағы түстерге байланысты 3 топқа бөлінеді |
Қолдан жасалынған торт |
6.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 3 топқа ортақ ватман беріледі және әр қатысушыға жеке акварель бояумен қыл қаламдар ұсынылады, әр қатысушы ватманның өзіне тиесілі шетіне қалауларынша, көңіл-күйлерін білдіретін суреттер салады. 5 минут уақыт өткен соң әр топтан 2 адам шығып топтағы жұмысты жоба ретінде қорғайды. Тақырыптары тек сурет салынып, постерді қорғауға шыққан кезде айтылады. Берілген тақырыпқа сай среттерді жүйелеп қорғау талап етіледі. Бірінші топ: Жас адам өміріндегі жұмысы Екінші топ: Жас адам өміріндегі отбасы Үшінші топ: Жас адам өміріндегі өзін-өзі дамытуы |
Ватман, акварель бояу |
Семинарға қатиысушылар дөңгеленіп, қол ұстасып тұрады. Жүргізуші шеңберге үрілген шарды лақтырады, қатысушылардың міндеті шарды жерге түсірмеу. Уақыт өткен соң 2-ші, 3-ші арларды жібереді. Ойын солай жалғасып, семинар қатысушылары сергіп алады. |
Үрілмелі шарлар |
|
|
Бейне-ролик жөнінде қатысушылардың ойын сұрау |
Бейне-ролик |
Қатысушыларға алдын-ала дайындалған анкета форматында бланкалар үйлестіріледі. Әр қатысушы жеке орындайды. Мен........................................................................... Жасым ........... қазіргі уақытта бақытты (ұстазбын, анамын, жармын т.б.) ..................................................... Осы жасыма дейін мен мынандай жетістіктерге жеттім (менде бар): -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... Алдағы 5 жылда менде міндетті түрде болады, мен қол жеткіземін: -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... -............................................................................... Менің қолымнан барлығы келеді, ойлаған арман тілектерім орындалады! Маған СӘТТІЛІК! Толтырып болған соң рефлексия есебінде, қалаған қатысушы оқып береді.
|
Баяу әуен |
Әні: Серік Сейітман Сөзі: Сәкен Дәрібаев |
Интерактивтік тақтада әуен жүріп тұрады |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген