Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жасыл экономиканы дамыту – болашаққа сәтті қадам" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жасыл экономиканы дамыту – болашаққа сәтті қадам

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.ТБ1.7 Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Сабақтың мақсаты:

Септеулік шылауларды біле отырып, ұсынылған тақырып аясында ауызша, жазбаша жұмыстарда орынды қолдану

Ресурстар

/egov.kz/ сайтынан ақпараттар аламыз.

Бағалау критерийлері:

Мәтін мазмұнын түсінеді,

Тақырыпқа сай өзіндік ой ұсынады;

Баяндауда, жазба жұмысында септеулік шылауларды қолданады.


Дескриптор

- Мәтін мазмұнын түсінеді;

- Фактілерді тауып, көзқарастарын білдіре алады;

- Ойын көркем тілде жеткізеді.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар:

Жасыл экономика, негізгі бағыттар, энергия көздері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,ауыл шаруашылығы, қалдықтарды басқару жүйесі,су қорларын басқару, «таза» көлік, экожүйелерді сақтау

Құндылықтарды дарыту

Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Геометрия, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы

7 минут


Оқушылармен амандасып, оқу құралдарының түгел екендігіне көз жеткізген соң топқа бөлу.

Жасыл түсті әртүрлі фигуралардың қиындыларын таңдатып, толық фигура құрату.

Shape2 Shape3 Shape1




Адасқан әріптер арқылы тақырыпты болжайды.

СЖАЛЫ ИОКАОНКМЭ (Жасыл экономика)

Оқушылардың ол туралы не білетіндігін сұрау қажет.

(Осы жерде топқа бөлінген кезде фигуралардың бірыңғай жасыл түс екендігіне назар аудартуға болады)

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

Сабақтың ортасы

7 минут

















10 минут


























































15 минут









2 минут

Тақырыпқа қатысты мәтін таратпас бұрын мұғалім оқушылармен бірлесе отырып септеулік жалғалулар және олардың түрлері туралы талқылайды.

Септеулік шылаулар - белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық, т.б.) мән үстеп, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстыратын шылау түрі. Септеулік шылаулар септеуліктер деп те аталады.

  1. Атау септігіне қатысты септеуліктерТуралы, арқылы жайлы, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын, жайында Мен күн сайын таңертең жүгіріп тұрамын.
    2. Барыс септігіне қатысты септеуліктерДейін, шейін, қарай, тарта, таман, жуық,салым Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.
    3. Шығыс септігіне қатысты септеуліктерКейін, соң, әрі, гөрі, бері, бұрын Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.
    4. Көмектес септігіне қатысты септеуліктерБірге, қабат, қатар Мен әкеммен бірге жұмыс істедім.

  • 1-тапсырма. ТЖ.

  • Топтарға тақырыпқа қатысты мәтін таратылады. Мәтін мазмұнын топпен талдап, негізгі ақпаратты постерге түсіреді. Баяндау барысында септеулік шылауларды қолданады.

  • 1-топ. «Жасыл» экономика дегеніміз не?

Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

  • 2-топ. «Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет.

Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

  Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы

Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр.

3-топ.Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру

Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған.

Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.

Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту

Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.

Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару

Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

Мәтін мазмұнын түсінеді,

Баяндау барысында септеулік шылауларды қолданады

- Мәтін мазмұнын түсінеді;

- Ойын көркем жеткізеді;

- кем дегенде 3 септеулікті орынды қолданады.

2-тапсырма. ЖЖ.

GROW моделімен жұмыстану. Оқушылар мәтіндерден алған ақпаратын жүйелей отырып, өз ойын жазады.

G-мақсатым не?

R- қазір ол қандай жағдайда?

O- қандай мүмкіндіктер ұсынар едің?

W- Нақты іс – әрекетің қандай?

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

Тақырыпқа сай өзіндік ой ұсынады;

Жазбасында септеулік шылаулар қолданады

- Тақырыпты түсінеді;

- Өз ойын көркем жеткізеді;

- Кем дегенде 3 септеулікті орынды қолданады.

Қалыптастырушы бағалау:

Мұғалім жарайсың, өте жақсы,керемет сөздерімен бағалайды;

Топта жасаған жұмыстарына пікір білдіру арқылы өзара бағалау жүреді;

Дифференциация.

А деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын жақсы біледі; факт келтіреді; көзқарасын көркем тілде жеткізеді, септеулік шылауларды баяндау барысында орынды қолданады, тақырыпқа қатысты негізгі мәселені анықтап, мақсат қоя алады, шешу жолдарын нақты көрсетеді.

В деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын жалпы біледі; факт толық келтірмейді, көзқарасын түсінікті жеткізеді, баяндау барысында септеулік шылауларды орынды қолданады.

С деңгейіндегі оқушы мәтін мазмұнын дұрыс түсінбейді; факт келтіре алмайды, көзқарасын жеткізуде қиналады, септеулік шылауларды тек санамалап бере алады, баяндау барысында қолдануда қиналады.

Сабақтың соңы



«3Қ» әдісі бойынша кері байланыс береді.

Қызық

Қажет

Қиын

Қосымша ақпараттар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
598
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12