Материалдар / Ашық сабақ Жасуша құрылысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Жасуша құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2021
431
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биология пәнінен 8 сыныпқа арналған ТIMS тапсырмалары

Жаратылыстану бағытындағы PISA 8 -9 сыныбында оқушының функционалдық сауаттылығына, жан-жақты болуына, өзінің ісіне сыни көзқарас қалыптастыра алуына жағдай жасайды. Оқушының білім, білік, дағдылары ерекшеліктеріне сәйкестендіріп биологиядан 6 деңгейлі құрылымын айқындайтын тест тапсырмаларын құрастырып және шешу жолдарын ұсынып отырмын.



Тақырыбы: Қан (Денсаулық )

1 тапсырма Кан жасушаларының атауын суретпен сәйкестендіріңіздер.


  1. 2- 3-

  1. Эритроцит

  2. Лейкоцит

  3. Тромбоцит

1 ұпай

Жауабы: 1-С, 2-А, 3-В

2 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «безгек» мәтінін пайдаланыңыздар.


«БЕЗГЕК»

Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі. Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған. Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.

Сұрақ:

Адам бұл мәтінді оқып, былай ойланады: «Безгек – халықтың денсаулығына қауіп-қатер болып табылады». Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.


  1. Иә

  2. Жоқ

2 ұпай

Жауабы: Иә. Себебі, 1) Безгек — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. 2) Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады.



3 тапсырма «Безгек» қандай қан жасушасында тез таралады.

  1. Лейкоцит

  2. Эритроцит

  3. Қан жасушалары

  4. Тромбоцит

1 ұпай

Жауабы: В

4 тапсырма

Біздің Қазақстанда масалар жаз мезгілінде көп болады. Адамдарды масалар шаққанда

неге осы ауру бізде тіркелмейді. Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.

2 ұпай

Жауабы: 1) Бұл ауру безгек масасының шағуынан жұғады . Мұндай маса бізде кездеспейді. 2) V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда тараған. Қазақстан қоңыржай аумағында орналасқан



5 тапсырма Безгек ауруы адамнан адамға қалай жұғады және алдын алу шаралары.


Жауабы: 1) Безгек масасы безгек аурумен ауратын адамды шағып, содан кейін сау адамды шақса жұғады. 2) Алдын алу шарасы: вакцина салу.

2 ұпай

6 тапсырма Безгек паразиті-қантұрғыннан басқа ауру тудыратын қарапайым туралы әнгімеле.

2 ұпай

Жауабы: ДИЗЕНТЕРИЯЛЫ АМЕБА

Дизентериялы амеба, адамда қанды iш өтудi тудыратын дизентерияның қоздырушысы болып табылады. Амебаның гаметалары адам нәжiсiмен сыртқы ортаға түсiп, ұзақ уақыт бойы тiршiлiгiн сақтайды. Адам организмiне түскен төрт ядролы гаметалар өте қауiптi. Гаметалар суға, көкөнiстерге, қолға, асқа (тамаққа, шыбындар арқылы түседi), түрлi заттарға түседi, сонан соң адамның аузына түседi. Осы заттармен олар қарын мен iшекке барады. Бұл ортада гаметаның қабығы еридi. Әр ядро екiге бөлiнiп, сегiз ядролық амебаны түзейдi, одан ұрпақ жасушалар пайда болады.

Амебалар адамның тоқ iшегiнде ешқандай зиян келтiрмей тiршiлiк ете алады. Бiрақ кейбiр жағдайларда амебалар ұлпалық патогендi түрлерге айналып, iшектiң қабырғасына енiп қабыну процесi мен жаралардың түзiлуiн тудырады. Дизентериялы амебалар жаралардан қан арқылы бауырға, өкпеге, миға және де басқа мүшелерге өтiп, адам өлiмiне әкелетiн, iрiңнiң жиналуын тудыра алады.

Құрастырушы : №4 ЖББОМ биология пәнінің мұғалімі А.С.Рахимова



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!