400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жауын-шашын. Суды қорғау 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдері үшін керек, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану жолын білуге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Дүниетану

(3-сынып)

Б. К. Дұрысбаева

Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі



Тақырыбы: Жауын-шашын. Суды қорғау


Мақсаты: Жауын-шашынның пайда болуы және тіршілік үшін маңызды екенін түсіндіру. Су ресурстарын қорғау жолдары жайлы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:

1) Жауын-шашынның бірнеше түрлерін салыстырып, оның қалай қалыптасатындығына жорамал жасау.

2) Жауын-шашынның ауа температурасын тәуелділігін анықтау.

3) Мәтіндегі жұмбақтармен өз білімдерінің сәйкестілігін тексеру.

4) Ауыз су ресурстарын және көздерін атап шығу.

5) Суды қорғаудың қажеттілігін анықтау.

7 модульдің қолданылуы: «АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Кім жылдам, Жигсо, миға шабуыл, ББҮ кестесі, топтастыру, ыстық орындық

Қолданылатын ресурстар: А3 форматы, маркерлер, стикерлер, интербелсенді тақта


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.

Қане, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық! Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты.

Топқа бөлу: Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

I топ «Жаңбыр»

II топ «Қар»

III топ «Бұршақ»

- Сабақ кезеңдері:

Қызығушылықтарын ояту

Үй тапсырмасын сұрау

«Миға шабуыл»

Жеке жұмыс

Жұмбақты шешіңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Табиғаттағы су. Бұлт және тұман»

- Мазмұнын сұрау

- Сиқырлы сандық сұрақтары:

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жұмбақты шешіңдер. (Жұмбақ шешуінің суретін салғызу.)

1. Жалт-жұлт етеді,

Ұстасаң еріп кетеді. (Қар)

2. Жерге тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады.

Шешуін кім табады. (Жаңбыр)

3. Аспаннан әлек салып,

Тарыдай шашылады.

Күн шықса қорқып қалып,

Жылғаға асығады. (Бұршақ)

- Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер?

- Олардың арғы атасы не? (Су)

- Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жауын-шашын. Суды қорғау»

Сабағымыздың мақсаты: Жауын-шашынның пайда болуы және тіршілік үшін маңызды екенін түсіндіру. Су ресурстарын қорғау жолдары жайлы түсінік беру.

- Мұғалім түсіндірмесі. Мультимедиялық тақтадан жаңа сабақ түсіндіріледі.

Құрлық бетіне түскен жаңбырдың біразы сіңіп, жер асты суларын құрайды. Жиналған су енді еңіс жаққа қарай жылжып, өзен жағасында, сай табанында бұлақ түрінде ағып шығады. Бұлақ ылдиға қарай бір ізбен ағады. Оны жылға дейді. Жылғалар өзенге айналады. Өзеннің ағып шығатын жерін бастау дейді. Өзен ойысты бойлап ағады. Оны арна дейді. Жолда келіп қосылған ұсақ өзендерді саласы дейді. Көлге, теңізге қосылатын жерін сағасы дейді.
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.

1) Өзеннің бөліктерін слайдпен көрсетіп, түсінік беру.
Жылға. Бастауы. Арна. Саласы. Сағасы. (Дәптерге жаздыру)
2) Баяу ағатын өзендер: Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс.
3) Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді.
Көлдер тұщы немесе тұзды болуы мүмкін.
Қазақстанда тұзды көлдер:
Каспий, Арал, Балқаш - жартылай тұщы, жартылай тұзды.
Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.
5) Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады. Оларды жасанды көл дейді.
Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді. Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.
Слайдпен жұмыс:

2) Суреттерге назар аудару. Суды ластайтын көздерді анықтау. Судың ластануы туралы әңгімелесу.

3) Суды қорғау белгілерімен танысу. Тісті тазалау туралы практикалық жұмыс. Тісті тазалағанның өзінде суды үнемдеуге болатындығына көңіл бөл. Суды үнемдеу жолдары туралы әңгімелесу.

- Оқулықпен жұмыс:

1) Мәтінді оқу. Оқығанды талқылау.

- Қандай табиғи құбылыстарды білесіңдер? (жаңбыр, қар, бұршақ, мұздақ жауды, күн бұлттанады, тұман түседі)

- Бұлар қалай пайда болады?

Топпен жұмыс жасау:

Үш топқа тапсырмалар беріледі, яғни оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу.

«Ыстық орындық» әдісі

Жаңа сабақты төрт бөлімге бөліп 3 топқа оқыту. Жұптар өзара бір-біріне түсінгендерін айтып талқылайды.

Топ ішінен бір оқушы шығып ыстық орындыққа отырып түсінгенін ортаға салады.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді.

Қазақстанда 85 мың өзен бар. Жазық жердегі өзен баяу ағады. Тау өзенінің ағысы қатты болады.

Дәптермен жұмыс:

Су – табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі

Оқушылар дәптерлеріне берілген тапсырманы сауатты орындайды.

ІҮ. Сергіту сәті:

Ал, қазір денемізді сергітіп алайық. Ол үшін «Жаңылыспай қайтала» ойынын ойнаймыз. Мен айтқан сөздермен қимылдарды орындаймыз. (Қимылды тез-тез қайталайды.)

Күн күркіреді. (Аяқпен еденді тарсылдату)

Найзағай жарқылдады. (Қол шапалақтау)

Жаңбыр жауды. (Партаға саусақтарымен тықылдату).

Жаңбыр басылды, күн шықты. (Дөңгелетіп күнді көрсету).

Сонымен, біз жаңа табиғаттың қандай құбылыстарын бейнеледік. (Жаңбырдың жаууын.)

Ү. Бекіту: Шығармашылық тапсырма:

- Жердегі тіршілік сан алуан табиғат құбылыстары сумен байланысты екенін әңгімеле.

Су анасы – бұлақ.
Сусыз жер – нусыз жер
.
Су жүрген жер береке
.
Су ішкен құдыққа түкірме
.
Судың да сұрауы бар
.
Өзен жағалағанның өзегі талмас
.
- Жаңа білімді меңгерту: «Қызық дерек»

Бір бөлке нан болатын бидайды өсіруге 200 л су қажет.
Бір литр мұнай алу үшін 10 литр су қажет
Бір тонна көмір өндіру үшін 6 тонна су, 1 тонна мақта өсіру үшін 200 тонна су, 1 тонна мыс өндіру үшін 5000 тонна су қажет.

Басқа қажетіне 10 литрден асады.
Жер бетін төрттен үшін су алып жатқанымен су жетіспейді.
- Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-ші топ: Жауын шашын түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық және қырау.

2-ші топ: Судың қасиеті: мөлдір, түссіз, иісі және дәмі болмайды.

3-ші топ: Судың күйлері: сұйық, қатты және газ тәріздес

1. Күн суытқанда су неге айналады? 
а) Бу
ә) Ауа б) Мұз 
2. Судың қасиетін белгіле. 
а) Қатты
ә) Мөлдір б) Қант
3. Судың сұйық күйін белгіле.
а) Мұз ә) Су б) Бу 
4. Жауын –
шашын түрі:
а) бұршақ ә) тұман б) бұлт
5. Жаңбыр бұлтына айналатын бұлт түрі:
а) шарбы бұлт ә) будақ бұлт б) қабат бұлт

ҮІ. Қорыту: Мұғалімнің әңгімесі.
Судың жетіспейтініне екі себеп бар:
1) 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суы, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді.
2) Адам суды табиғаттан таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады.

Судың ластануы: Көң, Жануарлардың өлекселері, Қоқыс, Күл төгу
Су қоймаларын қорғау туралы Заң қабылданған:
Заң бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек.

- Жаңа сөздерді үш тілге аудару:

Жаңбыр – дождь – rain Қар – снег – snow Бұршақ – град – hailstones

- Постер қорғау: «Суды қорғау» тақырыбында.

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Жауын-шашын. Суды қорғау» мазмұндау, «Егер мен табиғатты қорғау министрі болсам ...» эссе жазып келу

ҮІІІ. Бағалау:

ІХ. Рефлексия: Стикерлерді толтыру. «ББҮ» кестесінің үйренгім келеді бөлігін оушылар стикерге жазып іледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі