400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жазбаша көбейту және бөлу 178*4 және 712:4

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәні:Математика Сыныбы:3«г» Мерзімі: 02.05.2018 Сабақтың тақырыбы: жазбаша көбейту және бөлу 178*4 және 712:4 Сабақтың мақсаты: үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлумен жұмысты жалғастыру. Міндеттері: Білімділік: Көбейту және бөлу тәсілімен берілген есептерді шығара отырып оқушыларға білім беру; Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,сауатты есеп шығаруға тәрбиелеу; Күтілетін нәтиже: тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады; мазмұнын ұғына алады; өз ойларын еркін жеткізе біледі; кластастарымен қарым-қатынасы қалыптасады; сындарлы сөйлей білуге ынталанады; Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысына ойлау, миға шабуыл, топтық жұмыс, сұрақ - жауап Сабақтың көрнекілігі:бағалауға арналған сигнал таяқшалары,бағалау парақтары, үлестірмелі карточка,ватман,маркер,слайд, қанатты сөздер т.б Сабақтың типі: бекіту және білімді жүйелеу Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Математика

Сыныбы:3«г»

Мерзімі: 02.05.2018

Сабақтың тақырыбы: жазбаша көбейту және бөлу 178*4 және 712:4

Сабақтың мақсаты: үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлумен жұмысты жалғастыру.

Міндеттері:

Білімділік: Көбейту және бөлу тәсілімен берілген есептерді шығара отырып оқушыларға білім беру;

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,сауатты есеп шығаруға тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже: тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады; мазмұнын ұғына алады; өз ойларын еркін жеткізе біледі; кластастарымен қарым-қатынасы қалыптасады; сындарлы сөйлей білуге ынталанады;

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысына ойлау, миға шабуыл, топтық жұмыс, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі:бағалауға арналған сигнал таяқшалары,бағалау парақтары, үлестірмелі карточка,ватман,маркер,слайд, қанатты сөздер т.б

Сабақтың типі: бекіту және білімді жүйелеу

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Оқушыларға психологиялық дайындық жүргізу

Сайыстың жоспарымен таныстыру

І. Мұғалім сөзі:

Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!

Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қостаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың атасы

Математика пәнінен

Сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6. 111 бет. Үй жұмысын тексеру,

балалар өз беттерінше дәптерлерін ауыстыра отырып тексерді.

Жүздіктерін ,6- ға бөлгенде қалдық қалатын сандарды теріп жаз.

762, 726

ІІІ. Білімін тексеру:

Көбейту , бөлу кестесі бойынша ауызша есептеулер.

200:5= 40 100 ∙3 = 300 40 ∙ 3 = 120  120*3=360

ІV. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Мұғалім: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Мұғалім: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек. Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)

2 «Білгенге маржан»

3«Кім жылдам?»

4 «Ойлы болсаң озып көр»

5«Ойлан, тап!»

6 «Жүзден жүйрік»

7. «Бәйге»

Топпен бөліп отырғызылды,топ түстер арқылы бөлінді.

Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудармас бұрын топқа бөлеміз:

Зерек

Жігер

Білім

Ойшыл топ бойынша жұмыс жасап бір-бірінің жұмыстарын тексеріп өз бетінше жұмыс жасауға,бағалауға үйрету.

Мұғалім сөзі:Бағдарлама бойынша І кезең «Кел танысайық».

Сайысқа қатысушы топтарды таныстырып, оларды ортаға шақырайық.

1« Кел, танысайық!»

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын, достарым,

Осылайша шабытпен

Қане, енді бастайық!

1-топ: « Зерек» тобы

Топ басшысы: Жақсынбетов Әлихан

Біздің ұран: « Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»

2-топ: « Жігер» тобы

Топ басшысы: Баяхметова Аружан

Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

3-топ: « Білім» тобы

Топ басшысы: Абзалбеков Бақдәулет

Біздің ұран «Білімдіге дүние жарық»

4-топ: « Ойшыл» тобы

Топ басшысы: Төлеуқасымова Балнұр

Біздің ұран «Оқу - білім азығы»

Бейнежазба: «Топтың тәртіп ережелері»

Топ басшыларына бағалау парағы ұсынылады.

2.«Білгенге маржан»

ІҮ. Жаңа сабақ .

Жазбаша көбейту тәсілін қолданғанда, бірліктерді санға, ондықтарды санға, жүздіктерді санға жеке көбейтеміз. Баған түрінде көбейтуді кіші разряд-бірліктен бастаймыз. Бөлуді үлкен разрядтан бастаймыз. (бұрыштап)

№1. а) Өрнекті оқы: 176*4. Жазуды пайдаланып, көбейту қалай орындалғанын түсіндір.

ә) Өрнекті оқы: 704:4. Жазуды пайдаланып, бөлу қалай орындалғанын түсіндір.

Shape1 Shape2 × 176 × 176 - 704 4 - 704 4

Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 4 4 4 176 30 176

Shape7 + 24 704 30 24

Shape8 280 28

Shape9 + 400 24

Shape10 Shape11 704 24

0

Бейнежазба: Жазбаша көбейту мен бөлу

3«Кім жылдам?» Шығар және тексер:

Қадірін білсең егер сен,

Қол ұшын берер ол саған

Есептеп жүрсең бәрін де,

Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық.

1-топ: « Зерек» тобы

2-топ: « Жігер» тобы

3-топ: « Білім» тобы

4-топ: « Ойшыл» тобы

134*3=402

501:3=167

804:6=134

135*3=405

903:7=129

113*8=904

504:3=168

144*7=1008


4 «Ойлы болсаң озып көр»

Оймен кәне көк теңізін кешіңдер,

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.

Айтылғанда математикалық есептер

Зейін салып зердеменен шешіңдер

1-топ: « Зерек» тобы

2-топ: « Жігер» тобы

3-топ: « Білім» тобы

4-топ: « Ойшыл» тобы

(239-119)*3=360

(39-119):3=40

(101+111)*4=848

(101+111):4=53


5«Ойлан, тап!»

Кітап алып қолына,

Берілген ғылым жолына,

Кітап алып қолына,

Тапсырма шешу түк емес,

Осы отырған топтарға

1-топ: « Зерек» тобы

2-топ: « Жігер» тобы

3-топ: « Білім» тобы

4-топ: « Ойшыл» тобы

149*3 =100*3+

40*3+9*3

225:5 > 200:5+

20:5

(400+40+8):8 > 400:8

(300+40+9)*2 > 309*2


Сергіту сәті. Қостық біз, көбейттік біз, Қимылдасын қол-аяқ.

Қатты шаршап кеттік біз. Терең демді алайық,

Кәне, тұра қалайық, Орнымызға отырып,

Кірпікті де қағайық, Сабаққа назар салайық.

6. «Жүзден жүйрік» Жүздіктері мен ондықтары 6-ға бөлінетін сандарды теріп жаз. 664,646,466,464,446,667

Математика сырлары,

Қызықтырады біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді

664, 667

7«Бәйге»

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына –дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сынға түседі.


1-топ: « Зерек» тобы

2-топ: « Жігер» тобы

3-топ: « Білім» тобы

4-топ: « Ойшыл» тобы

104*2=208

204*2=408

304*2=608

404*2=808

208:2=104

408:2=204

608:2=304

808:2=404

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 2. 112 бет.

№2. а) Есепті шығар.

Бір жұмысшы 3 сағатта 15 бұйым, ал екіншісі 4 сағатта сондай 16 бұйым жасайды. Екі жұмысшы бірігіп, бес сағатты осындай барлығы неше бұйым жасайды?

Рефлексия «Білім ағашы»

1) бүгінгі сабақта ең бірінші не ұнады?

2) не ұнаған жоқ?

3) өзің жаңадан не білдің?

4) алған әсерін қандай?

5) маған ұсыныс, тілек.

ҮІІІ.Бағалау.

Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста

-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын  атап өтсек.  Оқушыларды мадақтау.

Математика-толған тәртіп, мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңдылық пен сән

Математика-толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі